Циклы Авторы Сортировка

12 дәріс. Алтыншы кіші белгі. Османның (оған Алла разы болсын) өлтірілуі

4 763
23 марта, 15
Бүлік. Османның (оған Алла разы болсын) өлтірілуі
 
 
 
Мұсылмандарды екіге айырып, арты азаматтық соғысқа ұласқан сахабалар арасындағы бүлік Омар ибн әл-Хаттабтың (ол кісіге Алла разы болсын) өлтірілуімен басталды.
 
Осы кезге дейін екіжүзді Исламның дұшпандары ашық түрде бүлік шығарып және жолдан тайдырушы әрекеттеріне кірісе алмай жүрген еді. Осы оқиғадан соң, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың сәті түскен еді.
 
Хузейфадан (оған Алла разы болсын) жеткен сенімді хадисте Омар (оған Алла разы болсын) екеуінің адамдарды теңіз тұңғиығы секілді батырып әкететін бүлік туралы сұраған әңгімелері келеді. Сол кезде Хузейфа былай дейді: «Оған сен алаң болмай-ақ қой, мүміндердің әміршісі. Сен мен ол бүліктің арасындағы есік жабық». Сонда Омар сұрайды: «Бұл есікті ашады ма әлде бұзады ма?» Сонда Хузейфа (оған Алла разы болсын): «Бұзады. Осыдан соң ол есікті ешқашан жаба алмайды». Осыдан соң ол әлгі есіктің Омар екендігін айтқан. (Бұхари)
 
Омарды (оған Алла разы болсын) өлтірген соң бұл есік бұзылды да бүлік басталып, жоқшылық орын алды әрі бұл үшінші халиф Осман ибн Аффанның (оған Алла разы болсын) өліміне жалғасты.

Егер Омар отқа табынушының қолынан қаза болса, Осман (оларға Алла разы болсын) бірнеше күн үйін аңдыған мұсылмандардың қолынан қаза болды.
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Османға (оған Алла разы болсын) оны үлкен сынақ күтіп тұрғанын, сондықтан да ол оған қастандық ойлап, артынан Мәдинаға келгендерді өлтірмей, сабыр етуді бұйырған.
 
Оның өлімі мұсылмандарды бір-бірімен еш қашан келісімге келместей етіп екіге айырды. Осы оқиғадан соң әртүрлі ағымдар болып бөлінушілік басталды.
 
Кейінгі тарихи дәуірлерде мұсылмандар үнемі талас пен тартыс үстінде осы оқиғаны бүліктің кері қайтарылмас сөресі ретінде сөз қозғайтын болады.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков