Циклы Авторы Сортировка

12 дәріс. 34-36 нақыл сөздер

2 572
31 октября, 15
34. Мыңдаған тақуалардың тәжірибесі дәлелдегендей, көп достар мен таныстар зиянды.
 
Бұл барлық мұсылман салтының  тақуа әдебиетінде қызыл жіппен тігілген басты және ең біртума ойлардың бірі. 

Алланың разылығына жету жолында адамда іс жүзінде достары да, оған көмектесер ешкімі де жоқ.  Көбіне, бұл жолда адамдардың басым көпшілігі кедергі келтіреді, әсіресе, жақын туыстары. 

Егер адам, мысалы, үйленгісі келіп, үйлену тойын Шариғат бойынша жасағысы келсе, онда  кім оның басты қарсыласы болады? Мен, бұл сұрақтың жауабын әркім де біледі деп ойлаймын.

Сондай-ақ, келген достық екі маңызды негізде құрылатынын түсіну маңызды: жалпы қызығушылық  және ниеттестік.

Егер жалпы қызығушылықтар қандай да бір сұрақтар тудырмаса,  онда ниеттестік  мәселесі өте қатты білінеді: егер біреуі Шариғатқа сай емес қылықтары үшін екіншісіне әр кез ескерту жасап отырса, адамдардың арасында достықтың болуы мүмкін емес. Бұндай жағдай, керісінше, жаулыққа және достық байланыстың үзілуіне әкеліп соғады. 

Сондықтан да, өкінішке орай,  қазіргі достық – бұл жалпы қызығушылық жиынтығы, бір-бірінің күнәларына және олқылықтарына көздерін жұма қарау.

Сонымен бірге, жазғырудың да шегі болуы керек, өйткені «біздің уақытымыздың сынымен» айналысатын адамдар ғажапқа түсіп кетуден  үлкен қатерде болады, өйткені күнәларды түпсіз әшекерлеу мен қоршағандардың мінездеріндегі кемістіктерді айқындау, уағызшының өзін басқалардан ажырата бастауына әрі олардан  өзінің рухани басымдығын сезінуге әкеледі.

Өмірде мынадай жиі болады, бөтен адамдардың  балаларын сынайтын адамдардың өз балалары одан да үлкен  қиындықтармен өсіп-жетіледі.

Өте «сыншыл тәсілдемеге» үйренген адам, кейін дәлелсіз сынға көшеді, оның нәпсісіне жағу мүмкін болмайды,  кез-келген адамда кемістік пен кемшілік табуға тырысады, ал біздің заманымызда бұлай жасау ешқандай қиындық тудырмайды.  

Бұл мәселеде теңгерім табу өте қиын.

35.  Жалғыздықты бағала.

Өлім қалай ұлы рухани тәлімгер болып табылса, нағыз саликтің сүйіспеншілігімен бейнеленетін жалғыздықта  сондай күйге жатады. 

Бұл жағдайдың құндылықтарының бірі  – боямашылықтан (риядан) қорғаныш. Сен бөлмеде жалғыз отырғанда, ешкім сені көрмейді, онда кімнің алдында өзіңді «ұлы да білімді» етіп бейнелеуің керек?

Әсіресе, бұл Шариғат біліміндегі студенттерге маңызды, өйткені серіктестері мен көптеген достары студенттің басты мүлігі – оның уақытын алады.

Егер сен күнде қонаққа барсаң, онда сен ешқашан өз біліміңді тереңдете алмайсың әрі студент ретінде оқуың керек болған кітаптарды оқи алмайсың. 
 
36.  Жалғыздықтан басқа уақытта Алланың достарымен бол.

Адам – әлеуметтік жаратылыс, сондықтан да түгелдей қоғамнан  бөлектене алмайды, бірақ та өз қатынасуында  талғамалы болып әрі өзін тақуалармен қоршауға тырысу керек.

Күнәһарлар мен адасушылардың  қоғамынан қашу қажет, себебі оларға жақындау оларды ұнатып қалуына әкелуі мүмкін, бұл салик үшін өте залалды.

Әрбір мұсылман өзіне білімі мен тақуалығы деңгейі жағынан өзінен биік болатын, өмір үлгісі оның жеке өміріне әсерін тигізетін дос табуға тырысуы қажет.

Салик  үнемі өзінің рухани тәлімгерінің қасында бола алмайды. Сондықтан да, оған айықтыратын үлгі бола алатын, құдайдан қорқатын муридтерді  өзіне жақын достар ету ол үшін өте маңызды.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков