Циклы Авторы Сортировка

15 бөлім. Жасырын шақыру, 4 бөлім

2 053
1 марта, 16
Жасырын шақыру (соңы)
 
Сондай-ақ, әуелгілерден – Саꞌид ибн Зайд әл-ꞌӘдауи әл-Құрайыш[1] және оның әйелі Фатима, әл-Хаттабтың қызы, Омардың қарындасы.
 
Үммү әл-Фадл Любаба, әл-Харис әл-Хиләлидің қызы, Аббас ибн Абдул-Мүтәлібтің әйелі.
 
Убайда ибн әл-Харис ибн Абдул-Мүтәліб ибн Әбду-Манаф[2], Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, немере ағасы.
 
Әбу Сәләмә ибн Абдулла ибн Абдул-Асад әл-Мағзуми әл-Құрайыш[3], Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, апайының ұлы және оның әйелі Үммү Сәләма.
 
Осман ибн Мазꞌун әл-Джумах әл-Құрайыш[4] және оның бауырлары Кудама мен Абдулла.
 
Және әл-Аркам ибн Әбу әл-Аркам әл-Мағзуми әл-Құрайыш.[5]
Сондай-ақ, жақсылықта басқаларды басып озғандардың ішінде[6] Халид ибн Саꞌид ибн әл-ꞌАс ибн Умайя ибн Әбду-Шамс әл-Умави әл-Құрайыш болды. Оның әкесі ең құрметті құрайыштардың бірі болған, ол болған жерде адамдар оған деген құрметтен сәлделерін алатын болған. Халид ибн Саꞌидке шыңырауға міне-міне құлайын деп жатқан түс кіреді, бірақ Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны ұстап, өлімнен сақтап қалады.  Халид одан былай сұрайды:
 
- Мұхаммед, сен осы неге шақырып жүрсің?
 
Пайғамбарымыз, оған Аланың игілігі мен сәлемі болсын, былай жауап береді:
 
- Мен сені серігі жоқ, Жалғыз Аллаға құлшылық етуге, істеп жүргендеріңнен бас тартуға шақырамын: сені естімейтін, көрмейтін, не залалын, не пайдасын тигізе алмайтын тасқа құлшылық етуіңнен, ата-анаңа жақсы қарауыңа, кедейліктен қорқып өз балаңды өлтірмеуге, Алламен тыйым салынған айқын және жасырын жексұрындықтарға жоламауға, адамдарды өлтірмеуіңе, себебі заңдылық бойынша өлу бөлек,  жетімдердің мүлкіне олар ер жеткенше қол салмауыңа, ал олардың игілігі үшін қолдану – бөлек мәселе, тауарды өлшеуде және таразылауда адал болуға, адамдарға әділ болуға, тіпті сен жақыныңа пікір айтар болсаң да, өз уәдеңді орындауға.
 
Осыдан кейін Халид, оған Алла разы болсын, Исламды қабылдайды. Мұны біліп қойған оның әкесі ашуланып, оны асыраудан бас тартады. Сонда Халид Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келеді, әрқашан оның қасында болып, әкесінен тығылып Мекке төңірегінде, оның үйінде өмір сүрді.  Одан кейін оның бауыры Амр ибн Саꞌид Исламды қабылдайды.
 
Осылайша бұл мейірімді адамдар мұсылман болған еді. 
 
Алла Елшісінде оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,оларды қорлап, өзіне бағындыратындай, олардың бастарын шауып тастардай сес көрсететін семсері болған емес. Осы ұлы адамдар өз әкелерін тастардай, оның ештемесі болмаған, олардың көбі бай болған және де Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, соңынан оның байлығына қол жеткізу үшін ермеген. Өйткені олардың көбі Әбу Бәкір, Осман, Халид ибн Саꞌид және басқалар сияқты одан анағұрлым бай болғандар.   Ал Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, соңынан ергендері үшін,  азат етілгендер азаптар, аштық пен қиыншлықтарға тап болған.   Егер олар көпшіліктің соңынан ергенде, олар тыныш та жайлы өмір сүрер еді. Осының бәрі Алланың бағыт көрсетуінің және дін сәулесімен нұрландыруының арқасында, сол себепті олар өз адасуларын қабыл алмай, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,  әкелген ақиқатының соңынан ерген.
 
[1] Ол қоныс аударғандардың (мұхажирлер) біріншілерінен болған, Исламды оның үйінде қабылдаған Омар ибн әл-Хаттабтан, оған Алла разы болсын, бұрын қабылдаған. Ол Бадр шайқасына қатыспаған, себебі сол кезде ол Шамда болған. Тірі күнінде Жұмақпен сүйіншіленген он сахабалардың бірі болған. Оның дұғаларын Алла қабыл алған.  Ол 70-тен асқан жасында, хижра бойынша 55-ші жылы Мұғауидің, оған Алла разы болсын,  билік еткен кезінде қайтыс болып, Мәдинеге жерленген.
 
[2] Исламды бауырлары Туфайл және Хусайнмен бірге қабылдаған, жауынгер-мұсылмандардың ең үлкені болса да, Бадр шайқасына қатысқан. Аяғынан жараланады және осы жараның салдарынан алпыс үш жасында қайтыс болады.
 
[3] Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүт ағасы болған. Әйелі Үммү Сәләмамен бірге Эфиопияға хижра жасаған он бір мұсылманның бірі болады. Бадр шайқасына қатысқан. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әл-Ушайраға жорығы кезінде оны Мәдиненің наменгері етіп қалдырған. Хижрадан кейін 3-ші жылы қайтыс болған.  
 
[4] Мәдинеде қайтыс болған мұхажирлердің біріншісі болып, Бадр шайқасында көз жұмған және бірінші болып әл-Бакы зиратына жерленген.
 
[5] Сафа төбесінің маңындағы оның үйі, «дар әл-Аркам», тарихтағы мұсылмандардың жиналатын бірінші орны болды, сол жерде олар намаз оқитын, Құран оқитын және т.б. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, онда біршама уақыт тұрған. Әл-Аркам, оған Алла разы болсын, хижра бойынша 55-ші жылы қайтыс болған.
 
[6] Бұл мынандай мағынасы бар Алла Тағаланың сөздрін көрсетеді: «Озаттар алдынғы қатарда болады. Міне солар, Аллаға жақын болғандар» («Уақи’а» сүресі, 10-12 аяттар)».
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков