Циклы Авторы Сортировка

1 бөлім. Алғысөз. Маза бермес ойлар. Шайтанның күші.

5 621
29 февраля, 16
بسم الله الرحمن الرحيم
 

Алғысөз

 

Ерекше Мейірімді әрі Рахымды Алланың атымен бастаймын.
 

Бүкіл әлемнің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мадақтар болсын. Алланың сүйіктісі және біздің ұстазымыз – Мұхаммедке сәлем мен салауаттар айтамыз.
 
Алла Тағала жер бетін Адам пайғамбардың (алейхис сәләм) ұрпақтары мен Ібіліс және оның әскері шайқасатын майдан алаңы ретінде жаратты.
 
Ібіліс Алланың бұйрығына қарсы шығып, Адамға (алейхис сәләм) сәжде жасаудан бас тартқандығынан Алла Тағаланың қарғысына ұшырап, қуылған, оның бізге - Адамның (алейхис сәләм) ұрпақтарына өшпенділігі мен қастандығы артып, дұшпан болуы – міне сондықтан. Адамзаттан аяусыз өшін алу үшін Ібіліс Қиямет Күніне дейін жалғасатын соғыс жариялады.
 
Біз қазір бүкіл жан-жағымыздан дерлік шайтанның арбаулары айнала қоршап тұратын заманда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан да дұшпанымыздың шабуылына біз әрдайым қарсы тұра алуымыз қажет. Біз іліміміздің төмендігінен әрі Ібілістің жасырын жоспарлары мен қастығын біле бермеуіміздің кесірінен оның қармағына түсіп қалып, азғындықтың құрбаны болып жатырмыз.
 
Көзге көрінбейтін дұшпанға қарсы төтеп беру қаншалықты қиын болса да, Алла Тағала мен Оның Пайғамбары Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге жауды қалай танып, оны жеңуді айтқан. Сонымен қатар, Ібілістің қастық ниеті мен азғыруына қырағылық танытып, оны да Жаратқан – Алла Тағаладан пана тілеп, көмек сұрау да бізге үйретілді.
 
Өзінің апталық уағыздарының бірінде шейх Юнус Патель (Алла оны рахымшылығына алсын), Ібіліс пен оның әскеріне қарсы тұрып, дұшпанымызды жеңе білуімізді жеңілдету үшін білуіміз қажет болған ілім көзін Қасиетті Құран мен хадистердің негізінен ала отырып, жеңіл әрі қарапайым түрде түсіндіріп өтті.
 
Алланың мейірімімен және қалауымен мен «Шайтани азғыруларды жеңу»  атты тақырыпта біздің жауымыз Ібіліске қарсы тұруларына адамдарға көмектесу үшін шейхтың айтқан сөздерін жазып алдым.
 
Бұл кітапты тек Алланың разылығы үшін жазып, еңбектенуімізді Алла нәсіп етсін! Алла бізден бұл еңбегімізді қабыл етсін әрі бізді Ібіліс пен оның әскерінің қастығы мен азғыруынан сақтап, қорғасын! Алла Тағала баршамызға осы ілімді түсінуімізге тауфиқ берсін және Өзінің бұйрығы мен Пайғамбары Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үйреткендерін тақуа, білімдар теолог ғұламалар көрсеткендей орындап, жолын ұстануымызды бұйырсын!
 
Студент
 

Ерекше Мейірімді әрі Рахымды Алланың атымен бастаймын.

 
"Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын" (Құран, 16:98)
 
Құрметті теологтар, ардақты аға-бауырлар мен апа-қарындастар, әссәләму ъаләйкум уа рахматуллаһ!
 
Біз "уәсәуис" ("уәсуәсә") терминімен атап жүрген шайтанның азғыруы себебінен уайым-қайғы мен күйзеліске ұшыраған адамдардан осы аптада көптеген қоңыраулар түсіп, ақыры осы мәселеге қатысты кейбір тұстарды қарастырып өтуді жөн көрдім.
 
Маза бермес ойлар
 
Маған бір әйел кісі қоңырау шалып, намаз оқыған кезінде көз алдына пұттар елестеп, санасына мынадай ойлар келе беретінін айтты:
 
– Сен мұсылман емессің, көпқұдайға табынушысың (мүшріксің). Мына  пұтқа табын!
 
Адамға намаз оқып тұрған кезінде мұндай елестер көзіне көрінуі әлбетте оны абыржытатыны түсінікті. Оның үстіне әлгі әйелдің ойына мына сөздер келе берген:
 
–  Сен енді мүшріксің, сен енді мүшріксің.
 
Әйел бұдан қатты уайым-сарсаңға түсіп, тіпті тыныш ұйықтай  алмағанын да айтты. Осындай үздіксіз азғырулар оның жүйке жүйесін әбден құртыпты. Ол енді өз өмірін мұсылман ретінде өткізе ме әлде басқалай ма білмей қалды. Ол тіпті иман өзінің жүрегінен жоғалып кетті деп те санай бастады.
 
Бұл – адамдар шайтанның азғырып, сыбырлауынан иманымнан айырылдым деп ойлай бастап, азғындыққа ұшырайтын көптеген жағдайлардың бірі ғана. Осындай азғырулардың кесірінен біреулердің намаз оқуға деген ниеті мен құлшынысы жоғалады, басқа біреулер дәрет алғысы келмейді, ал тағы басқа кісілер Қасиетті Құранды оқудан қалады.
 
Бір түрлі, оғаш жағдайлар орын ала бастайды. Осы шайтандардың сыбыры мен іс-әрекеттерінің әсерінің сұрқиялығы сондай, тіпті көптеген адамдар олардың құрбаны болып қалады.
 
...Ал енді адамдар үйде теледидардан түрлі әдепсіз фильмдер мен бағдарламаларды көріп, түрлі музыканы тыңдаған соң басқа не күтуге болады? Азғындық азғындықты әкеледі. Музыка, телевизия, фильмдер мен сол секілді нәрселер жын-шайтандарды шақырады, ал осы лас нәрселер оларды рахаттандыра түседі.
 
Шайтанның күші
 
Алла Тағала шайтанға адамның ақылы мен санасын улап, жаман нәрселерді сыбырлауына мүмкіндік бергенін түсіне білуіміз керек.
 
Сол зұлымдықтардан қорғауы үшін Алла Тағаладан пана тілеп, көмек сұрауымыз "Адамдар" ("Нас") атты 114-ші сүреде бізге былайша үйретілді:
 
«Сыбырлап азғырушының кесірінен,Сондай адамдардың көкейлеріне салатын; Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» -де».
 
Бұл сыбырларды біз ести алмаймыз. Олар біздің жүрегімізге жетіп, оларды солай қабылдаймыз. Егер шайтанның біздің рухымызға сыбырлауларына сенбесек, онда ол жайында сонша абыржып, қайғырудың қажеті жоқ.
АВТОР ЦИКЛА
Шайтани азғыруларды жеңу
Юнус Патель
Автор:
ЮНУС ПАТЕЛЬ
Мүфти
Список уроков