Циклы Авторы Сортировка

1 дәріс. Кіріспе. 1-2 нақыл сөздер

3 301
2 сентября, 15
Azan.kz сайтына арналған алғысөз
 
Мұсылман дін мамандары  Исламның бүкіл тарихы бойы адами кемелдікке қол жеткізу жолында кезігетін қиындықтар жайында ойланған.  Дін өсиеттерін тәжірибе жүзінде іске асыру – адамның шынайы адамгершілік бейнесі болып табылады.

Осы дәстүрдің аясында біз Azan.kz сайтының оқырмандарына арнап, Үнді субконтинентінің ұлы әулиелерінің бірі – шейх Масихулла әл-Джаләлабадидың, (құддиса сирруху) рауаяттары мен нақыл сөздерін аударып, оларға түсініктеме беруді жөн көрдік.
 
Деобанд ғалымдарының салтында өздерінің «акабирлерінің» (имамдар, аса көрнекті ғалымдар) нақыл сөздерін («малфузат») жинастыратын дәстүр қалыптасқан, әрі осы мектептің көрнекті болған әр-бір шейхында осындай жинақтар бар.
 
Біз Алладан осы еңбегімізді қабыл алуын және соның себебінен бірінші кезекте өзіміз бен барлық оқырмандарымызға пайда беруін сұраймыз. Әмин. 
 
Әбу Әли әл-Әшғари
29 Рабиул-әууәл 1436ж.
Дурбан, ОАР
 
Кіріспе
 
Өзінің ерекше құлдарының жүректерін таным нұрына бөлейтін Аллаға сансыз мадақтар, Оның сүйіктісі Пайғамбар Мухаммедке, оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.
 
Үмбетіміздің рухани-адамгершілік жағынан әлсіреуін, мұсылмандардың шынайы ықласқа зәру екенін айту қарабайырлық болар еді.
 
Бірақ бұл жайында бәрінің айтқанынан мәселе өзекті болмай қалған емес әрі өз маңызын жоғалтпаған. Алайда адалдық пен жүрек тазаруының мәселесі мынада, ол жөнінде жиі айтылғандардан ештеме де шешілмейді: «Халва! Халва!» - деп қанша айғайласаң да аузың одан тәтті болып қалмайды. 
 
Оның үстіне, санаулы адамдардың ғана көкейін мазалайтын маңызды мәселе бар, бірақ ол турады аз айтылады: міне, «сопылар» деген атауға ие болған адамдардың ашық үндеуге шыққандарына 20 жылға жуық уақыт өтті, және де олар біздерге үлгі болуларымен шынайы ықлас пен адамгершілік мәселесін шешулері қажет болған еді, бірақ мәселе әлі де шешімін таппай, керісінше, бірнеше жаңа қиындықтар пайда болуда. 
 
Тасаууф пен тарикатқа деген белгілі бір бейжайлық байқалуда, бұл құбылыс теория тұрғысында оларға оң көзбен қарайтындардың арасынан да көрініс тауып жатады, ал бұл біздің заманымызда өте сирек кездесетін жағдай.   
 
Бұл бейжайлықтың себебі – сопылардың аясына батып, осы «саяхат» барысында күтпеген жаңалықтардың ашылулары. «Шынайы ықылас», «рухани кемістіктер, кемшіліктермен күрес» ұрандарының артында зұлым және бірбеткей адамдардың әлемі жатыр, олар көбісінің қайдан пайда болғаны белгісіз, мызғымас ақиданы әлдебір «ғұрыптар» жинағы деп қабылдауын талап етеді. Бұл адамдар «мюрид» атағына ие болу құқығын заңсыз иемденіп алғандар және олардың бірбеткейлігіне сәйкес келмейтіннің барлығы «нашар мюридтің қасиеті» болып есептеледі әрі адамның жамағаттан шығарылғандығын көрсетеді. Кез-келген тәнік ойлаушы адамның көңіліне бұндай ауыз әдебиеті үзілді-кесілді жақпайды.  Адамдардың басым көпшілігінің тариқатты тастап, теріс жолдағы діни қауымға баруы - бұл бірден-бір басты себеп. Бұның себебі дәлел келтіре алмағандықта емес, адамдардың интуиция деңгейінде шынайылықтың ұрандардан ерекшеленетінін және де Шариғатты ұстанғанның орнына, оларға қайдағыбір қатар құндылықтар жүйесін күштеп тағу әрекеттері жасалып жатқанды сезуде жатыр.
 
Оның үстіне адамдар, өздері көріп жатқандай (ал, оны бүгінгі әлеуметтік желілер әлемінде, жасыру мүмкін емес), үлкен мюрид болып саналатын адамдардың өздері, оларға қарсы пікір айтқан мұсылмандарды өсектеу, ғайбат айту, оларды жамандап, нашар қарым қатынаста болу сияқты үлкен күнәларды жеңе алмаған. Әлібетте адамда: «Егер мына адамның өзі отыз жыл уәзипа жасай келе осындай айқын күнәларынан айырыла алмаған болса, бұл тарикат маған не бермек?» деген сұрақ туындайды.
 
Бұның бәрі тасаууф жолында деген қызығушылықты жойып, шынайы шейхтер өткен заманда қалды, ал біздің күніміздегі сопылық -  бұл тек ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын әдеп қана деген ойға итермелейді.
 
Бірақ бұл істің мәнін өзгерте алмайды: «Дұрыс мағынадағы тасаууф, рухани кемістігі бар әр адамға міндетті болып табылады».
 
Сондай-ақ, тасаууф – бұл әр кімнің ұжымдық емес, жеке басының жауапкершілігі,  сондықтан да сенің өзге мюридтердің не істеп жатқанына басың қатпауы керек. Және де олардың  тәжірибелеріндегі қандай да бір адасушылық шейхтың өз әмірінен екенін ақын болмайынша шейх жөнінде жаман ой қалыптастыруға болмайды. Әйтпесе әрине, бұндай адамның артынан еруге болмайды.
 
Және де тасаууф – бұл Шариғаттың орнын басуды көздеген, ойдан құрастырылған әңгіме немесе әдеп емес, біздің жүректеріміздің батылдығын арттыратын, Шариғатты ұстанудағы талпынысты сақтайтын және құлшылыққа жігерлендіре түсетін тақуаларға жақындау жолы екенін сана-сезімімізде қалыптастыруымыз қажет.

Бұл тұрғыда тасаууф – аса тәсілді нәрсе: тахаджуд, ишрақ, духа, аууәбин.
 
Тасаууфтың осынау қарапайым да тәжірибелік негізін түсіну үшін біз мауләнә Мухаммад Масихуллах Сахиб әл-Джалялябади, рахимахуллахтың «Малфузат» кітабын таңдадық. Бұл оның сүннет тасаууфы баяндалған рауаяттар мен нақыл сөздер жинағы болып табылады.
 
Біз, Алла Тағала жүректеріңізге Мухаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шариғатына қарсы келетін кез-келген тасаууф пен тариқат – бұл күпірлік пен зіндік (адасушылық) екеніне, сондай-ақ, Шариғатқа қарсы келмейтін тариқаттың бар екеніне сенімділік береді деген үміттеміз. Әмин.
 
1. Рухани дамудың барлық деңгейі Шариғатты ынтамен ұстануға байланысты.
 
Шариғаттағы кез-келген рухани жолдың шартсыз шегі «тариқат» немесе «тасаууф» деп аталады. Ол, тәжірибелерін өмірлерінде қолдана білген, «Шариғатты өмірмен үйлестіру» жолында, осы жолға түскендер тап болатын «рухани тұзақтарды» тани алатын рухани ұстаздарың кеңестері мен ұсынымдарының  жиынтығы.
 
2. Аллаға жету бақыты (әл-вусуль) Шариғаттық білім алу мен сүннетке еруге тікелей тәуелді болуда жатыр.
 
Білім тәжірибесі – міне, тасаууфты осы екі сөзбен сипаттауға болады. Білім мен тәжірибе – шынайы ислами тасаууфтың нағыз екі рукндері болып табылады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков