Циклы Авторы Сортировка

14 дәріс: «Sealskinz» шұлықтарына мәсіх тарту; ҚОРЫТЫНДЫ

2 048
20 января, 16
«Sealskinz» шұлықтарына мәсіх тарту
 
Қазіргі заманауи шұлықтардың ішінен «Sealskinz» шұлықтарын біз зерттеуге алдық. Бұл шұлықтар алдында айтылған талаптарға сай деген шешімге келдік. Олардың толық жарамдылығына көз жеткізу үшін өндіруші сайттан қажетті мәліметтермен қалаған адам таныс бола алады. Осыған орай, теріден жасалған шұлықтардың (мәсінің) орнына осы «Sealskinz» шұлықтарын мәсіх тартуға қолдануға рұқсат етіледі.
 
Майысқақ резіңкелер
 
«Sealskinz» шұлықтарының құрамында майысқақ резіңкелер қолданылғанымен де, шұлықтардың тік тұруы олардың себебінен емес. Материалда резіңкелер болмаған күнде де шұлықтар өздігінен тіке тұра алатын еді. Бұл мәліметті жақсырақ түсіну үшін мынадай тәжірибе жүргізіп көруге болады: өкше тұсына қандай да бір зат қойсаңыз, шұлықтар өздігінен тұра береді. Шұлықтардың тік тұруының себебі олардың балтырға жабысып тұрғанынан ғана емес екендігі анық көрсетіліп тұр. Жоғарыда айтылған тәжірибе мына төмендегі суретте келтірілген. Шұлық ешқандай бекітусіз өздігінен тұрғанына мән беріңіз.
 
 
Сондықтан да «Sealskinz» шұлықтарының құрамында майысқақ резіңкенің болуы олардың тік тұра алуының себебі емес. «Sealskinz» шұлықтарына мәсіх тартуға рұқсат.
 
Ал дұрысын Алла Тағала біледі.
 
ҚОРЫТЫНДЫ
 
- Алғашқы түпкі ереже аяқтарды жуу болып саналады. Мәсіге мәсіх тарту жайлы хабар тауатур жолымен жеткен, сондықтан оларға мәсіх тартуға рұқсат етіледі. Құрандағы үкімді айқындауға қандай хадис түрін қолдануға болатындығы жайлы ғұламалар екі түрлі пікірді ұстанған:
 
1) Тауатур жолымен жеткен болуы қажет (ханафиліктердің пікірінше),

2) Хадис сахих (сенімді) болуы немесе ижма болуы керек (басқа ғұламалардың пікірінше).
 
Жәурабтар бойынша бұл шарттар орындалмады.
 
- Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жәурабтарына мәсіх тартты деп келтірілген хадистердің барлығы әлсіз. Бұл хадистер сенімді деп қабылдасақ та, «жәураб» сөзі көп мағынаны береді.
 
- «Жәураб» сөзінде көптеген мағына жатыр. Хадистер арасында қарама-қайшылықты тудырмас үшін  оның мағынасын «қалың шұлықтар» деп алған абзал.
 
- Сахабалар жәурабтарға мәсіх тартқандығы жайлы хабарлар дәлелденсе де, олардың әрекеті Шариғатта үкім жасауға жеткілікті дерек бола алмайды. Алайда бұл деректерді жеткілікті деп есептесек те, сол замандардағы жәурабтар бүгінгі күннің шұлықтарына ұқсамайды. Сонымен қатар, «жәураб» сөзі көптеген мағынаны береді.
 
- Жәурабтарға мәсіх тарту мәсіге (хуфф) кияс (балама) жасау арқылы рұқсат етілген, сондықтан жәурабтар мәсіге қойылған барлық талаптарға сай болуы қажет.
 
- Мәсілерге кияс ретінде қазіргі заманғы шұлықтарды қолдануға рұқсат етіледі. Егер олар мәсіге қойылған талаптарға түгел сай келсе, мұндай шұлықтарға мәсіх тартуға болады.
 
- Барлық төрт мәзһабтың ғұламалары шұлыққа мәсіх тарту үшін орындалуы қажет болған талаптарды бекітіп көрсеткен. Қазіргі заманғы шұлықтардың көбісі бұл талаптарға сай келмейді. «Sealskinz» шұлықтары бұл шұлықтардан тыс.
 
Алла Тағала дұрысын біледі.
 
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
Ад-Дирая. Мактаба Ширках әл-Илмия.

Ад-Дурр әл-Мухтар. Дар әл-фикр.

Ад-Дия әл-маънауия (Шарх әл-Мукаддама әл-Газнауия). Махтут.

Адуа-әл байан. Дар әл-фикр.

Ад-Дуъафа әл-кабир лил-Укайли. Дар ас-сумаъи.

Ахкам әл-Құран лил-Жассас. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Әл-Арф аш-Шази. Муассасса Духа лин-нашр уат-таузиъ.

Әл-Бахр ар-раиқ. Мактаба Рашидия / Дар әл-маърифа.

Әл-Биная. Әл-Мактаба әл-Хаккания.

Әл-Фаик фи ғориб ил-хадис уәл-асар.

Дар әл-мағрифа.

Әл-Фатауа әл-Хиндия. Рашидия.

Әл-Фауаких ад-дауани. Мактаба аз-зикфа ад-Диния.

Әл-Хауи әл-кабир лил-Мауарди. Дар ан-нашр / Дар әл-фикр.

Әл-Хедая. Әл-Мактаба әл-Исламия.

Әл-Ихкам шарх Дурар әл-Хуккам.Махтут.

Әл-Ихтияр. Дар әл-Камр.

Әл-Икна. Дар әл-фикр.

Әл-Истизкар. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Әл-Жарх уат-таъдил лир-Рази. Дар ихья ат-турас әл-Араби.

Әл-Жәуһара ан-наира. Мактаба Хаккания.

Әл-Кафи фи фикх ахл ар-раик. Мактаба ар-Рияд әл-хаиса, Рияд.

Әл-Кафи шарх әл-Уафи. Махтут.

Әл-Камил фи Дуъафа ар-риджәл. Дар әл-фикр.

Әл-Хуласа әл-фиқһия лил-Карауи. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Әл-Куна уәл-асма лид-Дуләби. Дар Ибн Хазм.

Әл-Лубаб фи шарх әл-китаб. Дар әл- китаб әл-Араби.

Әл-Мабсут лил-Имам Мұхаммед. Дар әл-фикр.

Әл-Мабсут лис-Сарахси. Дар ул-фикр.

Әл Мажму. Дар әл-фикр.

Әл-Маслак ад-даки. Ваджиди паблишерс.

Әл-Маслак әл-уасат ад-дани. Мактут. Мактаба Ариф Хикмат.

Әл-Маусуъа әл-фиқһия әл-Кууайтия.Визара әл аукаф.

Әл-Мубадда шарх әл-Муканна. Дар Алам әл-кутуб, Рияд.

Әл-Муъни. Дар әл-фикр.

Әл-Мухадаб. Макан ан-нашр.

Әл-Мухит әл-Бурхани. Әл-Мәжлис әл-Илми / Идара әл-Құран.

Әл-Мухит ар-Ридауи. Махтут, Мактаба әл-Газали. Копата, Пакистан.

Әл-Муджам әл-аусат лит-Табрани. Дар әл-Харамэйн, Каир.

Әл-Муджам әл-кабир лит-Табрани. Мактаба әл-улум уәл-хикам.

Әл-Мужтаба. Махтут.

Әл-Мухтар лил-фәтуа. Дар әл-Камр.

Ән-Нихая фи ъариб әл-хадис уәл-асар.

Әл-Мактаба Әл-Илмия, Бейрут.

Әл-Удда шарх әл-Умда. Дар әл-кутуб Әл-Илмия.

Ас-Сигая. Академия Сухайл.

Ас-сунан әл-Кубра лил-Байхаки. Мәжлис даъирах әл-маъариф, Хайдарабад /Мактаба Дар әл-Баз, Мекка.

Аш-Шарх әл-кабир лир Рафиъи. Дар әл-фикр.

Әл Тәж уәл-Иклил. Дар әл-фикр.

Ат-Табакат әл-кубра. Дар Садир.

Ат-Тафсират әл-Ахмадия. Мактаба әл-Харам.

Ат-Тахкик фи Ахадис әл-хилаф. Дар әл-кутуб Әл-Илмия.

Ат-Талкин. Дар әл-кутуб Әл-Илмия.

Ат-Тарих әл-кабир лил-Бухари.Мухаммад Азхар.

Аср әл-хадис аш-шариф. Дар әл-Юср,1428.

Бадаъи ас-санаъи. Дар әл-китаб, Деобанд.

Базль әл-маджхуд. Дар әл-Башагир әл-Исламия.

Бидая әл-Мужтахид. Дар әл-Ислам.

Фатауа ас-Суъди (Ан-Нутаф). Мугассасса ар-рисаля.

Фатауа Дар ул-улум Деобанд. Дар ул-ишагат.

Фатауа Дар ул-Улум Зәкәрия. Зәм-зәм паблишерс.

Фатауа Гаясия. Жан Мұхаммед паблишерс.

Фатауа Хаққания. Дар ул-Улум Хаққания.

Фатауа Махмудия. Фаруқия.

Фатауа Кади Хан. Мактаба Хаққания.

Фатауа Усмани. Маъариф әл-Құран.

Фатауа ан-науазиллис-Самарканди. Дар әл-кутуб Әл-Илмия.

Фатх әл-Бари. Кадими кутуб хана.

Фатх Аллаһ әл-маин. Миср.

Фатх баб әл-инаях. Дар әл-аркам.

Файд әл-Бари. Мактаба Хаққания.

Ъунья әл-мутамалли. Академия Сухайл.

Хашия әл-адауи. Дар әл-фикр.

Хашия Ибн Абидин (Радд әл-мухтар). Дар әл-фикр.

Хашия ат-Тахтауи алә әл-Мараки. Әл-Матбаға әл-кубра әл-Әмирия. Баулак.

Хашия ат-Тахтави аляд-Дурр. Әл-Мактаба әл-Арабия.

Ихтисар Ар-Рази алә Ихтиләф ил-Улама лит-Тахауи. Дар әл-Башагир әл-Исламия.

Имдад әл-Ахкам. Дар ул-Улум Карачи.

Имдад  әл-Муфтин. Дар әл-Ишагат.

Изаф әл-хиярах әл-махарах. Дар әл-ватан, Рияд.

Хизанах әл-Муфтин. Махтут.

Кифая әл-Муфти. Фаруқия.

Китаб әл-худжах алә Ахл ар-раик. Алям әл-кутуб.

Лисан әл-Араб. Дар Садир.

Лисан әл-мизан. Муассаса әл-Ағлими, Бейрут.

Маъариф ас-сунан. Х.М.Саид.

Маджма әл-анхур. Дар ихъя ат-турас әл-Араби / Дар әл-кутуб Әл-Илмиях.

Маджма аз-заваид. Дар әл-фикр, Бейрут.

Мизан әл-Игтидал. Дар әл-кутуб Әл-Илмия.

Мухтасар Тахауи. Х.М.Саид энд Махтут.

Мультака әл-абхур. Әл-Илмия.

Мусаннаф Ибн Әби Шәйба. Ад-Дар ас-Сәләфия әл-Хиндия.

Муснад Ахмад. Мугассасса Куртуба, Каир.

Муснад аш-Шамиин. Мугассасса ар-рисаля, Бейрут.

Мусаннаф Абдурраззақ. Әл-Мактаба әл-Ислами, Бейрут.

Насб ар-раях. Дар Алам әл-кутуб.

Нәйл әл-Аутар. Дар әл-кутуб әл-Ильмия.

Нәйл әл-маъариб. Дар әл-ишагат.

Нихая әл-мараб фи хукм әл-масх алә әл-жәураб.

Нухаб әл-афкар. Әл Уакф әл-Мәдини әл хайри.

Нур әл-Идах. Ясир Надим.

Сахих Ибн Хиббан. Мугассасса ар-рисаля, Бейрут.

Шазрат ад захаб. Дар әл-кутуб әл-илмия.

Шарх Фатх әл-Кадир. Дар әл-фикр.

Шарх Маъани әл-асар. Мактаба Хаққания.

Шарх Мулла Мискин аләл-канз. Миср (Фатх аль-маин бірге).

Сияр Аъләм ан-Нубалә. Муассасса ар-рисаля, Бейрут.

Сунан ат-Тирмизи. Дар ихья ат-турас әл-Араби, Бейрут.

Сунан Әби Дауд. Дар әл-китаб әл-Араби.

Сунан Ибн Маджах. Дар әл-фикр.

Тарих Бағдад. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Табакат әл-Ханабиля. Дар әл-мағрифа,Бейрут.

Табйин әл-Хакаик. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Тафсир Ибн Кясир. Дар әл-Муфид.

Талхис әл-хабир. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Тауали әл-Әнуар. Махтут: Әл-Мактаба әл-Азхар.

Тухфа әл-Ахуази. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Тухфа әл-Фукаха. Дар әл-кутуб әл-Илмия.

Тухфа әл-Мулук. Дар әл-Башагир әл-Исламия.

Тәж әл-урус мин жауахир әл-Камус.Дар аль-Хедая.

Умда әл-Кари. Мактаба Рашидия.
АВТОР ЦИКЛА
Қарапайым шұлыққа мәсіх тартудың шариғи үкімі
Исмаил Мұса
Автор:
ИСМАИЛ МҰСА
Аскимам.ру
Автор:
АСКИМАМ.РУ
Список уроков