Циклы Авторы Сортировка

13 дәріс. Алтыншы кіші белгі. Бүлік. Түйелер шайқасы

5 083
30 марта, 15
Бүлік. Түйелер шайқасы
 
 
 
Османның (оған Алла разы болсын) өлімінен соң бүлік семсері жылдам сермеліп, мұсылмандарды Әли мен Айшаның арасында болған, Талха  мен Зубейр (оларға Алларазы болсын) арасында туындаған қасырет күтіп тұрды.
 
Османның қазасынан соң Мәдина халқы Әлиге (оған Алла разы болсын) ант беруге келеді, Әли болса жиналыс жасау қажет деп жауап береді, алайда халық оған егер бүлікшілер отандарына қайтып келетін болса, барлығы да ант беруге келісім беретін басшы болмай қалады әрі мұның ақыры жамандыққа апаратынын айтып, оны ант қабылдауға көндіреді. Оған ант берушілердің ішінде Зубейр мен Талха (оларға Алла разы болсын) бар еді. Осыдан соң олар Меккеге умра жасауға кетеді.
 
Олар ол жерде Айшамен (оған Алла разы болсын) кездесіп, Османның (оған Алла разы болсын) жағдайын талқылап, Әлиден Османды өлтірген адамды жазалауды талап етуге Басраға бет алады.

Шийттер Айша, Талха және Зубейр қастандық ойластырып Басраға Әлиді құлату үшін барды деп айтады.
 
Белгілі Ислам ғалымы Қади Әбу Бәкір ибн әл- Араби (белгілі сопы Ибн Арабимен шатастырып алмау керек) өзінің «Әл- Әуәсим мин әл- Қауасим» атты еңбегінде мәселені шешіп, мұсылмандарды татуластыру мақсатында жол тартты деп жазады.
 
Алайда болатын нәрсе болды, екіжүзділердің түртпегімен әрі Османды өлтіргендерің жазадан қорқулары нәтижесінде мұсылмандардың екі жақ әскері арасында соғыс басталып кетеді. Бұл қазіргі таңда да жалғасын тауып отырған азаматтық соғыстың бастауы болды.
 
Имам Ахмадтан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әли мен Айшаның (оларға Алла разы болсын) араларында қақтығыс болады деп айтқан екен. Осы кезде Әли қатты таңқалған екен. Және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны қауіпсіз жерге қайтаруды айтқан.
 
Әһлі Сүннеттің ұстанымына келер болсақ, біз Әли (оған Алла разы болсын) осы қақтығыстардың барлығында да әділ болған, себебі ол халиф болатын және де барлығы да оған бағынуы тиіс еді. Бірақ бұл жағдайды бүлік деп атаудың себебі қақтығысқа  қатысушылардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс жолда болғандығын түсіну қиындығынан болған.
 
Абдуллах ибн Омар (оларға Алла разы болсын) өзге сахабалар секілді бұл оқиғаға қатыспаған, бірақ кейін ол Әлидікі дұрыс деп санады.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков