Циклы Авторы Сортировка

11 бөлім. Исламға шақырудың басталуы

2 169
16 февраля, 16
Уахидің тоқталуы
 
Содан кейін уахи біршама уақытқа тоқталады. Қанша уақытқа тоқталғаны туралы тарихшылар дауласуда, бірақ қырық күнге тоқталған деген пікір күштірек. Мұның данышпандығы Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның қаншалықты жетіспейтіндігін сезініп үлгеруінде еді. Дәл солай болды да. Бұл жағдайдың ауыр болғандығы соншалықты, Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әр кез тауға шыққан сайын, құздан төменге қарай секіріп кеткісі де келген, бұған себеп Алла оны Өзі мен жаратылыстарының арасында дәнекерші болу құрметіне лайықтап таңдап, ал сосын ол құрметтен айырғандығы еді. Бірақ, тауға шыққан сайын періште пайда болып, оған:

- Расында, сен – Алла Елшісісің – деп айтып отырған.

Сол кездерде Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тынышталып, құздан секіру ниетінен бас тартып отырған. Осылайша, Мұхаммедтің өз-өзімен арпалысы, Алла Тағала бұл әлемді ақиқат діннің жарығымен нұрландыруды қалап, уахиді жіберуін қайтадан бастамағанша жалғаса берген еді.

Уахидің қайтадан келе бастауы
 
Бір күні ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келе жатып, кенеттен көктен дауыс естиді.  Ол төбеге қарап, Хира тауында оған келген періштені көреді. Періште ауада отырған еді.

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұл періштенің оған өткен жолы не істегенін есіне түсіріп, қорқып кетеді де үйіне қайтып оралады. Үйіне келіп, ол:
 
-Мені бүркеңдерші, мені бүркеңдерші!.. – дей бастайды. Сол уақытта Алла оған уахи арқылы мына аяттарды түсіреді:
 
يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ ﴿١﴾ قُمْ فَأَنذِرْ

Мағынасы: «Әй, жамылушы! Тұр енді! Адамдарға ескерт!…»
 
Жаратушының жазалауы туралы адамдарға ескерт, егер олар адасуларынан және олардың ата-бабалары табынған пұтқа табынуларынан бас тартпаса, олар жазаға тартылады.
 
وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ

Мағынасы: «Раббыңды ұлықта!…»
 
Жалғыз Оны ұлықта және Оған серік қоспа.
 
وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ

Мағынасы: «Киіміңді тазала!…»
 
Алла Тағаланың алдында мүмінге кір әрі нәжістен арылмаған күйде тұру лайықсыз.
 
وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ

Мағынасы: «Әр түрлі лас істерден аулақ бол!…»
 
Яғни Аллаға бойсұнып, Оның бұйырғандарын әрқашан орындап, жазалау себептерінен аулақ бол.
 
وَلَا تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ

Мағынасы: «(Қылған ісіңді) көп міндет қылма…»
 
Бір адамға оған сыйлағаныңнан да көп нәрсе алармын деген үмітпен ешқашан ештеме сыйлама. Жомарттар бұлай жасамайды.
 
وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ

Мағынасы: «Раббың үшін сабыр ет» («Муддәссир», 1–7 аяттар)
 
Халқыңды Аллаға шақырғанда, олардан келер зиянға сабыр ет.
 
Жасырын шақыру (басталуы)
 
Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осы бұйрықты орындауға кірісті және сенімнен айырылған қатыгез жүректі, пұтқа табынған, не пайда, не зиян әкеле алмайтын адамдарды Аллаға құлшылық етуге шақыра бастады.  Және де бұл адамдарда өз ата-бабаларының сеніміне соқыр ергендерінен басқа ешқандай ақталу болмаған еді. 
 
Олардың адамгершіліктері әлі де мәз емес еді.  Оларды тәкаппарлық  пен даңқ құмарлық сезімдері кернегендігі сонша, ұдайы қақтығыстар мен соғыстарға және қантөгіске әкеліп соғатын.  Енді, міне, оларға Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, олардың ойына кіріп-шықпаған дүниемен келді.
 
Ақыл иелері оған бірден иман келтіріп, пұтқа табынуларын доғарған. Ал бұл дүниенің даңқына құныққандар, фәни дүниенің игіліктерін құрбан еткілері келмей, тәкаппарлана, одан теріс айналған.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков