Циклы Авторы Сортировка

14 дәріс. 42-43 нақыл сөздер

2 542
7 ноября, 15
42.  Әрқашан білім іздеуге, білім беруге әрі дінге шақыруға құлшыныста бол.
 
 
 
Осы үш негізді өз бойына үйлестіре біліп, олардың арасындағы теңгерімді жоғалтпау салик үшін өте маңызды.
 
Сөзсіз, ең басты әрі негізгі берік аспект  білім алу болып табылады, өйткені онсыз білім беру де, дінге шақыру да мүмкін емес.
 
Ешкім де, міне, мына кітапты бітірген соң білім тарата аласың, немесе осы оқу жылынан соң,  Алланың дініне шақыра аласың деп дәл айта алмайды.
 
Бәлки бұл жайында саған ұстаздарың есіңе салар, ал мүмкін, сен бұл қажеттілікті өзің де іштей сезерсің.
 
Сондай-ақ, білім беру мен дінге шақыру – бұл ылғи бір нәрсе емес, бұл жерде дінге шақыру тым жалпы әрі ауқымды мағынаны білдіретінін түсіну керек.
 
Бұл - Алланың дінін Оның құлдарына жеткізу. Сондықтан да, егер сен өмір бойы кітаптарды ақтарып жүрген болсаң, осы үндеуді орындадым деп ойлауға болмайды.
 
Біз күнде әртүрлі адамдармен кездесеміз, және олардың әрқайсысында дін турасында қандай да болмасын қателіктері мен кемшіліктері болады. Дінге шақыру – оларға ақиқатты әдепті түрде жеткізу, олармен ортақ тіл табу, олардың тілімен түсіндіру болып табылады. Әлібетте, бұл кітаптағы сөйлемді талдаудан, тіпті сол сөйлемді үйретуден де қиынырақ.
 
Бірақ студенттерге тепе-теңдікті сақтап, «уағызшы жасқаншақтығына» түсіп кетпеу керек, әйтпесе адам тек айғайлау мен «біздің лас» заманымызды сынаудан басқаға шамасы келмейтін болып қалады. Сондай ақ, бір жағынан әр сөздің академизмдігі мен ғылыми тексерілгендігін, екінші жағынан олардың тыңдаушыға түсінікті әрі оңай баяндалғандын теңестіре отырып, уағыздарды Шахерезаданың «1001 түн ертегілеріне» немесе Қожа Насырдың күлкілі әңгімелеріне айналдырмастан адамдардың жүректеріне жеткізіп, оларды түзетуге атсалысу керек.
 
Осы жолдардың авторына бұл мәселедегі озық бедел иесі - шейх Абдул-Фаттах Абу Ғудда, рахимахуллах болып табылады, ол барлық кітаптарында әрқашан өзінің нанғысыз академиялық кәсіпқойлығын, рухани тереңдігін әрі шынайы сопылығын үйлестіре білген.
 
43.  Ниетті түзету – ниетті түзетуге мұқтаж.
 
Бұл біздің заманымыздағы өте көкейтесті сөздер, өйткені бүгінде адамдардың тасаууф  жолына түсу себептері өте үлкен әрі сан алуан, және де көбінесе бұл себептер басты мақсат – жүректі емдеуден мүлде алыста. 
 
Сол себепті, тіпті сен сол жолға түссең де, өз ниетіңді үнемі тексер, оны түзеу үшін жұмыс істе әрі өз іс-әрекеттеріңді, оларды жасау себептерін мұқият қадағалап, талдау жаса.
 
Кейбір адамдар кемелдіктің сыртқы кейіптеріне ие болғандарымен, шындығында түзелудің (ислах) тек бастапқы кезеңінде ғана болулары мүмкін.
 
Адамның жүректері тек Аллаға ғана белгілі, сондықтан да нақты бір мюридтің расында да небір биіктерге жеткендігін немесе оның жетістігі жай ғана елес екенін біз біле алмаймыз.

 

 

АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков