Циклы Авторы Сортировка

13 дәріс. 37-41 нақыл сөздер

2 054
4 ноября, 15
37. Салик озықтығының көрсеткіші – шариғат үкімдерін ұстану / тыйым салынғаннан шеттену және вирд (ұстаз тапсырмалары) орындаудағы тұрақтылық.
 
Тек осы екі аспект - діни үкімдерді ұстануда тиянақтылық және ұстазының тапсырмаларын орындаудағы тұрақтылық саликтың рухани дамуын бейнелейді.

Муридтерге «әжетханаға қалтадағы тәспімен кіруге болмайды» деген сияқты, кейде шариғи үкім деңгейіне көтеріп қоятын басқа да қауесеттерге қарағанда дәл осы аспектілерге ден қойған қажет.
 
38. Алланың разылығы адамдарға жәрдемдесудегі ұмтылыста жатыр.

Аллаға жақындау жолдарының бірі  –  Оның жаратылыстарына қызмет көрсету.
 
39.  Әрдайым жасы үлкендердің арасында болуға тырыс.

Сөзсіз, жас шамасы өздігінен ерекше құндылыққа ие емес, өйткені адам, жасы келсе де құмарпаз әрі түзелмейтін күнәһар болып қала беруі мүмкін, алайда біз ұзақ өмірі бойы өзінің тәжірибесі мен рухани нұрын алып жүре білген адамдардан көбірек пайда алуға тырысуымыз қажет.
 
40.  Көркем мінез – Құдай берген қару.

Бұл - көп жылдар бойы «дәлелдер мен пікірталастар» мойындата алмаған жүректер мен ақылдарды жаулай алатын қару.

Имам әл-Ғазали, рахимахуллах, өзінің «Ихья» атты керемет еңбегінің ақидаға қатысты бөлімінде, адамдардың көпшілігіне «дәлелдер мен уәждер» келтіру пайда бермейді, өйткені олар оны түсінбейді, бірақ көркем мінез бен жақсы қарым-қатынас оларды жұмсартып, әрі Алла олардың жүректерін ашу арқылы оларды ақиқатты қабылдауларына себеп қылуы мүмкін, деп жазады.

Бүгінде көптеген жастардың  адасқан діни ағымдарға қосылып кетіп жатқандығының тек бір себебі ғана бар, ол - әхлі-сүннет ғалымдарының немесе солардың аттарынан сөйлеп жүргендердің оларға бір мәселені түсінікті әрі көркем түрде түсіндіре алмауларында.
 
Көбіне оларға: «Бұған күмәнданатындай, сен кім едің?» немесе: «Қалай ғана біздің ұстаздарымызға күмәнданасың?», деген сияқты осыған ұқсас сөздер айтылады, ал бұндай сөздер өкінішке орай, адамдарды Ақиқаттан қорқытып, адасқандардың жағына қарай итермелейді.

Аууамдардан болған адамдардың 99%  ғалымдардың дәйексөздерін талдай алмайтынын әрі өздігінен олардан бір нәрсе шығара алмайтынын ұғыну өте маңызды. Сол себептен де олар  әрқашан сол дәйексөзге қатысты ғалымдардың не түлектердің берген түсініктемелеріне ереді.

Уағыз айтушы адам, оның адами бейнесі мен мінезі, олар бағалайтын ең бірінші және негізгі өлшем болып табылады. 
 
41. Күнделікті әдеттерге жоламау. Ақылыңды қолдан да Шариғатты ұстан.

Өз қалауларын толық қадағалап тұруға қол жеткізу, салик үшін өте маңызды міндет болып табылады. Ал өз қалауларыңды бақылап, оларды саралаусыз бақылап тұру мүмкін емес.  

Бұндағы бірінші қадам -  өз қалауларыңды Шариғатпен салыстырып қарау. Одан соң, тіпті егер әлдебір әрекет Шариғатқа қарсы келмесе де, оның пайдалылық дәрежесі мен ақылға қонымдылығын бағалау керек.  
 
Әсіресе тамақтануда өз-өзіңді қадағалауға жету маңызды. Сөзсіз, мұсылман харам тамақ жемейді. Бірақ әртүрлі бояғыштар мен консерванттардан тұратын көптеген тағамдар бар, мысалы: шырындар, қытырлақ картоптар, газдалған сулар – бұлардың пайдасы жоқ болғаны былай тұрсын, денсаулыққа өте зиянды, бірақ осыған қарамастан біз олармен жиі тамақтанамыз.  

Өкінішке орай, өз денесі мен денсаулығына деген қамқорлық сүннеті – бүгінгі күнде ұмыт қалған сүннеттердің бірі. 
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков