Циклы Авторы Сортировка

13 дәріс: Қазіргі заманғы шұлықтарға мәсіх тарту

3 878
18 января, 16
Біз алдында айтып өткеніміздей, бұрынғы кезеңнің беделді ғұламаларының бірде бірі жұқа шұлықтарға мәсіх тартуға болады демеген. Осыны негізге ала отырып, көптеген ғалымдар жұқа шұлықтарға мәсіх тартуға рұқсат етілмейді деген ортақ пікір (иттикаф) бар деп көрсетеді.[1]
 
«Әл-Мухит әл-Бурхани» еңбегінде барлық ғұламалар рұқсат етілмейді дегенге келіседі делінген.[2] Мүфти Шафиғи (Алла Тағала оған разы болсын) мұны күннен де айқын деп айтқан[3].
 
Ең алғашқыдағы ереже аяқтарды жуу болып табылатындығын біз алдында түсіндіріп өткенбіз. Мәсілерге (хуфф) мәсіх тарту жайындағы хабарлар тауатур жолымен жеткендіктен, оны аяқты жуудың орнына қолдануға болатындай мықты дерек екендігін ғұламалар бекіткен. Тек мәсіге мәсіх тарту туралы деректер ғана тауатур жолымен жеткені үшін шұлықтардың басқа түрлеріне мәсіх тартуға рұқсат болуы үшін сол шұлықтар мәсінің шарттарына сай болуы керек. Біз жоғарыда имам Мұхаммедтің (Алла Тағала оған разы болсын) өзінің «Китаб әл-хужах алә Ахл ар-раик» еңбегіндегі мәсіге мәсіх тарту туралы тарауында жазған пайымдауларын атап көрсеткен болатынбыз:[4]
 
«Дәлел ретінде хадис жоқ жағдайларға балама қолданылмайды деп ойланғандарындай, Сүннет пен асарларға балама қолданатын адамдар бұл жағдайда да солай ойланулары керек».[5]
 
Мәлики мәзһабының ұлы ғұламасы Ибн Рушд (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) былай деп айтқан:[6]
 
Китаб ил хужах алә Ахл әл Мәдина«Бұл хадистерді сенімді деп есептеген немесе мәсілерге басқа балама қолдануға болады деген кісілер жәурабтарға мәсіх тартуға болады деп рұқсат етеді».[7]
 
Кияс болып-болмауына қарамастан мәсілерге (хуфф) мәсіх тарту белгіленген, ал онымен ұқсастырылған нәрсенің барлығында да оның ерекшеліктері болуы шарт.[8]
 
Сондықтан да біздің ғұламаларымыз (алимдер) әрқашан тек мәсінің барлық шарттарына сай шұлықтарға ғана мәсіх тартуға рұқсат деп шешім шығарғандарын байқаймыз. Дәл осы себептен олар «Лабуд Туркие» атты шұлықтарға мәсіх тартуға рұқсат еткен.[9]
 
Мүфти Махмуд сахиб (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) мәсіге қойылған талаптарға сай болған жағдайда қазіргі заманғы шұлықтарға мәсіх тартуға болатындығын анық айтып көрсеткен. Мүфти Низамуддин (Даруль Улум Деобандтың аға мүфтиі) егер мақтадан, жүннен немесе нейлоннан жасалған шұлықтар осы талаптарға сай болса, оларға мәсіх тартуға болады деп айтқан.[10]
 
Сонымен қатар, мәулана Рашид Ахмад Гангохи (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) кейбір кашемирден жасалған шұлықтарға мәсіх тартуға болады деп айтқанын байқаймыз, себебі олар жоғарыда бекітілген талаптарға сай.[11] Сондай ақ, «Фатауа Даруль Улум Закарияны» қараңыз.[12]
 
Аллама Садр аш-Шариах Әл-Махбуби (Алла Тағала оны рахыметіне алсын) «Ан-Нукаях» еңбегінде былай деп көрсеткен:[13]
 
«Тобықтарды жауып тұратын және киіп, тоқтаусыз жүруге жарамды кез-келген шұлыққа мәсіх тартуға болады».
 
Аллама Рази ад-Дин ас-Сарахси мәсіге де, оған ұқсасына да мәсіх тартуға болатындығын атап айтқан.[14]
 
Демек, егер біздің қазіргі күнімізде қолданып жүрген шұлықтарымызда мәсіге тән ерекшеліктер болса, оларға мәсіх тартуға болады. Қолайлырақ болу үшін осы шарттарды қысқаша тағы бір атап өтелік:
 
1) Төрт мәзһаб имамдарының ортақ пікіріне орай, олар тобықтарды түгел жауып тұруы қажет.[15]
 
2) Ханафи мәзһабы бойынша мәсіні киіп үш миль қашықтық жерді жүріп өтуге шыдамды және жыртылмауы қажет. Шафиғиліктердің пікірінше, мәсіні киген кезде адам мәсіге жарар уақыт ішінде (муқим үшін бір тәулік, мусафир үшін үш тәулік) әдеттегі ісін жасап жүре алатындай болуы шарт. Ханбали ғалымдары мәсіні киген адам қалауынша жүре алатындай және мәсі аяғынан түсіп қалмайтындай болуы керектігін айтады.[16]
 
3) Ханафиттердің пікірінше, шұлықтың әрбірінде (бір-бірінен бөлек санағанда) үш кіші саусақтың көлеміндей тесік болмауы тиіс. Шафиғи және ханбали мәзһабын ұстанушылардың пайымдауынша, шұлықтарда ешқандай тесік болмау керек.[17]
 
4) Екі шұлық та аяқта бекітілместен немесе байланбастан өздігінен тұруы керек.
 
5) Қос шұлық та суды ішке еркін өткізбеуі қажет.
 
Ханбалиліктер де шұлықтың қалыңдығынан аяқтың терісі көрінбеу қажеттігін айтады.[18] Мәликиліктерге келер болсақ, олар тек теріден жасалған нәрсеге ғана мәсіх тартумен шектелгенін алдында айтып өткен едік, осыған байланысты олар қазіргі замандағы шұлықтардың ешбіріне де мәсіх тартуға рұқсат етпес еді. Тәжлид пен танъилді шарттардың бірі деп белгілеген шафиғилік ғұламалардың пікіріне сүйенсек, олар бүгінгі күнгі шұлықтарға мәсіх етуге рұқсат етпесі анық.
 
Егер шұлықтар жоғарыда айтылған шарттардың біріне болсын сай келмесе, оларға мәсіх тартуға болмайды.[19]
 
Қазіргі заманғы қалың шұлықтарды тексере келе, айтылған талаптарға сай келетін шұлықтардың («Sealskinz» атты шұлықтар) бар екенін байқадық, яғни үш миль не одан да көп қашықтық жерді жүргенге жарамды әрі оның үстіне олар жыртылмайды, олардың ішіне қарай су өтпейді және т.б. Алайда мұндай шұлықтар расында өте аз.
 
Қазіргі кездегі көптеген шұлықтар сай келе бермейтінбір талап бар, сондықтан оларға мәсіх тартуға болмайды.Бұл шарт бойынша шұлықтар байланғанынан немесе икемді, майысқақ болғанынан я  болмаса жабысып тар  болып тұрғанынан емес, оның қалыңдығынан тобықтың жан-жағын жауып тұруы тиіс. Басқаша айтқанда, олар өзінің қалыңдығынан тік тұра алуы қажет. Бұл жайында төменде келтірілген дәйексөздер алынған кітаптарда анық жазылған[20].
 
Егер қазіргі күніміздегі шұлықтарға қарасақ, барлығы дерлік бұл талаптарға сай бола алмайтындығына көз жеткізе аламыз. Олар расымен де қалыңдығы себебінен өздігінен тұра алатындығын тексеру үшін өкше тұсына бір зат қойып, тәжірибе (эксперимент) жасап көруге болады. Шұлық төменде көрсетілгендей тік тұруы қажет:
 
 
Бұдан бөлек, егер үстінен су құйса, аз ғана шұлықтар ішіне өткізбейді. Су өтпеу керек деген сөздің мағынасы – суды шұлықтың үстіне құйған мезетте ішіне сіңіп кетпеуі қажет. Бұл дегеніміз, кейбір кісілер ойлайтындай, мәсіх тартқан кезде су ішіне сіңіп кетпейді деген сөз емес, себебі мұндай шарттың негізі жоқ. Тіпті жұқа шұлыққа мәсіх тартқан кезде ішіне су сіңбейтіндей болса да. Мутакиддимин (расында мәзһабтың көптеген ғұламалары) кітаптарында бұл жайында ештеңе жазылмаған. Шафиғи мәзһабында шұлықтың үстінен су құйғанда ішіне сіңіп кетпеу керектігі анық көрсетілген. Сонымен бірге, шұлық міндетті түрде суды өткізбейтін қасиетке ие болуы керек деген мағына емес екендігіне мән беріңіз. Ал дұрысын Алла Тағала біледі.
 
Сонымен қатар, фақиһ ғалымдарымыз кирбасқа мәсіх тартуға болмайтындығын айтқан, себебі ол тиісті талаптарға сай келмейді[21].
 
Кирбастың анықтамасы мынадай[22]:
 
«Кирбас деген – «Әл Кабус» еңбегінде келтірілген ақ мақтадан жасалған мата. Алайда зығырдан немесе жібектен жасалған матадан тігілген кез-келген шұлық түрі осы категорияға саналып кетеді (жүннен және т.б.жасалған шұлықтар бұдан бөлек)»[23].
 
 
Мүфти Шафиғи мақтадан жасалған матадан тігілген жұқа шұлықтарға мәсіх тартуға болмайтындығына осы деректерді дәлел ретінде қолданған[24]
 
[1] «Тәуәли Әнуар» (Q303/ба, махтут), «Әл-Бахр ар-раик» (1/192), «Найл әл-маъариб» (2/251), «Базл әл-мажхуд» (1/278), «Маъариф ас-сунан» (1/346), «Фатауа Усмани» (1/372, 373), «Әл-Лубаб» (1/21) және т.б.
[2] (1/343)
 
[3] «Найл әл-маъариб», 2/251
 
[4]نبغي لمن قاس علي السنة و الآثار أن يقيس علي السنة ما لم يأت فيه أثر لما قد جاءت فيه الآثار مما يشبهه (كتاب الحجة علي أهل المدينة – (ج 1 / ص 44)أ
 
[5] «Китаб ил хужах алә Ахл әл-Мәдина» (1/44)
 
[6]و من صح عنده الأثر أو جوز القياس علي الخف أجاز المسح علي الجوربين (بداية المجتهد- (ج 1 / ص 52) أ
 
[7] «Бидая әл-Мужтахид», 1/52
 
[8]لا شك أن المسح على الخف على خلاف القياس فلا يصلح إلحاق غيره به إلا إذا كان بطريق الدلالة وهو أن يكون في معناه ومعناه الساتر لمحل الفرض الذي هو بصدد متابعة المشي فيه في السفر وغيره للقطع بأن تعليق المسح بالخف ليس لصورته الخاصة بل لمعناه للزوم الحرج في النزع المتكرر في أوقات الصلاة خصوصا مع آداب السير شرح (فتح القدير - (ج 1 / ص 157)أ
 
[9]ثم قال ويجوز المسح على الخف الذي يكون من اللبد وإن لم يكن منعلا لأنه يمكن قطع المسافة به
 وفي الخلاصة وأما المسح على الخفاف المتخذة من اللبود التركية فالصحيح أنه يجوز المسح عليه (البحر الرائق - (ج 1 / ص 189)
والصحيح من المذهب جواز المسح على الخفاف المتخذة من اللبود التركية لأن مواظبة المشي فيها سفرا ممكن كذا في شرح المبسوط للإمام السرخسي (الفتاوى الهندية - (ج 1 / ص 32)
والصحيح من المذهب جواز المسح على الخفاف المتخذة من اللبود التركية لأن مواظبة المشي فيها سفرا ممكن. (المبسوط للسرخسي - (ج 1 / ص 184)
 
[10] «Низамул фатауа» (1/42)
 
[11] «Тазкирах ар-Рашид», 1/182
 
[12] (1/507-515)
 
[13]ويجوز علي... كل ما يستر الكعب و يمكن به السفر
 
[14] «Әл-Мухитар-Ридауи», 36 бет
 
[15] «Әл-Мусуъахәл-фикхияәл-Кууайтия», 37/364
 
[16] «Әл-Мусуъахәл-фикхияәл-Кууайтия», 37/364
 
[17] «Әл-Мусуъахәл-фикхияәл-Кууайтия», 37/365
 
[18] «Әл-Мусуъахәл-фиқһияәл-Кууайтия», 37/367
 
[19]وأنهم أخرجوه لعدم تأتي الشروط فيه غالبا يدل عليه ما في كافي النسفي حيث علل عدم جواز المسح على الجورب من كرباس بأنه لا يمكن تتابع المشي عليه فإنه يفيد أنه لو أمكن جاز ويدل عليه أيضا ما في ط عن الخانية أن كل ما كان في معنى الخف في إدمان المشي عليه  وقطع السفر به (حاشية ابن عابدين - (ج 1 / ص 269)أ
 
[20]أ(و) حد الجورب (الثخينين أن يستمسك) أي يثبت و لا ينسدل (علي الساق من غير ان يشد بشيء) هكذا فسروه كلهم و ينبغي أن يقيد بما اذا لم يكن ضيقا (غنية المتملي - (ج 1 / ص 121)أ
حد الثخانة أن يقوم على الساق من غير أن يربط بشيء (الجوهرة النيرة - (ج 1 / ص32)أ
والثخين من الجورب أن يستمسك على الساق من غير أن يشده بشئ. والصحيح من المذهب جواز المسح على الخفاف المتخذة من اللبود التركية لان مواظبة المشى فيها سفرا ممكن (المبسوط للسرخسي - مرقم - (ج 1 / ص 102)أ
والثخينين أن يقوم على الساق من غير شد ولا يسقط ولا ينشف (خزانة المفتين - (ق 11/ب مخطوط)أ
وحد الثخانة أن تقوم على الساق من غير أن يشد بشيء (الضياء المعنوية شرح المقدمة الغزنوية - (ق 153/ب مخطوط)أ
بط د : والثخين ما يستمسك على الساق من غير شد (المجتبى - (ق15/ب يكي جامع مخطوط)أ
والثخين أن يقوم على الساق من غير أن يشده بشيء لإنها في معنى الخف لإمكان المشي فيه. (الكافي شرح الوافي - (1/ق25/أ يوسف أغا مخطوط )أ
أ(و) على (الثخين) وهو أن يقوم على الساق من غير أن يشده بشيء ولا يشف ولا يسقط (شرح ملا مسكين على الكنز - (1/107 مع فتح المعين)أ
 الثخينين أي بحيث يستمسكان على الساق بلا شد كما في الهداية والسراج والعناية والمنح والمفتاح وغيرها وفي التبيين وهو أن يستمسك على الساق من غير ربط وأن لا يرى ما تحته وفي المفتاح قال بعضهم ولا ينشفان معناه أن لا يتجاوز الماء إلى القدم وفي البردجندي والمراد ما يكون غليظا بحث لا يرى ما تحته وفي الخزانة الثخين أن يقوم على الساق من غير شد ولا يشف ولا يسقط الإحكام (شرح درر الحكام - (1/ق171/أ مخطوط)أ
و حد الثخين أن يثبت على الساق من غير شد و ربط (فتاوى غياثية - (ج 1 / ص 15)أ
ويؤخذ من هذا ومما قبله أنه لو كان محل المسح وهو ظهر القدم مجلدا مع أسفله أنه يجوز المسح عليه كما قدمناه عن سيدي عبد الغني في الخف الحنفي المخيط بالشخشير ولا يعكر عليه اشتراطهم أن يثبت على الساق بنفسه لأن ذاك في الجورب الثخين الغير المجلد والمنعل كما في النهر وغيره (حاشية ابن عابدين - (ج 1 / ص 270)أ
[21]فإن كان من كرباس، أو ما يشبه الكرباس لا يجوز المسح عليهما، لأنه لا يمكن قطع السفر، وتتابع المشي عليه، وإن كان من أديم أو ما يشبه الأديم يجوز المسح عليهما، لأنه يمكن قطع السفر وتتابع المشي عليه، وإن لبسهما فوق الخفين، فإن كانا من كرباس أو ما يشبه الكرباس لا يجوز المسح عليهما كما لو لبسهما على الانفراد إلا أن يكونا رقيقين يصل البلل إلى ما تحتهما (المحيط البرهاني للإمام برهان الدين ابن مازة - (ج 1 / ص 215)أ
ولو كان من الكرباس لا يجوز (مجمع الأنهر في شرح ملتقى الأبحر - (ج 1 / ص 75)أ
ولا يجوز المسح على الجرموق إذا كان من كرباس ونحوه لأنه لا يمكن قطع السفر وتتابع المشي عليهما كما لو لبسهما على الانفراد إلا أن يكونا رقيقين يصل البلل إلى ما تحتهما من الخف فحينئذ يجوز ويكون مسحا على الخف
كذا في الذخيرة وغيرها (البحر الرائق - (ج 1 / ص 191)أ
ولو كان الجرموق من كرباس لا يجوز المسح عليه لأنه لا يمكن متابعة المشي عليه فصار كاللفافة إلا أن تنفذ البلة إلى الخف قدر الواجب لحصول المقصود (تبيين الحقائق - (ج 1 / ص 52)أ
قوله ( وكرباس ) هو الثوب الأبيض من القطن كما في القاموس وظاهر كلام الحلبي عن الحلواني والخلاصة أنه لا يصح المسح عليه إلا إذا كان مجلدا فليراجع (حاشية الطحاوي على مراقي الفلاح - (ج 1 / ص 84)أ
[22]الكرباس بالكسر اسم الثوب من القطن الأبيض قاله في القاموس وهو معرب بالفتح و لكن يلحق به كل ما كان من نوع الخيط كالكتان و لابريسم و نحوهما بخلاف ما هو من الصوف و مثله (امداد المفتين نقلا عن شرح منيه 142) أ
 
[23] «Имдадәл-Муфтин», 142
 
[24] «Имдадәл-Муфтин», 2/253
АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков