Циклы Авторы Сортировка

1 бөлім. Истихараның маңыздылығы

4 156
27 января, 16
Бұл өмірде бәріне Қамқор, ал Ақыретте тек мүміндерге ғана Мейірімді болған Алланың атымен бастаймын!
 
Абыржу мен абдыраушылық
 
Күнделікті өмірде адам талай рет абыржу мен абдыраушылықты бастан өткереді. Дерлік әр күні біз шешім қабылдауға - екеуден біреуді немесе одан да көп баламадан таңдауға мәжбүрлі боламыз. Әшейінде бұл түбегейлі емес мәселелерге қатысты, бірақ уақыт өте келе адам маңызды таңдау жасау қажеттілігімен жүздеседі. Алайда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бұндай жағдайларда не істеу керек екенін үйретіп, шешімді анық көрсеткен. Бұл шешім «истихара» деп аталады.
 
Истихараның маңыздылығы
 
Алла Тағала Құранда былай айтқан:
 
Аудармасының мағынасы: «Олар қисық жолды туралыққа айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Һәм олар тура жолды таппады». (Бақара сүресі, 16 аят)
 
Бұл аяттан біздің түсінетініміз, адамның білімі шектеулі, ал оның санасы кемелденбеген. Кейде ол өзін құртатын бір нәрсені қалауы мүмкін, ал кейде оған пайда келтіретін нәрсе жиіркенішті болуы мүмкін. Кемелденген жалғыз білім Иесі және ғайыпты білетін Ол – Алла, адамды Жаратушы, бүкіл ғаламды Билеуші. Сондықтан да, егер адам игілікті іздейтін болса, ол оны тек Алладан ғана ала алады.
 
Хадистердің бірінде айтылады: «Адамның саулығы, Аллаға истихара (игілік іздеуінде) орындауында, ал оның сәтсіздігі, истихара орындауын тастауында».

Алләмә ʼАйни былай жазған: «Адамға қандай да болмасын істің маңызды еместігін елемеу себебінен истихарадан бас тартуға болмайды». Қаншама іс маңызды емес деп танылып, соның салдарынан истихара жасалмай, ақыры ол іс жүзеге асса да, аспаса да үлкен зиян келтірген. Сондықтан да Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқан:
 
«Сендердің әр қайссыларың өз қажеттіліктеріңді Жаратушыдан сұрауларың керек, тіпті тұз бен үзіліп қалған ескі бауыдың орнына жаңа бау сұрар болсаңдар да».
 
Алләма Ибн әл-Каййим (оған Алла рақым етсін) былай жазған: «Кімде-кім Жаратушыға истихара жасап, Раббысынан кеңес сұраса, ешқашан өкінбейді, өйткені Алла (Өз Пайғамбарына (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)) айтқан ғой: «Ісің жайында ақылдас. Кейін шешімге келгенде, Аллаға тәуекел ет».
 
Шейх Тахир ибн Хусайн ибн Абдулла ибн Тахир, басшы болып тағайындалған ұлына былай деп хат жазған: «Маңызды ісің болғанда, көмек сұрап, Аллаға истихара жасап, тақуалық көрсет». Сондай-ақ, ол ұлына «барлық істеріңде үздіксіз истихра жаса» деп кеңес берген.
 
Истихараның зор пайдасы
 
Шах Уәлиулла (оған Алла рақым етсін) былай жазады: «Истихараның пайдалы салдары адамның дүниелік қалауларынан бойын аулақ салып, періштелік сипаттары хайуандық сипаттарын басым болып, өзін Алла Тағалаға сеніп тапсыруы болып табылады. Осылай жасау арқылы ол Алланың әмірін күтетін періштелер деңгейіне жетеді. Алланың әмірі келгенде, олар оны фәнилік мақсаттар үшін емес, рухтанушылық  шабытпен орындайды. Менің ойлауымша, истихараны жиі орындау – періштелердің қасиеттеріне ие болу жолы»
 
Адасу
 
Бірақ, өкінішке орай, біздің кезімізде истихараны орындау шешім қабылдау сияқты қиындап кетті. Құлшылықтың бұл ұлы түрін орындауға адамдар соншалықты күмәнданатын болды, олардың амалдары қалмағанда Сүннетте негізі жоқ жаңа әдеттерге жүгінетін болды: мысалы,  олар Құранды ашып кез-келген жолын, әріптерін оқиды. Егер истихара естеріне түсер болса, өздері істегеннен гөрі, біреуді ол үшін жасауын өтінеді. 
 
Шейх Нуруддин Итр былай жазады:
 
«Бүгінде адамдар егер истихараны ерекше адам ғана орындап, тек ол ғана әлдебір түс көрсе дұрысорындалды деп санайды. Бұл шектен шыққандық және күмәншілдіктіңбілінуі, Алла да,Оның Елшісі де (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бұлай жасауғабұйырмаған».

Бұндай тәсіл – қазіргі мұсылмандардың өздеріне лайық емес шектелгендіктерінің салдары. Нәтижесінде олар Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ұлы Сүннетін орындауын қойып, истихараның шынайы мәнін бұзғандықтарынан оның құндылығы мен сауабынан айырылған».
 
Мәуләна Шах Хаким Мухаммад Ахтар (даммат баракатух) «Сүннеттер» кітабының 49-шы бетінде: «басқа адамды сен үшін истихара жаса деп сұрау (рұқсат етілсе де), ешбір хадистерде келтірілмеген, ал басқалармен кеңесу (машауара) – бұл сүннет».
 
Іс жүзінде, қазіргі кезде истихара одан да көп әбігердің себебі болып табылады. Истихарадан соң түс көрмеген, не болмаса қандай да бір шешімге келе алмаған адам одан бетер шатасады. Мәселен, кеңінен таралған пікір бойынша, истихараның қорытындысы ретінде сен не түс көресің, не өз жүрегіңде бір шешімге деген бейімділікті байқайсың. Ал түс көрген адамға, сол түсін жорып берер кісіні іздеуге тура келеді. Егер түс айдан анық болса немесе оның жоруы бір шешімге келтірілсе де, алайда адам жолындағы тосқауылдардан өз мақсатына жете алмайды да шынайы түсінбестікті бастан кешеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі – истихараны дұрыс түсінбеудің салдары.
АВТОР ЦИКЛА
Сүннет аясындағы Истихара
Әбу Усама Айюб ибн Мауләна Мұхаммед
Автор:
ӘБУ УСАМА АЙЮБ ИБН МАУЛӘНА МҰХАММЕД
Мауләна
Список уроков