Циклы Авторы Сортировка

11 дәріс. Алтыншы кіші белгі. Бүлік.

3 740
16 марта, 15
Бүлік
 
 
 
«Бүлік» сөзі негізінде сынақ дегенді білдіреді. Кейінірек ол сөз қиын әрі ауыр сынаққа қолданылып кетсе, одан кейін тіпті күнә, кісі өлтіру, имансыздық секілді өте ауыр мағынада қолданылды.
 
Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен сенімді хадисте мұсылмандарды бүлік қоршаған заман келеді, сол кезде ақтан қараны ажырату өте қиын болады, адамдардың имандары әлсіреп, тіпті мұсылман адам кәпір болып, ал кәпір адам мұсылман болып оянатындығы айтылады. 
 
Бүлік заманы туған кезде мұсылмандар: «Бұл сол бүлік қой»,- деседі. Алайда бұл бүліктің орнына одан да қорқынышты сынақтар мен бүліктер туатын болады.
 
Шығыстан  жеткен бүлік
 
Мұсылмандар бетпе бет келген көптеген бүліктер шығыстан келген. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы жер жайлы «Шайтанның мүйізі Шығыстан шығады» - деп айтқан.
 
Муслимде келген хадисте, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Имансыздықтың негізі – шайтанның мүйізі шығатын жер»,- яғни шығыс.
 
Ибн Аббастан (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына дұғасы жеткен: «Я, Алла! Шам мен Йеменді жарылқа». Сол кезде бір адам: «Я Алланың Елшісі, біздің Иракты ше?»,- деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, ол жерде шайтанның мүйізі бар»,- деген.
 
Көптеген бүліктер Ирак жерінен шықты: харижилер, шииттер, батынилер, қадарилер, жахмилер. Және де ең сұмдық сенімдер: зороастризм, индуизм, буддизм және басқалары осы шығыста туындаған. Осы жерден қадианилер мен бахаилер де шыққан.
 
Ал хижра жыл санауы бойынша жетінші ғасырда моңғолдар шығып, тарих кітаптарында айтылғандай көптеген қантөгістер жасаған.
 
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Батысты шығыстың ағымдары басып алды, бұл тарихта «Нью Эйдж» деген атпен қалды. Жасөспірімдер шығыстың тәжірибесімен және діни ілімдерімен айналыса бастады. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары болса, батыстың орталық қалаларын «кришнаиттардың мерекелерінсіз» елестету мүмкін емес болса, біздің күнімізде ол қалыпты жағдайға айналған.
 
Бұл хадистің басқа нұсқасында Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ал біздің Недж ше?»,- деп сұраған екен. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Недж – шайтанның мүйізі» - деп айтқан екен.
 
Бұл жерден Алла Тағалаға дене-мүше береіп, көптеген мұсылмандарды еш қандай шариғи дәлелсіз серік қосу мен имансыздықта айыптап, өлтірген Ибн Таймияның ілімін таратушы уаххабшылардың ағымы шыққан. 
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков