Циклы Авторы Сортировка

10 дәріс. 29-31 нақыл сөздер

3 209
24 октября, 15
29. Тамақ пен ұйқы жеке қажеттілікте шамамен ғана болуы керек, ал қатынасу мен танысуды қаншалықты мүмкін болса, соншалықты шектеу керек.
 
Сулюк жөніндегі кітаптарда ұйқы мен тамақ мәселесі жиі сөз болады, бұрынғының ұлы тақуалары бірнеше күнде бір рет қана тамақтанғандығы туралы, басқа да олардың көптеген таңқалдырар еркшеліктері туралы уақиғаларда айтылатын.
 
Қазіргі кезде олардың үлгілеріне сай келу іс жүзінде мүмкін емес, бұған деген ерекше қажеттілік те жоқ. Тамақ пен ұйқы адамның жеке қажеттілігінде шамамен ғана болуы керек. 

Кейбіреулер айтады, шариғат біліміндегі студент 3-4 сағат ұйықтау керек, ал басқа уақытын ғылымды оқып, үйренуге жұмсауы қажет. Иә, егер адам бұлай өмір сүре алса, онда бұл керемет, бірақ шындығында былай болуы мүмкін, бұндай режимде шынайы жұмыс уақыты анағұрлым қысқарады, ал уақыттың көбі әлеуметтік желілердегі пайдасыз «серфингке» кетеді,  өйткені оқу мен ғылымға күші қалмайды.

Осы себептен мауләна Ашраф Али Тануи айтқан, егер студент ұйқысы келсе, ұйықтасын, егер оның ұйқысы қанса, онда ол өте жақсы әрі жігерлі түрде дайындалады, бірақ, әрине, жалқаулық пен әрекетсіздік  шегіне жетпеуі керек.

Ұйқы мен қолданылатын тамақ мәселесінің мөлшері әркімге жекеше, бірақ қатынасу мен араласу шегі әр жақты.  Адамның танысуы қанша көп болса, - сонша оған өз дінінде ымыраға келіп, басқа адамдардың пікіріне ілесуге тура келеді.

30. Бірнәрсе айтар алдында, ойланып ал.
 
Саликке өзін және өз тілін бақылауға көмектесетін сәттің бірі — бұл не айтары туралы ойлану.
 
Имам әл-Ғазали егер сөйлемеуге мүмкіндік болса әрі шариғат сізден бұны талап етпесе, онда үндемеген жақсы деп жиі жазатын.

Әсіресе бұл түлектерге қатысты, олар өздерінен тіпті де сұрамағандар жөнінде пайымдайды және дүниедегі барлық сұрақтар жөніндегі  білгіштіктерін  жария етуге тырысады.

Қажет кезінде өз тілін тістей алған адам екі дүние игілігіне жетеді де, оның сөздерінің бағасы өседі, ал керісінше, одан сұрамаған кез-келген тақырыптағы бос сөз бен түсініктемелер, оның сөздерінің құнын кетіреді.
 
31. Алланың разылығы әрқашан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разылығын білдіреді, ал Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разылығы – бұл шейхтың разылығы.
 
Дұрыс адамда мынандай сұрақ тууы мүмкін емес: «Егер қандай да бір іс Аллаға қалаулы болса, онда Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) де солайша қалаулы болар ма екен?».
Бірақ неге екені белгісіз кейбір адамдарда мынандай сұрақ туады: «Егер мен мынандай немесе анандай сүннетті ұстасам, менің шейхым маған разы бола ма?»
 
Егер адам біздің басшымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұқсағысы келсе, онда бұл шынайы шейхқа неге қалаулы болмасқа, сулюктің бар мақсаты – бұл сыртқы мен ішкі сүннеттің өмірде іс жүзінде жүзеге асуы емес пе?!
 
Сондай-ақ, имам ар-Раббанидің, куддиса сирруху, «әл-Мактубатта» атты кітабында баяндалған ережені былай түсіну керек: «Егер сөз фикх сұрақтары турасында болса, онда біз Абу Ханифа немесе Абу Юсуфтың осы сұрақ жөнінде айтқанын ескеруіміз керек, бірақ аш-Шибли немесе Джунейд әл-Багдади айтқандарын емес, өйткені фикх сұрақтарында олар басқалар тәрізді муккаллидтер».
Рухани тәлімгерлер — бұл қатыгез жүректерімізді тірілтуге көмектесетін біздің тақуаларымыз болғандарымен, бірақ бұлар пікірлері шариғатта дәлел болған муджтахидтар емес.
 
Бұны айқын түсіну қажет. Егер имам ар-Раббани Джуйнед әл-Багдади сияқты тасаввуф имамдары жөнінде осылай қатты айтса, онда біздің замандастар туралы не айтуға болады?
 
Өкінішке орай, көптеген сопылар бүгінде тасаууф пен фикх сұрақтарын араластырады, олар мурид  өз шейхының әрбір пайымдауына, пікіріне немесе айтқанына еруге міндетті, олай болмаса, ол мунафик не адасушы деп санайды.
 
Тасаууф пен тарикатқа осыған ұқсас тәсілдемедей еш нәрсе залал келтірмейді.
 
Ибн Абидин  Халид Шаха әл-Багдадидің муриді болған, ал ол шафиғит еді. Ибн Абидинге оның ұстазы шафиғит болғандықтан, ол да шафиғит болуы қажет деп айту біреудің басына келуі мүмкін бе?
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков