Циклы Авторы Сортировка

1 аят

1 535
12 мая, 17
Кіріспе
 
«Хужурат» сүресі қасиетті Құран Кәрімнің 26-шы парасынан орын алған. «Хужурат» حجورات  деген сөз «хужра»  حجرةяғни, бөлме сөзінің көпше түрі. Сол себепті, сүренің аты «Хужурат», яғни, «Бөлмелер» деген мағынаны білдіреді. Бұл сүренің «Бөлмелер» деп аталуының себебі, сүреде Мұхаммед пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайларының бөлмелері жайлы айтылады. «Хужурат» сүресі – пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Нұрлы Мәдинада уахи етілгендіктен, Мәдиналық сүрелердің қатарына жатады. Алла Тағала бұл сүреде бірнеше мәселелердің ескерілуі керек екендігін бұйырады. Солардың бірнешеуі мыналар:
 
1) әдеп (этикет)

2) қоғамдағы  қарым-қатынас мәселелеріндегі мінез- құлық

3) қоршаған ортада пайда болған келіспеушіліктерден шығу жолдары

4) мұсылмандардың ұлтына, түр-түсіне, әлеуметтік жағдайларына, ұстанған көзқарастарына қарамастан барлығының бірауыздылығы мен мұсылман үмметінің бірлігі
 
5) Жүректің қызғаныш, тәкаппарлық, қарғыс секілді дерттерінен айығуы мен ықыластылық арқылы өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгертудің маңыздылығы

Бірінші аят
 

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ


Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын)
 
﴾يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِهِ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴿۱

«Уа, иман еткендер! (Ойға берілгенде, сөзде һәм істе) Алланың және Расулының алдына шықпаңдар! Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, оған қарсы келуден қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Сәми` (бәрін естуші), Алим (бәрін білуші)».  
 
Алла тағала «Хужурат» сүресінде ең бірінші әдеп турасында сөз қозғайды. Иман келтірген мұсылман ретінде әдепсіздік танытудың хош көрілмейтін әрекет екендігін білдіреді. Қоршаған ортамыз бен сүріп жатқан өміріміздің өзі біздердің әрбір әрекеттеріміздің әдепке сай болуын талап етеді. Алла Тағала адам баласына тарту еткен иманның өзіндік әдептері бар. Иман дегеніміз – Алланың бар және бір екендігіне сену, Мұхаммедті, (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы пайғамбар деп мойындау және Жұмақ пен Тозақтың хақ екендігіне иман келтіріп қана қоюмен шектелетін нәрсе емес, оның да белгілі әдептері бар. Мәселен, бір кісі намаз оқыған кезде белгілі бір шарттарға негізделшен қимыл-қозғалыстарды ғана жасап қоймай, намазға қатысты болған әдептерін де сақтауы керек болады. Дәрет алу да сол сияқты, белгілі бір дене мүшелеріне су тигізу ғана емес, бұл амалды жасау барысында да өзінің әдебіне сай болуын да қадағалануы қажет. Бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынаста да әдеп сақталуы керек. Тек бұл ғана емес ерлі-зайыптылардың арасында, қоршаған орта мен араласып жүрген жолдас-жоралардың арасында да сақталуы тиіс болған әдептер бар.
 
Байқасақ, расында да, әдеп адам баласының мінез-құлқын кемелдендіріп, жүріс-тұрысын көркемдейтін ғажайып нәрсе. Мәселен, біреудің көлігінің моторы өте жақсы болғаныменен, сырланбаған болса, ұсқынсыз болып, көзге жағымсыз көрінері анық. Бәлкім, ол мотордың тартымы жақсы болар, бірақ, сырт пішіні ұсқынсыз болғандықтан құнын біршама төмендетіп тұрады. Адам да сол секілді, керемет дарын иесі болумен қатар жақсы істер жасауда алдына жан салмайтын жан болуы мүмкін, алайда, бойында кейбір әдепсіздіктер көрініп қалатын болғандықтан сырт көзге бойындағы қабілеті де, жақсы істерге деген ұмтылысы да түкке тұрғысыз болып қалады. Сондықтан да үлкен-кіші демей, әрқайсымызға әдептілікті үйрену маңызды істерден болып саналады. Алланың ардақты елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде
 
«Дін дегеніміз тұнып тұрған әдеп» деген.
 
Сондықтан, діннің әртүрлі салалары мен қыр-сырын, оның ішкі ережелерін, пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиырма үш жыл бойы атқарған пайғамбарлық міндетінің мазмұнын бір сөзге сыйдырып айтатын болсақ, тек қана Әдептілік деген болар едік. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болысын) тағы бір хадисінде «Мені Раббым тәрбиеледі, және тәрбием мен әдебімде ешбір нұқсандық болмады» деу арқылы, өзіне әдептің ең көркем түрін Алла Тағаланың үйреткендігін жеткізеді.   
 
Әдептіліктің қадірінің өте жоғары екендігін білген Абдулла ибн Мубарак (Алла ол кісіге рақым етсін) қандай да бір әдептілікке ат үсті қарайтын ғалымнан дәріс ала алмай қалғандығына еш өкініш білдірмейтін. Керісінше, білімі аз болса да, әдебі жақсы, мінезі көркем адам туралы естісе, немесе көрсе, ол кісінің соңынан қалмай, әдептілікті үйреніп алуға барын салатындығын айтқан.  
 
Әбу Ләйсә Самарқанди атты ғұлама: (Алла ол кісіге рақым етсін) «Діннің бес тармағы бар:
 
Біріншісі: Имандылық пен сенімділік.
 
Екіншісі: парыздар, яғни, орындалуы тиіс болған амалдар.
 
Үшінші: уәжіптер, яғни, орындалуы қажет болған амалдар.
 
Төртінші: сүннет және нәпіл амалдары, яғни, атқарылуы адамның ерік-қалауына қалдырылған амалдар.
 
Бесіншісі: әдептілік».
 
Ғұлама сөзін ары қарай жалғастырып: «Егер адам әдептілік мәселесіне өте мұқият және сақ қарайтын болса, онда ол кісі сүннет пен нәпіл амалдарды міндетті түрде тыңғылықты атқаратын болады. Мұндай әдепті кісілер сүннет пен нәпіл амалдарда сақ болғаны сияқыты, уәжіп амалдарын мүлде қалдырмайтын болады. Ал, уәжіптеріне сақ болған кісі парыздарға аса мән беріп, олардың орындалуына да сақтық танытады. Ал, кімде-кім парыздарды ұқыптылықпен орындайтын болса өзінің имандылығы мен сенімін күйшейтеді. Ал, қандай да бір адам іс-әрекеттеріндегі әдепке немқұрайлы қарап, оны сақтамайтын болса, уақыты келгенде сүннет мен нәпіл амалдарды орындаудан бас тартуы ғажап емес. Осылай кете беретін болса күндердің күнінде уәжіп пен парыз амалдарға да немқұрайлылық танытып, ақыры ол кісінің иманы әлсіреп, сеніміне селкеу түсіп кетуі мүмкін Сондықтан да иманымызды кемеліне келтіретін себептердің бірі болып саналатын әдептілікке өзімізді дағдыландырғанымыз дұрыс.
 
Адам баласының әдебі жақсы болса, иманының қуатты екендігін көрсетеді. Ал, әдебі нашар, мінезі ұнамсыз адамның иманы әлсіреп тұрады. Шейх Ашраф Әли Тәнуи (Алла ол кісіге рақым етсін) әдептілік жөнінде әңгімелей келе: «Уа, ағайындар! Құрметті халайық! Әдептілікті үйреніп, жан-дүниелеріңізді әдепті болуға баулыңыздар. Себебі, Алла Тағалаға деген сүйіспеншілікке тек әдептілік арқылы жете аласыздар!» деген екен.   

Хазірет Мұхаммед пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолына үңіле отырып, ол кісінің әдептілкке қаншалықты мән бергенін байқаймыз.
 
Бір замандарда әдептілікті өте жақсы білетін пайғамбар өзінің дәрежесіндегі әдептіліктен қиыс кеткен кезде Алла Тағала сол үшін оған ұзақ сапар шектірген екен. Ол пайғамбардың Мұса пайғамбар екендігі мәлім. Бір күні алқа қотан отырып алып дәріс өтіліп жатқанда,
 
- «Біздің арамызда кім көп біледі?» деген сұрақ сұралғанда Мұса пайғамбар
 
- «Мен білемін!» деп жауап қатады.
 
Ол кісінің бұлай деуі рас болатын. Алайда, көптің ортасынан суырылып шығып осылай айтқандығы үшін Алла Тағала ол кісіден де білімді кісі бар екендігін көрсету мақсатында, Қызырмен кездестіру үшін ұзақ-ұзақ сапар шектіреді. Бұл да әдептіліктен айнымау керек екендігіне бір ишарат болса керек.  
 
Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккелік кезеңде халықтың арасында көш бастап жүрген ақсүйектерідің иманға келулерін жан-тәнімен қалағаны сонша, бір күні соларға насихат айтып жатқанда қасына зағип сахаба Абдулла ибн Умму Мақтум келеді. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сахабаға беймезгіл уақытта келіп қалғандықтан мән бермей, ол кісіден теріс айналып, Меккенің көсемдерімен болған әңгімесін жалғастыра береді. Міне, осы кезде Алла Тағаладан пайғамбарымызға уахи келеді:
 
عَبَسَ وَتَوَلَّىٰ ﴿﴾ أَن جَاءَهُ الْأَعْمَىٰ

«Тыжырынып теріс айналды. Қасына бір зағип кісі келгені үшін (сөйтті)».
 
Демек, бұл жердегі әдептілік сол – бүкіл назарды Меккелік мүшірік көсемдерден бұрып, керісінше, шыншыл жандар мен адал сахабаларға көңіл  бұру керек екендігі. Алла Тағала әдептіліктің бұл түрін шұғыл түрде пайғамбарына (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол мезетте-ақ жеткізген еді.
 
Бірде пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ағасы Аббастан (ол кісіге Алла разы болсын) екеуінің қайсысы үлкен екендіктерін сұрайды. Әрине, жер бетіндегі ең абзал адамнан адамдық тұрғысында кім үлкен бола қойсын, алайда, бұл жерде жас шамасы туралы сұралған еді. Аббастың жауабы өте керемет, әрі әдепке өте сай түрде: 
 
«Менің ол кісіден жылым үлкен, алайда ілім мен ұлылық жағынан ол мені басып озады».
 
Ол кісінің осы сөзінен-ақ, өте салмақты әрі, сөзді тауып айтатын шешендігі мен әдептілігін аңғаруға болады.
Бір күні пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйінде отырған кезде Жәбир атты сахаба (ол кісіге Алла разы болсын) келіп есігін қағады. Пайғамбарымыз (ол кісіге оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
 
- Бұл кім? дегенде Жәбир (ол кісіге Алла разы болсын) өз есімін айтудың орнына, бұрынғы қоғамның әдетінше:
 
- Бұл мен,-деп жауап қатады. Сонда пайғамбарымыз (ол кісіге Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Менің кім?- деп біреудің үйіне кіруге рұқсат сұрай келген кісінің есімін айтуы керек екендігіне қатысты әдептілікті меңзейді.
 
Ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйінің іргесінде кішкене ғана саңылау бар еді. Күндердің бір күні ол кісі шашын тарап тұрады да саңлаудан әлдекімнің көз салып тұрғанын байқап қалады да ол кісіге реніш білдіріп:
 
- Неге үйге кіруге рұқсат сұрамайсың?- дейді.
 
Пайғамбарымыз, (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйге рұқсатсыз саңылаудан сығалап тұрған әлгі кісіге қолындағы тарағын лақтырып, көзіне қадап тастағысы келгендігін айтады. Ол кісінің бұл сөзінен кез-келген әрекеттегі әдептіліктің қаншалықты маңызды екендігін байқаймыз.
 
Шынымен-ақ, біз бұрынғы өткен ізгі адамдардың өмір жолына көз салатын болсақ, біздердің түсінуіміз қиынға соғатындай дәрежеде үлкен әдептілікке ие болғандықтарын көреміз.

Бірде бір кісі шейх Имдадулла Мәккиге (ол кісіге Алла рақым етсін) қара түсті аяқ киім сыйға тартады. Ол кісі сыйлықты қабыл алуын алса да, бірақ, киюден бас тартады. Мұның себебін ол кісінің өзінен сұраған кезде, Қасиетті Қағбаның жабуы қара түсті болғандықтан, бұл аяқ киімді киюді ерсі санайтындығын айтады. Себебі, бұл кісінің әдептілігінің деңгейі сондай болатын. Шариғатта рұқсат берілмегендіктен емес, тек ол кісінің жай ғана әдебі солай еді. Бұл оқиғаны естіп алған ағайындар қара түсті аяқ киімдерін лақтырып жібермесін. Тағы да қайталап айтамыз, бұл әдептіліктің дәрежесін көрсетеді.

Деобанд Ислам университетінің негізін қалаушы шейх Қасым Нанотуи (ол кісіге Алланың рақымы болсын) үлкен әдеп иесі болған. Бір күні шейх Яқубтан (ол кісіге Алла рақым етсін) шейх Қасымның (ол кісіне Алла рақым етсін) өз замандастарынан білім және басқа да мәселелерде қалайша басып озғандығының мән-жайын сұрағанда, шейх Яқуб (ол кісіге Алла рақым етсін) бойындағы аталған қасиеттерден басқа үлкен әдепке ие болғандығын айтады. Ұстаздарға құрмет көрсетіп, үлкендерге ізет білдіруде әдептіліктен тайынбағандығы үшін ол өзгелерден оқ бойы озық болған.
 
Бірде шейх Қасымға (ол кісіге Алла рақым етсін) Танабоуаннан бір адамның келгенін жеткізеді. Келген кісі жоғары мәртебелі емес, қатардағы қарапайым кісі болатын. Мұны естіген шейх әдептіліктен айнымай келген қонақты өзі орынан тұрып қарсы алып, оған ерекше ілтипат көрсетеді. Себебі, шейх Қасымның рухани ұстазы Танабоуанның тумасы еді. Ұстазының жерлесіне деген құрметі арқылы ол кісінің әдептілігін байқаймыз.
 
Шейх Зәкәриянің (ол кісіге Алла рақым етсін) өмірбаянын оқуға баршаңызға кеңес беремін. Ол кісінің сондай биік дәрежеге небір ауыр жолдармен жеткендігіне сөзсіз таңғалып, қайран қаласыздар. Ол кісінің бойындағы жақсы мінез-құлықтың негізінің қалыптасуына әкесі шейх Яхияның (ол кісіге Алла рақым етсін) әсер еткен. Ол кісі баласын ең алдымен әдептілікке баулыған. Шейх Зәкәрияның өмірбаянын оқи отыра әдептіліктің расыменде керек екендігін, балаларымбен бірге өзіміздің де әдепті қалай үйренуіміз керектігі жайлы ойға шомарымыз хақ.
Бір күні шейх Зәкәрияға (ол кісіге Алла рақым етсін) анасы кішкене жастық тігіп береді де, Зәкәрия сол жастыққа қатты бауыр басып қалады. Перзенттердің аналары жасап берген заттарын көзіндей көріп, бауыр басып қалатын қасиет бұл кісіні де айналып өтпейді. Бір күні әкесі демалысқа келеді де, әлгі жастықты беруін сұрайды. Анасы тігіп берген астықты қатты жақсы көретін бала әкесіне жастықты пайдаланып болған соң қайтарып беруін, себебі ол өзінің заты екендігін айтады. Сонда әкесі баласын салып жіберіп, «енді ол жастықты қайта алмайсың» деп зекіп тастайды. «Кіп-кішкентай болып алып, бұл зат менікі деуін қарашы мұның» деп ұрсады. Бала көңіл алабұртып, мұндай сөздерден кейін өзін қоярға жер таппай қысылып қалады. Алайда, уақыт өте келе болашақ шейх әкесінің тәрбиесіндегі даналықтың астарын түсінеді. Ақыры айналасындағы қандай нәрсе болса да, «өзімдікі», «менікі» деп санамай, барлығы да Алла Тағаланың нығметі деп білетін болады. Қазіргі таңда біздер үшін де осындай тәрбиенің қажет екендігі жасырын емес. Шама-шарқымыз жеткенше осындай қасиетке өз-өзімізді әдеттендіруге тырысуымыз керек.
 
Бірде бір патша перзентін рухани ұстаз болған, үлкен бір ғалымға жібереді. Патшаның баласы ғалымның қасында бірнеше күн болады. Бір күні патша әлгі ғалымның атқа мініп алып, ал, баласы артында жаяу ілбіп келе жатқанын көреді де: «Мен – патшамын, ал, ұлым болса – ханзада. Солай бола тұра ол ұстазының артында келе жатқаны несі. Тым болмаса ұстазымен қатар жүрсе болар еді, болмаса атты ұлыма бергені дұрыс болар еді. Қанша дегенмен ол ханзада ғой» деген ойға кетеді.  Патша бұл көрініске шыдап тұра алмай, осы ойын баласының ұстазына білдіргенде ғалым патшаға бұл нәрсеге еш алаңдамауын айтады. Себебі, дәл осы уақытта әкесі патша болғанымен, баласы ханзада.  Алда-жалда әкесі өмірден озар болса перзенті патшалықты иеленіп, халықты қол астында ұстайтындығын, әрСебебі, дәл осы уақытта әкесі патша болғанымен, баласы ханзада.  Алда-жалда әкесі өмірден озар болса перзенті патшалықты иеленіп, халықты қол астында ұстайтындығын, сол кезде халықтың ауыр халін қазірден бастап аттың арт жағында жүріп Ол ұлының ұстазына солай дейді, сонда ұстазы бүгін еш алаңдамауын айтады, себебі ол – патша, ал ұлы – ханзада, бірақ, әкесі өмірден озған кезде ұлы патша болады, патша болған кезде адамдар оның қол астында болады, сонда қол астындағыларының ауыр халін аттың арт жағында жүріп келе жатқан адамның психологиясы арқылы сезінбесе, басқаша біле алмайтындығын айтып көңілін орнына түсіреді. Ендеше, кез келген әке ұлын осылай тәрбиелеп, қызметшілер мен қол астындағылардың жағдайын сезінуді үйретсін. Осылайша, әрбір жан әдепті болуға дағдыланады. Осы қасиетті, әдепті өзімізге сіңіру де маңызды. Оның ең жақсы тәсілі ізгі жандармен немесе жақсы бір адаммен бірнеше уақыт бірге болу. Сол кезде жақсы әдеттерді көріп, көзайым болған  өзіңіз де соларға қарай икемлеліп, әдепті болуға қадам жасайсыз.
АВТОР ЦИКЛА
Мүфти Ибрагим Десаи:
Ибрагим Десаи
Автор:
ИБРАГИМ ДЕСАИ
Мүфти, Құран хафызы
Список уроков