Циклы Авторы Сортировка

12-ші насихат. Шариғат және шариғат ғылымдары жайлы

3 950
23 мая, 15
Шариғат және шариғат ғылымдары жайлы
 
Келесі мақалалар топтамасында «шариғи ғылым» түсінігі нақты қандай тәртіптерді қамтитынын және бізге нақты нені үйрену керектігі жөнінде сөз қозғамақпыз. Әрбір шариғи ғылым түрін атап өтіп, сосын қысқаша түрде ол ғылым нені зерттейтініне де тоқталамыз. Әрі қарай жазатынымыз біреулер үшін әр-бір мұсылман білетін, қарапайым сұрақтар секілді көрінуі мүмкін, бірақ біз білім алуды жаңа бастап жүрген және оны жалғастырушы оқырман үшін де қызықты болуын көздедік.
 
Шариғат дегеніміз не?
 
Сенім (ақида) тұрғысынан алғанда Ислам шариғаты – Алла Тағаланың мәңгі Сөзінің мазмұны, яғни, уахи арқылы Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) адамдарға  жеткізгені.
Егер уахи – Алладан жеткен Сөз, қайталанбас әрі теңдесі жоқ болса, онда ол – Қасиетті Құран болмақ. Ал, егер ол шыншыл, күнәдан пәк  Алла Елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз сөзі болса, онда - Сүннет (хадистер) болады.
 
Шариғи ғылым түрлері
 
Егер шариғат үкімдері әрбір мукалляф (дін тұрғысынан балиғат жасына жеткен, ойлау қабілетіне ие, өз міндеттерін білетін және оны орындауға қабілетті адам) білуге міндетті болған тәртіптермен байланысты болса, онда бұл - сенімді зерттейтін «ақида» («усуль ад-дин»  әлде «ʼильм аль-калям» деп те аталады) саласына жатады.
 
Ислам дінін қабылдаған адамдар үшін немесе дін ұстанып бастаған кез-келген ұлттың мұсылмандары үшін ең алдымен, яғни, бірінші кезекте - ақида саласының негіздерін және де адамды діннен не нәрсе шығаратыны жайлы біліп, үйренуі аса қажет болады. Пенденің сенімі дұрыс болмаса, оның оқыған намазы, тұтқан оразасы, қажылық сияқты т.б. құлшылықтары Алла алдында қабыл болмайтыны белгілі.
 
Ал, егер шариғат шешімдері мукалляфтың іс-әрекетіне қатысты болса, онда мұны - Ислам құқығын зерттейтін «фикһ» саласы қарастырады.
 
Егер үкімдер мукалляфтың ішкі дүниесіне (оның жүрегі мен жаны - нәпсісіне) қатысты болған жағдайда, оны - «тасаууф» (сопылық, «тазкия ан-нафс» немесе «сулюк») саласы зерттейді.
 
Үкімдердің бұл үш түрі мен ғылым саласының аталған үш түрі сәйкесінше дінімізді де үш түрлі салаға бөлуге болатынын көрсетті, ол жайында  «Жәбірейіл туралы хадисте» айтылып өтеді, онда Жәбірейіл періште (алейһис сәлам) Алла Елшісі мен (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оның  сахабаларының алдына келіп, иман, ислам және ихсан жайлы сұрайды.
 
Бұдан шығатыны, ең бірінші, жоғарыда айтылған үш түрлі ғылым саласын оқып-үйрену  - сенімді хадистерге негізделген, екіншіден, қарсы пікірді қолдаушылар не айтар болса да, сопылық  - бұл дініміздің ажырамас бөлігі. Бұл жерде айтып отырғанымыз, білімсіз адамдардың сопылыққа тағып жүрген әртүрлі түсініксіз тәжірибелері, ұлттық билері т.б. емес, керісінше, шариғатқа сай негізделген, Исламдағы шынайы тассауф жайында болып отыр.
 
Шариғаттың үкімдерін түсінудің негізі - араб тіліндегі сөздердің мағынасын жетік білуде жатыр. Тіл білімі арқылы ғана адам ғылымға қол жеткізбек, әсіресе, шариғатты үйреніп жүргендер үшін бұл өте маңызды. Осыған сәйкес, келесі ғылым саласы – араб тіліне қатысты болған ғылым.
 
Жинақтай келгенде, шариғаттың жеті түрлі ғылым саласы бар екен (1):
 
1. Араб тіліне қатысты ғылымдар;
 
2. Оңтайлы (рационалды) ғылымдар;
 
3.Қасиетті Құранға қатысты ғылымдар;
 
4.Хадис ғылымы;
 
5.Ақида (сенім);
 
6.Фикһ;
 
7.Тасаууф.
 
ИншааАллах, әрі қарай, мұның әрқайсысына жеке тоқталып, әрбір ғылымның нақты нені зерттейтіні жайлы қысқаша жазамыз.
 
1. Бұл тек бір ғана классификациялау емес. Шейх Ну’ман ибн Мунзирааш-Шавииз Бахрейннің «Аль-фаваидаль-бади’ийялитулляб‘улюмаш-шар’ийя»кітабынан алынды (Дарад-дыя, 2011).
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков