Циклы Авторы Сортировка

10 дәріс. Бесінші кіші белгі. Ризықтың артып, садақа алатын адамның табылмауы

4 586
9 марта, 15
Ризықтың артып, садақа алатын адамның табылмауы
 
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Дүние- мүліктерің көбеймейінше Қиямет қайым басталмайды» (Бұхари).
 
Әбу Мұсадан (оған Алла разы болсын) былай деп келеді: «Бір заман келеді, ол кезде бір адам алтынын садақа етпекші болса да оны алатын адам таппайды» (Муслим).
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала мұсылмандарға осы дүниенің байлығын береді және де Ислам Батыс пен Шығыста салтанат құрады» - деген.
 
Бұл хадис Сәубаннан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте айтылады: «Алла Тағала маған Батыс пен Шығыс көрінетіндей етіп жерді жиыстырып берді. Мен үмметімнің билігі маған көрсетілген жерлерге дейін жеткендігін көрдім» (Муслим)
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған жердегі байлықтың кілті берілген» (Муслим)
 
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының сол кезде-ақ осы сөздердің растығына көздері жеткен болатын. Омардың (оған Алла разы болсын) билігі кезінде көптеген жеңістер нәтижесінде парсылар мен гректердің байлығы Мәдинаға ағылған еді.
 
Және Омар ибн Абдул Ъазиздың (Алла оған рақым етсін) тұсында да зекет берілетін адамды табу қиынға соққан.
 
Көптеген ғалымдар Махди мен Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) кезінде де байлық пен ақша көп болып, жер өз қазынасын ашады деп пайымдаған (Фатх, 13/77).
 
Кейбір ғалымдардың ойынша, «байлықтың артуы» дегенді Қиямет басталған кезде адамдарды үрей билегені соншалықты, олар тіпті байлыққа қарай алмай қалады деп түсіндіреді. Барлығын қорқыныш билеп, барлығы да  өз дүниелерінен құтылғысы келеді, алайда оны алатын ешкімді таппайды.
 
Мұның қашан болатынына келер болсақ, ол туралы нақты тарихи деректер жоқ. Егер біз мұны Омар ибн Абдул Ъазиздің тұсында болды дейтін болсақ, басқа ғалымдардың сөздеріне сәйкес, бұл жағдай Махдидің тұсында тағы да  қайталануы мүмкін.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков