Циклы Авторы Сортировка

14-ші насихат. Араб тілін зерттейтін ғылымдар (2-ші бөлім)

2 827
10 июня, 15
Араб тілін зерттейтін ғылымдар (2-ші бөлім)

Бұл мақаламызда араб тіліндегі жеке сөздерді зерттейтін ғылым түрлеріне тоқталамыз.
 
2. Әл-Иштиқақ ілімі (علم الاشتقاق)

Бұл ғылым бір сөзден туындаған келесі бір сөзді және сөз тудырушы, туынды сөздердің түрлері арасындағы байланысын қарастырады. Тағы бір өзге атпен бұл ғылымды «макайис әл-луға» дейді, оның аудармасы «тіл өлшемі» дегенге жақынырақ, яғни, араб тіліндегі сөздер «өлшеніп қойған» тәрізді, әрі бір-бірімен байланысып жатады. Батыс лингвистикасында бұл ғылымға - сөздің жасалу жолын зерттейтін ғылым ұқсас (аналог) келеді. Негізі, ерте кездегі грамматика мамандарының еңбектерінде осы ғылымның жеке элементтері көрініс тапқан еді, бірақ, ең бірінші болып жеке еңбек жазған адам ретінде Ибн Дурейдті (хижри б.ша 223-321 ж.) атайды. Ал, иштиқақ ғылымы бойынша ең танымал және ең бағалы еңбек ол - Ибн Фаристің (хижри б.ша 395 ж. өмірден озған) «Му’джам макайис әл-луға» сөздігі, онда бір-біріне жақын (туыстас) сөздер мен мағыналас сөздер топ-топқа бөлініп орналасқан.
 
3. Әл-уад’ ілімі (علم الوضع)

Бұл кешірек, грамматика мен логиканың өзара тоғысуынан пайда болған жеке ғылым. Негізін қалаушы – имам ‘Адуд әд-дин әл-Иджи (хижри б.ша 756 ж. өмірден озған), ол ақида мен рационалды ғылым салаларының көрнекті ғұламасы. Бұл ғылым сөздердің бекітілген мағынасы мен адамның ойлау дәрежесі (жалпы және жеке дара секілді) арасындағы байланысты зерттейді. Шейхтердің айтуынша, шариғат ғылымдарын оқып жүрген әрбір студентте бұл ғылым туралы тым болмағанда жалпы түсінік болуы керек. Ал, бұл ғылым саласындағы ең танымал еңбек - имам әл-Иджидің «Ар-рисаля әл-‘адудийя» және оның түсіндірмесі. Оған қоса, ғұламаларымыз кейінірек жарық көрген, өз уақытындағы мәлики мәзһабының имамы саналған шейх Юсуф әл-Диджуидің «Әл-Хуляса» атты кітабын да оқуға кеңес берген.
 
4. Матн әл-луға ілімі (علم متن اللغة)

Біздің жіктеуіміздегі соңғы орында тұрған - жеке сөздерді зерттейтін ғылым. Бұған ұқсас ғылым ретінде лексикологияны айтсақ болады, яғни, араб сөзінің мағынасына қарай оның лексикалық құрамын, синонимдес сөздерді т.б. зерттейді. Бұл саладағы кітаптарға сөздің мағынасы немесе оның синонимі берілетін араб тілінің түсіндірме сөздіктерін жатқызуға болады. Мысалға, орыс тіліндегі «кавалерия» сөзін оның синонимі «конница» сөзімен түсіндіріп және оған «әскери шабуылдар мен  жүріске қолданылған мініс жылқысы» деп анықтама бере алуымыз секілді. Араб тілінің түсіндірме сөздіктері әртүрлі көлемде болады: бір томдықтан бастап, мысалы «Мухтар ас-Сыхах» имам Зейн ад-Дин ар-Разидің еңбегі және көптомды кітаптарға дейін жалғасады, мысалы, «Лисан әл-‘араб» имам Мухаммад әл-Ифрик және «Тадж әл-‘арус» имам Муртад аз-Забидидің кітаптары.
 
Сөз тіркесінің құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымдар
 
Басқаша айтар болсақ, бір немесе бірнеше сөзден тұратын тіркестерді қарастырады. Арабша мұны «таркиб» деп атайды, ал, біздің тілде сөз тіркесі және сөйлем дегенді білдіреді.

1. Наху (علم النحو)

Араб тіліндегі сарфтан кейінгі екінші орындағы маңызды ғылым – ән-наху ілімі. Бұған батыс лингвистикасындағы «синтаксис» терминін ұқсатуға болады. Алайда, айтып өткеніміздей, кез-келген аналог бұл ғылымның тура сипатын аша алмайды. Төртінші халиф - Әли ибн әбу Талибтің (Алла оған разы болсын) басқарған кезінде және оның бұйыруымен ән-наху ілімінің негізін салған Әбу әл-Әсуад ад-Дуали (хижри б.ша 69 ж. өмірден озған ) болып табылды. Бұл ғылым сөз соңының өзгеру ережесін - «и’раб» және «бина»  зерттейді.
 
И’раб – бұл сөз соңының (орыс тіліндегі) белгілі бір грамматикалық әсер етуге байланысты (‘ауамиль) өзгеруі. Шығыстанушылар  мұны орыс тіліндегі септік жүйесімен салыстыра келе, араб тілінде үш септік бар деп айтқан. Оларша «раф’» - атау септігі, «насб» - табыс септігі, ал, «джарр» - ілік септігі. «Джазмға» етістіктің райы ұқсатылған. Батыс дәстүрінде араб лингвистикалық терминдеріне ұқсастық іздеу, мүмкін, оқуды жаңа бастап жатқан, бастыстық  тіл білімінен хабары бар студенттерге жеңілдік үшін қажет те шығар, алайда, батыстық терминдерді  білмейтіндер үшін қиынға соғады. Іс жүзінде наху сөз тіркесін зерттейді, себебі, «и’раб» тек ой аяқталған сөйлемдерде кезігеді.

Сондай-ақ, нахудың зерттеу пәніне «бина»-ны, яғни, сөздің «и’раб» –қа қарама-қарсы жағдайын жатқызады, ал, «и’раб» дегеніміз – cөз соңының өзгермейтін жағдайы.                                                                                           
Нахуды үйрену мақсатында бастамасы қысқа мәтіндерден басталып, көлемді түсіндірмелерге дейін жалғасатын, көптеген кітап реттерінен тұратын бағдарламалар бар.

Студенттерге пайдалы болуы үшін, шамамен алғанда үш түрлі кітаптар тізімінен тұратын мынадай негізгі бағдарламаны ұсынбақпыз:

1. Мысырлық (шейх Ибрахим әл-Мәли әл-Азхаридің сөздерінен жазылып алынған):
 
• «Матн әл-Аджуррумийя» және оған түсіндірме, Ибн Аджуррум, «Ат-Тухфат ас-Сания» шейх Мухьиддин Абдуль-Хамид.
 
• «Матн әл-Азхария» және автор түсіндірмесі, шейх Халид әл-Азхари. Қазіргі таңда бұл түсіндірменің қысқартылған нұсқасы - шейх Мухьиддин Абдуль-Хамидтің «Танкых әл-Азхарийя» кітабын оқуға болады.
 
• «Шарх Котр ан-Нада» Ибн Хишам әл-Ансари.
 
• Дәл сол автордың «Шарх Шузур аз-Захаб» кітабы.
 
• «Альфия» Ибн Малик және оған жазылған Ибн Акыляның түсіндірмесі.
 
2.Османдық (Түркияда таралған):
 
• «Матн әл-‘Ауамиль» имам әл-Баркауи.

• «Изхар әл-асрар» дәл сол автордың еңбегі .
 
• «Кафия» Ибн Хаджиб.
 
• «Шарх Мула Джами» – «Кафияға түсіндірме».
 
3. Үндістан мен Пәкістан («Дарс Низами» деген атпен танылған  даруль-‘улюм медресесінің дәстүрлі бағдарламасы)
 
• «Миату ‘амиль» («‘Ауамиль» имам әл-Джуджрани).

• «Хидая ан-наху».

• «Кафия» немесе «Шарх Котр Нада».

• «Кафия»-ға арналған  «Шарх Мула Джами»  немесе  «Альфия»-ға арналған  «Шарх Ибн Акыль»
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков