Циклы Авторы Сортировка

11 дәріс. 32-33 нақыл сөздер

2 003
28 октября, 15
32.  Өміріңде екі қағидатты: сабыр мен шукірді  жүзеге асыр.
 
Бұл өмірге деген әр жақты кеңес, өйткені дәл осы екі  жағдай кез-келген өмір қиындықтарын еңсеруге көмектеседі.
 
Сабыр – бұл түбі жоқ мұхит, Алланы танудың өзіндік түрі, бұны құл ерекше бағалауы тиіс. Әр қиындық, жамандық, ауыру, сатқындық, алдау және басқа да тауқіметтерді сынақ деп білу керек.
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сабыр — бұл қиындық пен сынақ кезіндегі сенің қылығың, одан кейінгі емес. Сондықтан да егер адам сол кезде өзін ұстай алмай, біреуге айғайлап тастаса, одан кейін өз қателігін түсініп, кешірім сұраса, бұл сабыр болмайды.
 
Ақиқатында сабыр біздің тағдырға деген иманымыздың тәжірибесі болып табылады.
 
Шүкірлік келер болсақ, ол - бізге берілген дүние-мүлікті Алла, одан кейін Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разы болатындай жарату.
 
33. Тыйым салынғаннан қорғану үшін екі нәрседе тұрақты бол: истиғфар (ұдайы тәубеде болу) мен истиғаза (Алладан зұлымдық пен шайтанның қастығынан сақтауды сұрау).
 
Тәубе  – бұл Аллаға жақындаудың жалғыз жолы, өйткені біз бәріміз күнәлі болып табыламыз, сондықтан да өз күнәларымыз үшін ұдайы тәубеге зәруміз.
 
Тіпті біздің құлшылығымыздың өзі сондай мардымсыз, сондай немқұрайлы, санасыз әрі рухани дәмсіз болып кеткендігі үшін ғана жеке тәубені қажет етеді.

Сондай-ақ, салик әрдайым мынаны есінде сақтауы керек: оған күнәдан құтылуға көмектесетін тек Алланың ғана көмегі, әрі осы көмекті және күнәдан шеттеткізетін күшті ұдайы Алладан сұрау керек.

Діни ортада едәуір ұзақ уақыт болған адамдар біледі, бүгін «сүннет пен дұрыс ақида» үшін таласып жүрген адам, ертең кәсіби спортқа кетіп, қасына көңілдес әйел ертіп, бұл ісін айналасындағылардан жасыруға да қиналмайтын күйге түсіп кетуі мүмкін. Немесе бүгін хиджаб киіп әрі «Әлбани бойынша намаз» оқып жүрген қыздар, ертең орамалдарын шешіп, әлеуметтік желілерге өз фотосуреттерін ашық жариялай басталары мүмкін. Бұның бәрі біздің бугінгі күнімізде орын алып жатыр, осыдай күйге түспеу үшін біз Алланың қорғауына жүгінуіміз керек, өйткені тек Ол ғана бізді бұндай масқаралықтан сақтай алады.  

Бұндай метаморфоздың себептерінің бірі адамдардың өз дінін тек ұрандау алаңынан Алладан шынайы қорқу мен рухани даму аумағына ауыстыра алмағандығы.
 
Сондай-ақ, «саяси-иламистер» деген әртүрлі топтар бар, олар тіпті бұдан да жаман, дәлірек айтсақ, Исламды тастайтын муртаддтарды өрбітеді.   
 
Жаңа муртаддтар –  бұл өзі жеке тақырып, мұсылмандарға жағымсыз, бірақ дегенмен мұқият талдауды қажет етеді.
 
Дінніңі түп негізі мынада - оның жақтастары өздеріне үлгі тұтатындарға зәру. Ал егер адам діни идеялары бітпейтін мылжыңдық шегінен шықпайтын, елірген пасықтар мен жалқаулар бастаған топқа түссе, бұндай ортада оның ұзақ болуы мүмкін емес, ақырында ол адам не бұл топтан кетеді  не біржолата діннен кетеді.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков