Циклы Авторы Сортировка

14 бөлім. Жасырын шақыру, 3 бөлім

2 094
26 февраля, 16
Жасырын шақыру (жалғасы)
 
Сондай-ақ, жақсылық етуде[1] басқалардың алдын алған Абдулла ибн Масғұтболды. Ол пұтқа табынушы құрайыштардың бірінің қойын баққан еді. Айқын белгілер[2] мен Исламға шақыруда мақтаулы адамгершілік қасиеттердің болғанын көрген ол, пұтқа табынушылықтан бас тартып, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, соңынан ерген. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзіне кез-келген уақытта кіре беруіне рұқсат берген. Ол, оған Алла разы болсын, оның алдында жүріп отыратын, ғұсыл алғанда оны көлегейлеп тұратын, оны ұйқыдан оятатын, ол тұрғанда, оның аяғына сандалдарын кигізетін, ал Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі  мен сәлемі болсын, отырғанда, оларды қолында ұстап тұратын.
 
Сондай-ақ, жақсылықта басқалардың алдын алған – Әбу Зарр әл-Ғифари. Ол өзінің шешендігімен танылған көшпенді тайпалардың бірінен шыққан еді. Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келгенін біліп, ол өзінің бауырына былай айтады:
 
- Сол алқапқа бар да, өзін көктен уахилар алатын Пайғамбармын деп сендірген  адам туралы біл. Оның не айтатынын тыңдап, қайтадан қайтып кел.
 
Оның бауыры Меккеге барып, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандарын тыңдап, сосын Әбу Заррға келіп, былай айтады:
 
- Ол мінездерді жақсартуға шақырады әрі өлеңмен сөйлемейді екен.
 
Әбу Зарр айтады:
 
- Менің қалағанымды, сен маған айта алмадың.
 
Ол жиналып, бір бөрдек суын алып, жолға шығады. Меккеге келіп, мешітке кіреді. Сол жерден Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, іздеп, таба алмайды, бірақ ол туралы адамдардан сұрастырмайды, себебі біреулердің Алла Елшісімен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөйлескенін құрайыштардың жақсы көрмейтінін білетін еді. Түн болады. Әбу Заррды Әли байқап қалады, оның жолаушы екенін түсініп, өз үйіне шақырады. Солай бола тұра, ешбірі екіншісі туралы тіс жарып сұрамайды. Арабтарда бар қонақжайлық қағидалары бойынша, үш күн өтпейінше қонақтың келу себебін сұрамайды. Таңертең бөрдегін суға толтырып алып, Әбу Зарр мешітке кетеді. Бірақ қайтадан кеш батқанша ол Алла Елшісін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кезіктірмейді де, мешітке түнеп қалмақ болып шешеді. Оны қайтадан Әли байқап қалып, былай айтады:
 
- Қонақтың кеше оны қабылдаған адамның үйіне қайта барғысы келмей ме екен?
 
Тағы да Әли оны үйіне шақырады, Әбу Зарр болса оған еріп жүре береді, екі жақ та тіс жарып ештеме сұрамайды.
 
Үшінші күні де осы оқиға қайталанады. Бірақ бұл жолы Әли одан былай сұрайды:
 
- Осы жаққа сені не алып келгенін айтып бермес пе екенсің?
 
Әбу Заррбылай жауап береді:
 
- Егер маған жолды көрсетемін деп уәде берсең, мен саған айтып беремін.
 
Сөйтіп, ол Әлиге бәрін айтып береді. Оны тыңдап, Әли былай дейді:
 
- Иә, бұл ақиқат, ол – Алла Елшісі. Таңертең мен сені алып барамын. Бірақ саған қауіпті бір нәрсені көрер болсам, өз қажетімді өтегім келгендей болып тұра қаламын.  Жолымды жалғастырсам, сол жерге жеткенше, менің соңымнан ер.
 
Солай жасайды да, Әбу Зарр, Әли Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кіргенше, оның соңынан ере береді. Ол Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кіріп, оны тыңдап, Исламды қабылдайды.  Содан кейін Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай айтады:
 
- Үйіңе бар да, менен саған бір хабар келмегенше, өз халқыңды Исламға шақыр.
 
Әбу Зарр жауап береді:
 
- Менің жанымның Иесімен ант етемін, көпшілік жиналған жиналыстардың бәрінде осы туралы айғайлайтын боламын!
 
Сосын ол шығып, мешітке барады да, сол жерде бар дауысымен:
 
- Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне және Мұхаммед – Оның Елшісі екендігіне куәлік беремін! - деп айғайлайды.
 
Адамдар оны жерге құлап түскенше ұрады. Бұны байқап қалған Аббас, жүгіріп келіп, жиналғандарға былай айтады:
 
- Сендерге қасірет болсын! Сендер бұл адамның Ғифар тайпасынан екенін білмеп пе едіңдер!? Ал олардың жерлері Шамға апарар, сендердің сауда керуендерің жүретін жолда жатыр.
 
Сонысымен ол Әбу Заррды құтқарып қалады. Келесі күні оқиға қайталанады. Оны одан да қатты соғады, тағы да оны Аббас құтқарып қалады. Бұл оқиғаны имам әл-Бұхари[3] жеткізген. Әбу Зарр ең шыншыл және тақуа адамдардың бірі болған.
 
[1] Бұл мынандай мағынасы бар Алла Тағаланың сөздерін көрсетеді: «Озаттар алдынғы қатарда болады. Міне солар, Аллаға жақын болғандар» («Уақи’а» сүресі, 10-12 аяттар)».
 
[2] Ол, оған Алла разы болсын, малшы болып жүрген күндердің бірінде Алла Елшісімен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Әбу Бәкірді, оған Алла разы болсын, кездестіреді.  Олар одан сүт беруін сұрайды, бірақ ол бас тартады, өйткені қойлар оныкі емес еді. Сонда Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұғжиза келтіреді, жас қойдың желіні сүтке толады.  Әбу Бәкір екеулері сүт ішіп алған соң, желінге қайтадан бүрісіп қалуға әмір береді.  Осыдан кейін Абдулла ибн Масғұд Исламды қабылдайды.  Бұл туралы хадисті Ахмад, әл-Байхақи және басқа имамдар келтірген.
 
[3] Сондай-ақ, имам Мүслім.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков