Циклы Авторы Сортировка

15 дәріс. 45-48 нақыл сөздер

2 189
11 ноября, 15
45. Тәубе әрқашан жетілдіруді қажет етеді.
 
Тасаууф шейхтарының көбі жазғандай, тасаууф жолының мәні – өзіңнің күнәһар екендігіңді үнемі жете сезіну әрі тәубеңді жетілдіру.

Өз күнәһарлығыңды әрі рухани кедейлігіңді жете сезінбей, өз тәубеңді жетілдіру мүмкін емес.

Әрқайсымыз, әлеуметтік элемент ретінде, айналамыз үшін өзіміз жайлы нақты түсінік қалыптастырамыз да, өкінішке орай, көпшілігіміз оның өзіміздің шынайы бейне екендігіне сене бастаймыз.

Әлеуметтік желілердегі бейініміздің сырт жағындағы шынайы ақиқаттын қол үзбеу өте маңызды.

46.  Тәубенің мәні – өкінуде.

Өкіну – бұл жасалған іске опық жеу әрі бұл іске қайтадан оралмауға нық ниет ету.
 
Тәубеге келу мәселесінің ең жетік әрі жан-жақты талдауы, кезінде осы мәтіннің авторы оқыған шейх Хасан Хильмидің «Талхис» кітабының сәйкес тарауында орналасқан.
 
47.  Зікірді Алланың махаббатын алу ниетімен жасау керек.

Сопылар қандай да бір амалдардың қандай ниетпен жасалып жатқандығына көп көңіл бөледі.
 
Мысалы, олардың мынандай сөздері белгілі: «Аллаға құлшылықты Жұмаққа кіргісі келгені үшін, немесе Тозақтан қорықаны үшін жасауға болмайды, құлшылық Алланың разылығын алу үшін ғана жасалады».
 
Бірақ, Алла Тағалаға мүлде құлшылық еткілері келмейтін айналамыздағы адамдарға ашық көзбен қарауымыз қажет. «Этникалық мұсылмандар» деп аталатындардың көпшілігі нанғысыз надандықта жүреді және Исламға мүлде сәйкес келмейтін нәрселерді айтуларымен, жасауларымен, қолдануларымен көп жағдайда Ислам шегінен шығып та кетеді.

Біздің ұстаздарымыздың бірі айтып берген еді: қажылық жасағандардың бірі Қағбаны - Алла деп білгендігінен, оған: «мен Меккеде Алла Тағаланы айналып жүрдім» деген екен.
 
Алла бізді күпірліктен сақтасын.
 
Сондықтан да, біздің көпшілігіміз тұрмайтын тәһәжуд намазының 2 рәкәтінде Құранды толық оқып шығу біз үшін қаншалықты алыс болса, ниеттің егжей-тегжейлігі турасындағы мәселелер де бізден соншалықты алыста.
 
48.  Нағыз сабырлық – бұл күнәдан шеттену.

Еуропаның кейбір зияткерлері арасында «шығыс мистикасына» деген белгілі бір сұраныс бар, ал оның шегінде тасаууфтың ойлары мен тұжырымдары теософия пәлсапасы мен «мистика» тәжірибелері ретінде аса танымал.
 
Олар қызыққан нәрсе Исламға жатпайды, ол - шығыстанушылар, адасқандар мен Рене Генон сияқты өзге де пасықтардың ойлап тапқан басқа діні.

Күнәдан шеттену, тәубеге келу, жалғыздық, Алланы зікір ету, тақуалармен әңгімелесу – міне, осы амалдарда шынайы тасаууф бар. Ал күнәдан шеттену арқылы сабырды тырмысып іздеу оның маңызды бөлігі болып табылады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков