Циклы Авторы Сортировка

14 дәріс. Алтыншы кіші белгі. Бүлік. Сыффин

4 607
6 апреля, 15
Кезектегі сахабалар арасында орын алған үлкен бүлік – Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылмандардың екі әскері бір-бірімен шайқаспайынша Қиямет болмайды» - деп сипаттап кеткен шайқас. (Бұхари, Муслим).
 
 
 
Ибн Хажар әл- Асқаланидің түсіндіруі бойынша біреуі – Әлидің әскері, екіншісі – Муғауияның.
 
Ибн Хажар әл-Баззар Зейд ибн Уахбадан мынандай хадис келтіреді: «Біз Хузейфада отыр едік, ол былай деді: «Сендердің діндеріңдегі адамдар бірін-бірі өлтіруге шығып жатқанда сендер қалайсыңдар?» Біз одан: «Не істейік?»,- деп сұрадық. Сонда ол: «Әлиге бағынуға шақырып жатқан топқа барып қосылыңдар, расында олар ақиқат жағында»» (Фатх, 13\85).
 
Бұл шайқас Сыффин деген жерде болған. Ол шайқаста шамамен 70 000 адам қаза тапты...
 
Әли мен Муғауия (оларға Алла разы болсын) саяси келісімге келмек болып, осы жағдайдан бейбіт түрде шығудың жолын іздейді. Алайда олардың әскерлері өз мақсаттары бар адамдарға толы еді. Тарихта әр кезде басшылар халықтың бір-біріне деген зұлымдығы мен қастандығының құрбаны болып жатады.
 
Асылында, адамдардың көпшілігі Әлиге де, Муғауияға да бағынбаған еді. Бұл қашып-пысқан адамдардың өз мақсаттары болды. Бұл көзқарастың дұрыстығын негізгі әскердің ішінен өз ағымын құрып, бөлініп шыққан адамдардың іс-әрекеттері растайды.
 
Залымдардың бүлігі, қақтығыс және саяси наразылықтар біріккен кезде тіпті көсемдер мен беделді адамдардың өздері бүлікті тоқтата алмай қалады.
 
Екі әскерде де беделді адамдар болды. Әлидің (оған Алла разы болсын) әскербасы әл- Мирқал деген лақап атпен танымал болған Хишам ибн Утба ибн Әби Уаққас. Ол осы шайқаста қаза болды.
Ал Муғауияның (оған Алла разы болсын) әскерінің қолбасшысы Абдур- Рахман ибн Халид ибн әл- Уалид болды.
 
Әһлі Сүннет ғалымдарының басым көпшілігі екі жақ та өз түсініктеріндегі ақиқатқа талпынды, сондықан да біз Муғауияны  күнә жасады деп айта алмаймыз деген пікірде.

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков