Циклы Авторы Сортировка

1 дәріс. Алғы сөз. Оқиғалардың реттілігі

4 454
7 марта, 16
Қиямет күнінің үлкен белгілерінің пайда болуы мен оқиғалардың реттілігін нақты анықтау қиын.

Бұл еңбекте үлкен белгілер келесі реттілік бойынша қарастырылады:

Бірінші үлкен белгі. Имам Махди.

Екінші үлкен белгі. Дәжжал.

Үшінші үлкен белгі. Ғисаның, оған Алланың сәлемі болсын, түсуі.

Төртінші үлкен белгі. Яжүж бен Мәжүж.

Бесінші үлкен белгі. Үш тұтылу.

Алтыншы үлкен белгі. Түтін.

Жетінші үлкен белгі. Күннің Батыстан шығуы.

Сегізінші үлкен белгі.  Жерден жануардың пайда болуы.

Тоғызыншы үлкен белгі. Бәрін жалмайтын от.

Хадистерге келер болсақ, олардағы бұл белгілердің реттілігі риуаяттан риуаятқа өзгеріп отыруы мүмкін, өйткені оқиғалардың нақты хронологиясын анықтау қиын.
 
Мысалы, Хузейфа, оған Алла разы болсын,  келтірген хадисте былай айтылған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, біздің талқылауымыздың үстінен түсті. Ол бізден: «Сендер нені талқылап жатырсыңдар?» деп сұрады, біз:  «Қиямет күнін талқылап жатырмыз» - дедік. Сонда ол былай айтады: «Оның алдында болатын он белгілерін: Түтінді, Дәжжалды, күннің Батыстан шығуын, Ғиса ибн Мәриямның, оған Алланың сәлемі болсын,  түсуін, Яжуж бен Мәжужды,  сондай-ақ, үш тұтылуды: Шығыстағы тұтылуды,  Батыстағы тұтылуды және Араб түбегіндегі тұтылуды сендер  көрмейінше, Қиямет болмайды. Және де олардың соңғысы – бұл Йеменнен шығып, адамдарды қайтадан тірілттіру үшін жалмайтын от»»[1].
 
Имам Мүслім бұл хадисті Хузейфадан  басқа түрде келтірген:

«Қиямет күні тек оныншы белгіден кейін ғана болады: Шығыстағы тұтылу, Батыстағы тұтылу, Араб түбегіндегі тұтылу, Түтін, Дәжжал, жерден шыққан Жануар, Яжуж бен Мәджуж, күннің Батыстан шығуы, адамдарды жалмайтын От».

Ал басқа риуаятта: «Оныншы белгі – Мәриям ұлы Ғисаның, оған Алланың сәлемі болсын, түсуі» делінген.

Бір сахабадан келген хадисте екі нұсқа болса да, ондағы оқиғалар әртүрлі реттілікпен аталып шыққан.

 

[1] Мүслім.

 

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің Үлкен белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков