Циклы Авторы Сортировка

13-ші насихат. Араб тілін зерттейтін ғылымдар (1-ші бөлім)

3 526
3 июня, 15
Араб тілін зерттейтін ғылымдар (1-ші бөлім)
 
Бұл ғылым түрлері жайлы арабша кітаптарда былай деп жазылған:
 
Ауызекі тіл немесе жазба сөз болсын, жалпы араб тіліне қатысты пәндерді оқып-үйрену - тілді қателіктерден және бұрмалаудан сақтайды.
 
Араб тілі оның халқының бойына ана сүтімен сіңген. Арабтар күнделікті өмірде диалект қолданып сөйлегенмен, бірақ, білім алу, кітап, газет оқу т.б. арқылы әдеби араб тілін, яғни фусханы да азды-көпті жақсы біледі. Араб тіліне қатысты ғылымдарды үйренудегі (алғашқы кезекте грамматиканы) олардың мақсаты - жазба сөз және ауызекі тіл білімін арттыру, сөйлеу мәдениетін барынша әдеби, көркем ету, қателіктер жібермеу.
 
Ал, біздер үшін араб тілі ана тіліміз болмағандықтан, бұл тілді үйренудегі басты мақсат – тіпті, азғантай болса да, дін мұрасының мөлдір бұлағынан сусындап, Қасиетті Құран, хадистер мен дін саласындағы әртүрлі ғұламалардың кітаптарын оқып, түсіне алатындай дәрежеге жету. Алдымен тілді жеткілікті деңгейде үйреніп алу қажет, содан кейін оны жетілдіру, қателіктер жібермеу т.б. жайында сөз қозғауға болады.
 
Араб тілін және оған қатысты ғылымдарды үйренудің мән берілмей жүрген екі тұсын атауға болады:
 
Бірінші мәселеге келсек, кейбір арабтар мекендемейтін аймақтардағы медреселерде олардың  дәстүрлі оқу бағдарламасы тек араб тіліне қатысты ғылымдарға ғана көңіл аударады, ал, араб тілін үйренуге мән берілмейді. Мысалы, сол медреседе оқитын, араб тілінде бар болғаны он шақты ғана сөз білетін жас жігітке бірден морфологияға қатысты (сарф) қиын кітаптарды үйренуін міндеттейді екен. Алайда, тілге қатысты ғылымдар тілдің өзін үйренуден кейінгі орында тұрады емес пе? Мұндай оқыту әдісі үйдің қабырғасын іргетассыз құмға тұрғызғанмен бірдей дер ем. Сосын, әлгі тілді білмей жатып, сарфты ғана оқыған студент тілді де, грамматиканы да дұрыс үйрене алмай, не медреседен шығып кетеді, не болмаса, өз білімінің жеткіліксіз екенін ұғып, сол оқу әдісінің кесірінен бәрін қайтадан үйренуі қажет болады. Менің бір адам жайлы естігенім бар. Ол Түркиядағы бір медресені бітіріп, «Кафияны» (синтаксис – наху бойынша ең қиын қысқа мәтіндер) жатқа білген, бірақ, соған қарамастан,  арабша екі сөздің басын қоса алмаған!
 
Екінші мәселе арабтардың өз арасында туындап отыр. Олар өз тілдерін бала кезімізден білеміз, Құранды, хадистер мен ғалымдардың кітаптарын түсіне аламыз деу арқылы араб тіліне қатысты ғылымдарды зерттеуге аса мән бермейді. Міне, бұл да қате пікір. Олар өздері ғана емес, араб емес өзге халықтың адамдарын да ақиқаттан адастыруда, себебі, өзге ұлттың адамы білімсіздікпен арабша сөйлеген кез-келген адамды дін ғалымы деп ойлап қалуы мүмкін. Ал, адамда тіл грамматикасы, стилистика, риторикадан білім болмаса, дініміздегі қасиетті жазбаларды, ғұламалардың кітаптарын, әсіресе, көп ғасыр бұрын ислами ілімнің классикалық өркендеу дәуірінде жазылған еңбектерді дұрыс түсіну мүмкін емес. Әсіресе, 90-шы жалдары ТМД елдерінде, сондай-ақ, араб өлкесінде де ілім иесі мен насихат айтушының атын жамылып, арсыз істерге барған адамдарды  көптеп кездестіретінбіз. Мысалға, олардың бірі жамағатпен оқылатын намаздардан соң мешітте отырып, «Тақуалар бақшасы» кітабынан дәріс өте бастайды, сосын ондағы хадистерді өрескел грамматикалық қателермен оқып, өз ойына не келсе, солай талдап отыра беретін.

Сондықтан, осы аталған қауіптерге ұрынбас үшін, барлық істе ортаны ұстану қажет, яғни, араб тіліне де, араб тілін зерттейтін ғылымдарға да дұрыс көңіл бөлгеніміз абзал.
 
Араб тілін зерттейтін ғылымдардың жіктелуі
 
Ғалымдар классикалық дәстүрде оны негізгі және тұрлаусыз деп бөледі.
 
Негізгінің (усуль) өзі екі түрге бөлінеді:
 
1. Жеке сөздерді зерттейтін ғылым;
 
2. Сөз тіркесінің құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылым.
 
Жеке сөздерді зерттейтін ғылымдар:

1. Сарф (علمالصرف)
 
Бұл ғылым араб сөзінің сыртқы құрылысы мен өзгеріске ұшырауын зерттейді. Сөз өзгеріске ұшырауының үш түрі бар:
 
а) Сөз құрылысы өзгереді де, түбірден (масдар) әртүрлі сөз құралады: өткен және осы шақтағы етістіктер, осы шақтағы (اسمفاعل) және ырықсыз есімше (اسم المفعول)  т.б.
 
Мысалы, түбірден (نَصْر) құралған сөз ( نَصَرَ) және (يَنْصُرُ) етістіктеріне айналады.
 
б) Сөз құрылысы өзгереді, яғни, оның септеліп, жіктелуі, екі жақты және көпше түрдегі сандардың құралуы. Бұл орыс тіліндегі (мен келдім, біз келдік т.б. секілді) етістіктерді жіктегенге және зат есімге (үй, үйге, үйді т.б) септік жалғауын жалғау мен көпше түр (үй, үйлер) жасауға ұқсас.
 
в) Араб тілінің фонетикалық (дыбыстық) заңдарымен байланысты өзгеріске ұшырау: бір-бірімен қиыспайтын екі дыбыстың кезігуіне тыйым, қиын айтылатын дыбыстардың тіркесі және т.б.
 
Міне, осы өзгеріске ұшырауларды сарф ғылымы зерттейді. Бұған шартты түрде орыс тіл біліміндегі морфология саласы – сөздің ішкі құрылымын зерттейтін ғылым ұқсас келеді. Дегенмен, бұл, шартты түрдегі ұқсастық қана.
 
Ал, жалпы алғанда, батыстық терминмен араб тілі ғылымын сипаттап беру оңайға соқпайды, себебі, лингвистика терминдері араб грамматикасының дәл мән-мазмұнын ашып, толық жеткізе алмайды. Бұл, араб тілі ғылымына мүлде сипаттама беруге болмайды деген сөз емес, лингвистикадағы бұл  ұқсастықтар тек жақынырақ мағынада алынғанын білгеніміз жөн.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков