Циклы Авторы Сортировка

1-ші насихат. Кіріспе

2 031
18 мая, 17
Рақымдылардың Рақымдысы болған Алланың атымен бастаймын, Оның Пайғамбары, біздің Ардақтымыз Мұхаммедке, оның отбасына, барлық сахабаларға және оның ізінен ергендерге Алланың сәлемі мен игілігі болғай!
 
Біз бір қарағанда қарапайым әрі көпшілікке мәлім болған тақырыппен мақалалар  топтамасын әзірледік. Олар мынаны қамтиды: шариғи ілімнің құндылығы мен оған қол жеткізудің маңызы, іліммен байланысты  әртүрлі этикалық, тәжірибе барысында туындайтын сұрақтар. Бұл жөнінде әр тілде жазылған  кітап та, мақала да аз емес, десек те, құлаққа жиі естілетін тақырып болғанымен, әлі де өкінішке қарай,  амалға асыруға келгенде көпшілікке жол көрсетерлік үлгі бола алмауда.
 
Әрине, бұл мақалаларымыз себепті үмметіміздің жағдайы елерліктей  өзгереді деп үміттенбейміз, дегенмен, тым болмаса оны оқып шыққан бір ғана  адам ұққанын сөзімен емес, амалымен жүзеге асырған болса, біздің күш-жігеріміздің зая кетпегені. 
Бұл ретте Пайғамбарымыз, Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, былай деген: «Егер Алла сен арқылы бір адамды болса да тура жолға бастаса, бұл сен үшін күн шығатынның (яғни, бүкіл әлем) бәрінен де артық»[1].
 
Бұл топтаманың негізі ретінде  шейх, мухаддис Мұхаммед Аввамның, Алла оған пана болғай, «Маʼалим аль-иршадия лисынаʼа толяб аль-ʼильм» («Ілім іздену жұмысындағы жөн сілтегіш өсиеттер »)[2] атты салыстырмалы түрдегі жаңа кітабын таңдап алдық. Бұл кітапты толығымен аудару әрі тек осы кітапты ғана басшылыққа алу көзделмеген, дегенмен, Алла қаласа, дәл осы кітапта көрсетілген мәліметтің баяндалу тәртібін ұстанбақшымыз
Алла Тағаладан осы жұмысымыздың өзімізге әрі барша оқырманға пайдаға асып және де оны аяқтап шығуымызға жәрдем беруін тілейміз! Әрі Алладан пайдалы ілім, сол ілімге ілесуге көмек күшін, еш пайдасы жоқ ілімнен бізді сақтауын сұраймыз! Әмин!
 
Әрбір пайдалы ілім – ұмтылуға лайық болғанның ішіндегі ең жақсысы. Сонымен бірге, ілімнің құндылығы - оның мәнін  ашатын нұсқауының құнды болуында жатыр. Шариғи ілімнің нұсқауы – ол Қасиетті Құран мен Пайғамбар оған Алланың игілігі мен сәлемі болғай, сүннеті. Бұл арқылы біз Алланы, Оның Бар Болуы мен сипаттарын, Оның бұйрығы мен тыйымдарын үйренеміз. Сондықтан, шариғи ілім және онымен байланысты болған қолданбалы ғылымдар (мысалы, араб тілі грамматикасы) – бұл ең абзал, игі ілім.
 
Иман келтірген адамның басты мақсаты -  сенімін (иман) күшейту, әрекетінде ізгі істер санын көбейту, бойындағы мінезін көркейту. Ал, осының бәрі, ілім алумен ғана келеді әрі ілім алу мұсылманды екі дүние бақытына жеткізбек.
 
Ілім алу – кемшіліксіз жүзеге асу үшін ол ерте, балалық кезден бастау алып, пенденің көз жұматын сәтіне дейін жалғасуға тиіс болған, өз алдына ұзақ жұмыс. Алайда, егер сіз, оның маңызын біраз жасқа келіп барып ұғынған болсаңыз, ол да сізге тосқауыл емес.
 
Пайдалы білім ешқашан жеткілікті болған емес. Медресеге ілім алу мақсатында жол тартқан адам  мен бес-алты жылдан соң-ақ ілімді болып шығамын, әрі қарай ілім маған қажет болмайды деген ойда болмауы тиіс. Алла Тағала Өз Пайғамбарына оған Алланың сәлемі мен игілігі болғай, ілімін күшейтуін сұрауды бұйырған:
 
                                                  عِلْمًا   زِدْنِي رَّبِّ  وَقُل 
 
(«Та Ха» сүресі, 114)
 
Мағынасы: «Айт: Раббым, білімімді арттыр!»
 
Сонымен қатар, Ибн Аби Шейба Умм Сәләмадан, Алла одан разы болсын, мынаны жеткізеді, Алла Елшісі, Оған Алланың сәлемі мен игілігі болғай, былай дұға еткен:
 
«Уа, Алла! Расында мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе және (Өз құзырыңда) қабыл болатын жақсы амал тілеймін!»
 
عاورزقاطيباوعملامتقبلا  سألكعلمانافالهمَإنِيا
 
Аллахумма, инни асъалю-кя 'ильман нафи'ан, ва ризкан тайибан ва 'амалян мутакаббалян!
 
Егер адамзаттың ішіндегі ең абзалы, ең ілімдісі Алладан өзінің ілімін арттыруды сұрап жатса, онда мына біз, қалай ғана бір күні ілім алуды тоқтатып, осы білгенім де жетіп жатыр деген ойға бармақпыз..?
 
Ілім алу жолында адамды әртүрлі қауіп-қатерлер күтуі мүмкін, соның бірі – пайдасыз болған білімге бой алдыру. Мұндай жағдай адамның өз қалауымен, болмаса еріксіз түрде де болады, себебі адам алып жатқан білімінде әлдебір пайда болып қалар деген оймен, пайдасыз білімге ұрынып қап жатады.
Сондықтан, мұсылман адам үшін Алладан өзіне пайдасыз білімнен пана сұрап, ілім жолындағы қауіптерді де естен шығармай, жан дүниесін есептен өткізіп, әрдайым ниетінің шынайылығын бақылап отыруы тиіс. Өз-өзіне мына сұрақтарды қоюы керек: мен бұл ілімді Алла разылығы үшін алудамын ба әлде адамдар алдында дәрежем өссін деп пе, өзгелерден құрмет қалап, мен туралы: «Ол ілімді, ол ғалым, ол ұстаз т.б»,-деп айтуы үшін бе? Әлде имамның алатын табысы, өзге де бұл дүниенің өткінші игіліктері үшін ғана ма?
 
Мына бір танымал әрі үрей туғызар  хадис есімізде [3] болар, онда үш адам туралы баяндалады: ілімді, Алла жолында күресуші және бай адам. Бұл үшеуі Қиямет күні не үшін ілім алғаны, Кім үшін күрескені, байлығын қайда жұмсағаны туралы сұраққа алынады. Үшеуі де өз істерін бір Алла разылығы үшін жасағандығын айтып ақталмақ болады. Бірақ, сол күні, біз және біздің түпкі ниетіміз жайлы барлық ақиқат ақтарылатын Күні, әлгі, ілімді адам Құранды өзгелер оны ілімді және өте жақсы қары деп атауы үшін оқығандығы, муджахид болған адам өзін тек «Ол ер жүрек, батыл» деуі үшін, ал, бай болса, өзінің мүлігін жомарттықпен игі істерге тек сол бір  адамдардың оны жомарт деуі үшін ғана таратқаны мәлім болады. Ол үшеуінің де соңы өте аянышты: бірде-бір істерін Алла Тағала қабыл етпейді, әрі олар беттері төмен салбыраған күйі тозақ отына лақтырылады.
 
[1] Хаким, ат-Табарани. Осы мағыналас хадис Бұхари мен Муслимде де келген
 
[2] Бірінші басылым.  Дар аль-юср / Дар аль-минхадж, 2013/1434.
 
[3] Муслим, ан-Насаи.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков