Циклы Авторы Сортировка

1 дәріс: Алғысөз және кіріспе

3 537
9 декабря, 15
Алғысөз
 

Мәулана Исмаил Мұса (саллямаху) Дар-уль-Ифтадағы мүфтилік оқу бағдарламасының бірінші жылын бітірді.

Шұлыққа мәсіх тарту жайындағы сауал төңірегінде мұсылмандар арасында түсініспеушіліктер туындауда. Олар әсіресе, мақтадан я болмаса нейлоннан тігілген қарапайым шұлықтарға мәсіх тарту кең таралып кеткен АҚШ, Канада, Ұлыбритания секілді мемлекеттерде, Таяу және Орта Азия аймақтарында көптеп кездеседі.

Бұл мәселе осындай шұлықтарға мәсіх тартқан имамға ұйып намаз оқитын мұсылмандарды әсіре алаңдатуда. Осы жөнінде Дар-уль-Ифтаға:

1) Имамның дәреті дұрыс па?
2) Сол имамға ұйыған адамның намазы дұрыс па?
3) Біздің бөлек намаз оқығанымыз жөнбе? – деген сияқты тағы да осындай сұрақтар жиі келіп жатады.

Жақын арада «Sealskinz» атты шұлықтар пайда болды, соған мәсі тартудың дұрыс – бұрыстығы жайында да сауалдар қойыла бастады. Аллаға шүкір, мәулана Исмаил Мұса (саллямаху) осы зерттеу барысында бұл тақырыпты егжей-тегжейлі қарастырған.

Ол, сонымен қатар мақта-матадан жасалған шұлықтарға мәсіх тартудың дұрыс еместігіне дәлелдер келтіріп, «Sealskinz» шұлықтарына мәсіх тартудың еш оғаттығы жоқ екендігіне тұжырым жасады.
 

Имамдар мен мешіт жанашырларының бұл зерттеу жұмысымен жақсылап танысып алғандары жөн болады. Қарапайым шұлыққа мәсі тарту мәселесі мешітке имамды тағайындамас бұрын ҚАРАЛУЫ ТИІС.


Мүфти Ибрагим Десаи, сахиб

 

Кіріспе
 

Ең алдымен, біз Исламдағы барлық фиқһи мәселелер бойынша төрт имамның біріне еретіндігімізді айта кеткіміз келеді [1]. Ал біздің жағдайда біз имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) мәзһабына кәміл ереміз. Мұның себебі, өзінің тақуалығы мен туралығы арқасында имам Әбу Ханифа (Алла оны рахыметіне алсын) өз өмірін Ислам ілімін үйренуге, меңгеруге және жүйелеуге арнағандықтан. Оның өмір сүрген заманы Ислам ілімінің жоғарғы дәрежеге жетіп, адамдардың есте сақтау қабілеті өте жақсы болған, жиындардағы ғұламалардың саны едәуір көп болған, гүлденіп тұрған кезең еді. Бұл–ғұламалархадистердің жету тізбегінің әрқайсысына терең зер сала зерттеген, сенімді хадистер заманы еді. Тұрмыстағы кез-келген іс-әрекет міндетті түрде Ислам деректеріне негізделген дәлелдерге сүйеніп жасалуы тиіс етін. Сол себепті имам Әбу Ханифа (Алла оны рахыметіне алсын) әрбір жағдаятты Исламның түрлі салаларындағы кем дегенде қырық ғұламамен отырып талқылайтын болған. Әр жағдай мұқиятты түрде әрі жете тексеріліп, жан-жақты талқыланғаннан кейін ғана сол турасында шешім шығарылатын.

Сонымен қатар, бұдан кейінгі он екі ғасыр ішіндегі көптеген ұлы кемеңгерлер мен ақсақалдардың зор үлес қосқан еңбектерін де айта кетуіміз жөн. Ілім ізденуде ол кісілер тауды да, тасты да кезіп өтіп, аштыққа да, қиыншылыққа да төзе білді. Бұл ғұламаларбүкіл өмірлерін Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) әрбір тұжырымының нақтылығына көз жеткізу үшін оны зор ыждаһаттылықпен, мұқияттылықпен талқылап, зерттеуге арнады. Соңғы он екі ғасырдың мұфассирлері, мұхаддистері, фақиһ ғалымдары, философтары, заңгерлері және академиктерінің біріккен зор күші мен пидалығының арқасында имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын) ислами құқық ілімі жете тексеріс пен зерттеуден өтті [2]. Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахыметіне алсын)  тұжырымдамалары мен үкімдері түгелдей Құран мен сүннетте сай келеді деуде енді ешқандай күмән жоқ. «Болары болып, бояуы сіңіп» қойғаннан кейін, ендігі таңда қандай да бір жағдайды Құран мен сүннеттен дәлел іздеп, өздігінше зерттеудің еш қажеттігі жоқ. Бұл бар ынта-жігермен, табандылықпен, ыждаһаттылықпен және зор күш-қуат жұмсап, бүкіл өмірді арнауды талап ететін орасан бір міндет болушы еді.

Сонымен қатар, бұның есесінен көптеген хадистер бүгінгі күнімізге дейін жетпейтін еді. Моңғолдар Бағдат қаласын басып алып, ондағы мыңдаған кітапханаларды өртеп, қаншама еңбектер мен кітаптарды жандырып жібергенде Тигр (Дажла) өзені қап-қара сияға боялғандай болды. Бұл біршама хадистердің жоғалуына әкелді [3]. Шексіз Мейірімі арқылы Алла Тағала бізге жеңілдік нәсіп етіп, біз Ислам ілімін жетік білген әрі нық ұстанған кісілердің артынан ерудеміз. Осындай кереметтей тұлғалардың, ғұламалардың артынан ерумен біз түбінде Құран мен хадисті ұстанатынымызға сенімді бола аламыз.

Құран мен хадистерден өздігінен тікелей дәлел іздеу алаңғасарлық іс және бос әурешілік болатындығына осы аталмыш деректер арқылы көз жеткізе аламыз. Сондықтан да біз осы жұмысымыздың негізі ретінде төрт мәзһабтың ұстанымы мен әдістемесін қолданамыз. Біз ханафиттік мәзһабты ұстанушылар ретінде еңбегімізді жалпылай ханафи мәзһабы бойынша жаздық, ал кейбір жерлерінде қалған үш мәзһабқа сілтеме жасадық. Тағы айта жетерлік жайт, бұл аталмыш еңбек барысында өткен ғасырлардағы атақты ғұламалардың барлық дерлік дәлелдемелерін қамтыдық деуден аулақпыз.

Ескерту:

1) Бұл еңбек академиялық сипатта болғандықтан, Усул-әл-Фиқһ және Усул-әл-Хадис терминологиялық атаулардың мағынасын ашып көрсетпедік, себебі осы тақырыпты ізденіп, зерттеушілер оны жақсы білуі әбден мүмкін.

2) Кейбір атаулардың мәнін жақсы түсіну үшін, аудармасында мағынасынан ауытқымай сәл өзгерістер енгіздік.

3) Қолыңыздағы бұл еңбектің ең өзекті құндылығы – араб тілінде, түпнұсқасымен келтірілген цитата сөздер. Бұл дәйексөздерді оқу оңайға түсу үшін төменгі жағында олардың түсіндірмелері келтірілді. Яғни мағынасын жақсырақ түсіну мақсатында оқырмандарымызға кітапты оқу барысында сол төмендегі түсіндірмелерге аса мән беріп, оқуларын ұсынамыз.

4) Дәйексөздер келтірілген тұстарды оқуды жеңілдету үшін сол сөздер алынған кітаптарға сілтеме ретінде тек кітап томы мен беті ғана көрсетілді. Кітаптар жайындағы толық ақпаратты (баспасы, шыққан жылы) еңбектің соңғы жағындағы қолданылған әдебиеттер тізімінің қатарынан таба аласыз.

5) Мағынасын анығырақ ашу мақсатында кей жерлерде дәйексөздерді қайталап, ал кей тұстарда тіпті толық абзац мәтінін қайта жаздық.

 

 

[1] Фиқһ ғалымдары: имам Әбу Ханифа, имам Мәлік, имам Шафиғи және имам Ахмад (Алла оларды рахымшылығына алсын)
 

[2] Бұл жайында толығырақ - «Аср әл-хадис аш-шариф» (195 бет) қараңыз.
 

[3] «Әл-Маслак әл-уәсат ад-дани» (Q2/Алиф, мактут) кітабында жазылған бойынша, ханафи және шафиғи мәзһабының ғұламалары дәлел ретінде қолданатын, бірақ хадис жинақтарында жоқ хадистер жайында Ибн Хажар әл-Әскаланиден сұрағанда, ол былайша жауап берген: «Көптеген хадис жинақтары, анығырақ айтқанда, шығыс жерлерінде сұрапыл замандар кезінде олардың көбісі жоғалып кеткен. Мүмкін бұл хадистер сол кітаптарда жазылып, біздің күнімізге дейін жете алмады».
АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков