Циклы Авторы Сортировка

1 бөлім. Мауләнә Ахмад Халиль Сахаранпури

4 238
15 июня, 15
Рамазан айын Аллаға құлшылық жасаумен өткізіп, оның баға жетпес уақытын босқа ысырап етпеу үшін бұл қасиетті айға дайындалудың маңызы орасан зор.
 
Біз Рамазанға дайындықтың бір түрі ретінде Azan.kz оқырмандарына қашанда өздерінің діндарлығымен, құлшылық жасаудағы ынта-ықыластарымен ерекшеленген Деобанд шейхтарының Рамазанды қалай өткізгендеріне назар салуды ұсынамыз.
 
Біз оқырмандарымызға өзінің ұстаздары мен Деобандтың өзге де имамдары Рамазанды қалай өткізгендері жайында құнды мағлұматтарды жиыстырған шейх Мухаммад Зәкәрия Кандехләуидің (рахимахуллах) кітабынан үзінділер әзірледік.
 
Алладан осы мақалалардың алда келе жатқан Рамазан айында баршамызға қолдау-көмек болуын сұраймыз. Әмин.
 
Мәуләнә Ахмад Халиль Сахаранпуридің Рамазаны. Бірінші бөлім
 
1. Әзірет үйіндегі сағаттың дұрыстығын тексеріп тұруға айрықша көңіл бөлетін. Ол бір жыл бойы сағаттың артта қалып қоймай, озып та кетпей, дұрыс жүріп тұруын тексеріп отыратын бір адамды белгілеп қоятын.
 
Бірақ, Рамазанда оған бұрынғыдан да ерекше көңіл бөлінетін, сондықтан, уақыт үнемі поштамен және басқа да жерлермен тексеріліп тұратын.  Тіпті сондай асқан мұқияттылықтан кейін де Мәуләнә күнтізбеде көрсетілген уақыттан 2-3 минут өткеннен соң ауыз ашатын.
 
Қала берді, күннің батуы мен шығуы анық көрінетін Райпур қаласында да мәуләнә Райпури сағатты тексеруге айрықша мән беретін.
 
Менің ағама (мәуләнә Ильясқа) келер болсақ, ол төмендегі хадиске сүйене отырып, күнтізбе мен сағатқа аса мән бере бермейтін: «Осы жерде күн батса, ораза аяқталды».
 
2. Айтылып кеткендей, әзірет Ахмад Халиль күнтізбеде көрсетілген уақыттан 2-3 минут өтуін күтетін.

3. Әзірет аузын әрдайым құрмамен және зәм-зәм суымен ашатын. Қажылыққа барғандар оған құрма мен зәм-зәм сыйлағанда оларды Рамазанға арнап сақтап қоятын. Зәм-зәмді Рамазанға дейін сақтауда тұрған ешқандай қиындық жоқ. Бірақ, құрма шіритіндей белгі бере бастаса, әзірет оларды таратып жіберетін.
 
Сонымен қатар, әзірет ауызашарға көп жағдайда бір шыны сүтті шайдың жартысын немесе төрттен бір бөлігін ішіп, қалғанын осы түкке тұрғысыз авторға беретін (Шейх Закария, рахимахуЛлах, өзін айтып тұр).
 
4. Ол кезде ақшам намазының азаны мен қаматының арасы он минут шамасында болғандықтан, аузын үйінде ашқысы келетіндер жамағатпен намаз оқуға үлгеретін.
 
5. Әзірет әдетте медреседе шәкірттермен және қонақтармен ауыз ашатын. Көбінесе 15-20 адам болатын. Ал, Мәдинада тұрғанда ‘Улум Шар’ия медресесінде ауыз ашатын.
 
6. Шейхтің ақшамнан кейін оқитын нәпіл намазының рәкағаттарының саны Рамазаннан басқа кездері оқитын намаздарымен бірдей болатын. Әзірет сол ақшамнан кейінгі намаздарда (Әууәбин намазының 6 рәкағаты туралы айтылып тұр) әдетте бір параның төрттен бір бөлігінен бастап, түгелдей бір параны оқитын. Сондай-ақ, дәл сол параны кейін тарауихта да оқитын.
 
7. Әууәбин намазынан кейін әзірет үйіне қайтып, тамақтануға 20-25 минутқа жуық уақытын бөлетін. Ол үнемі өте аз тамақ жейтін.
 
Әдетте Кандл мен Гангохта ешкім сәресіне палау жемейтін. Ол қалалардағы адамдар палау шөлдететіндіктен, бұл оразаны қиындатады деп есептейтін.
 
Сол себепті, мен сәресіне палауды алғаш рет Сахаранпурда әзіреттің үйінен жедім. Сонымен қатар, әдетте мен ауыз ашқанда да палау жемейтінмін, себебі, оны жегеннен кейін тарауихты оқу ауыр соғатын.

8. Әзірет өмірінің соңғы екі жылында бойынан әл-дәрмені қашқан кезін қоспағанда, тарауихқа өзі имамдық ететін.

9. Әзірет Құранды үнемі Рамазанның 29-шы түнінде оқып аяқтайтын (хатым жасайтын). Алғашқы түндері бір пара мен екінші параның төрттен бір бөлігін оқыса, кейініне қарай тек қана бір пара оқитын.

Осы жерде Шах Әбдул-Қадир (рахимахуллах) жайлы хикаяны баяндап кеткеніміз артық болмас. Бір жылда Рамазан 29 күн болса, ол бастапқы екі түнде екі пара оқитын да, қалған күндері бір пара оқитын. Ал, егер Рамазан 30 күн болса, бірінші күннен бастап-ақ бір ғана пара оқитын. Оның інісі Шах Әбдул-Әзиз өз мешітінде тарауих аяқталғаннан кейін Шах Әбдул-Қадирдің бірінші тарауихта қанша пара оқығанын білу үшін оған  біреуді жіберетін. Егер ол екі пара оқыған болса: «Бұл Рамазанда 29 күн болады», ‒ дейтін. (Мұнда ғайыпты білу туралы емес, Алланың кейбір әулиелерінде болатын кашфу (ғажайып жолмен білімге қол жеткізу) жөнінде сөз болып отыр).

10. Әзірет тарауихтан кейін 15-20 минут тынығатын. Сол уақытта біреу оның аяғын уқалап беретін. Әдетте ол Құранға қатысты мәселелерді талқылайтын. Мәселен, тарауих оқу кезінде әзіреттің кездейсоқ қатесін біреу түзетуі мүмкін, я болмаса, тарауихті оқу кезінде орын алған қандай да бір жағдай жөнінде сөз болуы мүмкін еді.

Бірде бір топ хафиздер әзіреттің үйіне келді. Мен болсам, тарауихты көбіне Исхақ Сахибтің (Мәуләнә Зәкәрия мешітте тарауихқа имамдық ететін болған) мешітінде оқитынмын. Бірақ, кейде анамның қолқалауымен әзіреттің үйінде оқитынмын. Көбінесе тарауихты тез аяқтап, әзіреттің үйіне баратынмын. Ол үйінде тарауихқа имамдық ететін.

Сол уақытта әзірет 4 немесе 6 рәкағатты енді ғана оқып болған екен. Оның себебі ‒ Исхақ Сахиб мешітіндегі тарауих медреседегі тарауихтан ерте басталатын. Оған қоса, мен өзімнің ұқыпсыздығымның кесірінен әдетте айтарлықтай тез оқитынмын.

АВТОР ЦИКЛА
Ғалымдар Рамазан айын қалай өткізген
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков