Циклы Авторы Сортировка

11 дәріс: Төрт мәзһаб бойынша жәурабқа мәсіх тартудың шарттары мен ережелері: Төрт мәзһаб бойынша түйін; Төрт мәзһабтың дәлелдері

2 111
13 января, 16
Төрт мәзһаб бойынша түйін
 
Жұқа шұлықтарға байланысты төрт мәзһабтың шешімдері жасалған кітаптарды көрсете келе, египеттік ұлы ғұлама, шейх Ахмад Камил әл-Хадри былай деп жазады:
 
«Біз әр түрлі мәзһаб ғұламаларының көптеген пайымдауларын атап көрсеттік. Онда бұл мәселе бойынша барлық кезеңнің бүкіл ғұламаларының пікірлері қамтылған. Негізінде, бұл сұрақ бойынша ғұламалар мына төрт пікірдің бірін ұстанады:
 
1) Жәурабтар теріден я болмаса басқа материалдан жасалғанына қарамастан, немесе мунаъәл болса да, болмаса да, егер олар суды үстінен құйғанда ішіне өтіп кетпейтіндей қалың, жүруге жарамды және жуылуы қажет болған аяқтың тұстарын жауып тұратын болса, ондай жәурабтарға мәсіх тартуға рұқсат етіледі.
 
2)Егер олар мунаъәл бола тұра, алдында көрсетілген шарттарға сай болған кездерден басқа жағдайдарда мәсіх тарту рұқсат етілмейді.
 
3)Егер жәурабтар теріден жасалып, тоқтаусыз жүруге жарайтындай берік болса немесе теріден жасалмай, бірақ мужалләд немесе мунаъәл болса, оларға мәсіх тартуға болады.
 
4)Жәурабтар теріден жасалып, оларды кигенде жүруге жарамды болса да, жалпы мұндай жағдайда да рұқсат етілмейді».[1]
 
Яғни жоғарыда жазылғандардан анық көз жеткізетініміз–көптеген ғұламалардың басым пікіріне орай қазіргі замандық шұлықтарға мәсіх тартуға рұқсат етілмейді.
 
Төрт мәзһабтың дәлелдері
 
Жәурабтарға қатысты жеткен хадистер әлсіз екендігі алдында баяндалған болатын. Олай болса жоғарыда жазылған шарттарға сай болған жағдайда жәурабтарға мәсіх тартуға төрт мәзһаб имамдары неліктен рұқсат еткен?
 
Мәсілерге (хуфф) қияс (аналог, балама) ретінде алынған жәурабтарға мәсіх тартуға болады деген дерек бұған ең қисынды дәлел бола алады (хадистер дәлел бола алмайды, себебі олар Құран үкімін айшықтайтындай мықты емес). Осыған байланысты, мәсінің баламасы дұрыс болуы үшін, ол да мәсіге қойылған талаптарға сай болуы қажет. Себебі ең басында Құрандағы ереже бойынша аяқтарды жуу керек болатын, алайда ғұламалар тауатур жолымен жеткен хабарлар бойынша мәсіге мәсіх тартуға рұқсат берілетіндігіне үкім шығарған.  Мәсілерге қарағанда жәурабтар жайлы бірнеше ғана хадисте айтылған. Біз бұл хадистердің дәрежесі жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп өткенбіз. Сондықтан дәлел ретінде көрсету үшін біз киясқа сүйенуімізге тура келді. Мәсіге қойылатын барлық талаптар жәурабтарда да орындалған жағдайда ғана осы  балама дұрыс деп қабылданады. Имам Әбу Бәкр Әл Жассас жазған:
 
والأصل فيه أنه قد ثبت أن مراد الآية الغسل على ما قدمنا فلو لم ترد الآثار المتواترة عن النبي ص - في المسح على الخفين لما أجزنا المسح فلما وردت الآثار الصحاح واحتجنا إلى استعمالها مع الآية استعملناها معها على موافقة الآية في احتمالها للمسح وتركنا الباقي على مقتضى الآية ومرادها ولما لم ترد الآثار في جواز المسح على الجوربين في وزن ورودها في المسح على الخفين بقينا حكم الغسل على مراد الآية ولم ننقله عنه (أحكام القرآن للجصاص - ج 3 / ص 440
 
 
Имам Мұхаммед өзінің «Китаб ил хужах алә Ахл ар раиқ» еңбегінде мәсілерге мәсіх тарту жайындағы тарауында былай деп жазған:[2]
 
«Дәлел ретінде хадис жоқ жағдайларға балама қолданылмайды деп ойланғандарындай, Сүннет пен асарларға балама қолданатын адамдар бұл жағдайда да солай ойланулары керек».[3]
 
Мәлики мәзһабының ұлы ғұламасы Ибн Рушд Әл-Мәлики (Алла оны рахыметіне алсын) былай деп айтқан:[4] «Бұл хадистерді сенімді деп есептеген немесе мәсілерге басқа балама қолдануға болады деген кісілер жәурабтарға мәсіх тартуға болады деп рұқсат етеді».[5]
 
Кияс болып-болмауына қарамастан мәсілерге (хуфф) мәсіх тарту белгіленген, ал онымен ұқсастырылған нәрсенің барлығында да оның ерекшеліктері болуы шарт.[6]
 
لا شك أن المسح على الخف على خلاف القياس فلا يصلح إلحاق غيره به إلا إذا كان بطريق الدلالة وهو أن يكون في معناه ومعناه الساتر لمحل الفرض الذي هو بصدد متابعة المشي فيه في السفر وغيره للقطع بأن تعليق المسح بالخف ليس لصورته الخاصة بل لمعناه للزوم الحرج في النزع المتكرر في أوقات الصلاة خصوصا مع آداب السير (شرح فتح القدير - ج 1 / ص 157
 
[1] «Нихая аль-мараб», 17 бет
 
[2]ينبغي لمن قاس علي السنة و الآثار أن يقيس علي السنة ما لم يأت فيه أثر لما قد جاءت فيه الآثار مما يشبهه (كتاب الحجة علي أهل المدينة – (ج 1 / ص 44) أ
[3]«Китаб ил хужах алә Ахль әл-Мәдина» (1/44)
 
[4]و من صح عنده الأثر أو جوز القياس علي الخف أجاز المسح علي الجوربين (بداية المجتهد- (ج 1 / ص 52) أ
 
[5] «Бидая әл-Мужтахид», 1/52
 
[6] «Фатауа Усмани» (372, 373) қараңыз

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков