Циклы Авторы Сортировка

15 дәріс. Алтыншы кіші белгі. Бүлік. Харижилердің шығуы

5 217
9 апреля, 15
Бүлік. Харижилердің шығуы
 
 
 
Имам Әлидің (оған Алла разы болсын) тұсында мұсыдмандарға келіп жеткен үлкен бүліктердің бірі және мұсылмандардың бөлінуіне себеп болған жағдай - харижилердің шығуы болды. Бұл оқиға Сыффин шайқасынан соң орын алды.
 
Сыффин соғысы кезінде Әли де, Муғауия да жеңіске жете алмай, тек мұсылмандардың қаны текке төгіліп жатқаны белгілі болды, сол кезде олар достасу үшін  аралық сотқа жүгінбекші болады.
 
Әлидің әскері Ираққа келген кезде оның біршама ізбасарлары бөлініп кетеді. Олардың саны 8 000 адамды құрайды. Олар Куфаға жақын орналасқан Харура деген елді мекенге орналасады.
 
Олармен келісімге келу үшін Әли оларға Абдуллах ибн Аббасты (оларға Алла разы болсын) жібереді. Содан соң бөлінушілердің біразы қайтып келіп Әлидің әскеріне қосылады.
 
Алайда мұнымен бүлік тоқтап қалмайды. Олар күш жинап, адам өлтіру мен қиратуды бастайды. Осылайша олар сахаба Абдуллах ибн Хаббаб ибн әл-Артты өлтіріп, оның жүкті әйелінің ішін жарып кетеді.
 
Әли (оған Алла разы болсын) мұны білгеннен соң әскерін жинап алып олардың әскерін қырып салады. Шайқас алаңынан аман шыққан харижилер болмады деуге болады.
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл топтың шығатынын айтып кеткен және де Ибн Кәсир мұсылмандардың арасындағы осы бүлік туралы отыз хадис жинаған.
 
Ол хадистерге мыналар жатады:
 
Абу Саид әл- Худри (оларға Алла разы болсын) Харурдан шығатын харижилер туралы сұраған кезде, ол былай деген: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бұл үмметтен бір топ пайда болады, олар бізбен бірге намаз оқиды және Құран оқиды. Алайда Құран олардың кеңсіріктерінен ары қарай өтпейді әрі олар діннен садақтың оғы ұшқандай ұшып шығады»» (Бұхари).
 
Және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олармен шайқасуда және олармен шайқасқандарға сауап бар деп оларды құртуды бұйырды.
 
Бұхари мен Муслимде Әлиден (оған Алла разы болсын) жеткен хадис бар. Ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естіген: «Имандары кеңірдектерінен ары аспайтын топ шығады, олар діннен садақтың оғы ұшқандай ұшып кетеді. Оларды қайдан көрсеңдер де, өлтіріңдер. Олармен шайқасқандарың үшін Қияметте сауап аласыңдар». Имам әл- Бұхари Абдуллах ибн Омардан (оларға Алла разы болсын) олар Алланың ең жаман жаратылысы деп санағанын жеткізеді: «Имансыздарға қатысты аяттар мұсылмандарға қатысты болып қалды».
 
Ибн Хажар әл- Асқалани олар жайлы былай деген: «Олар адасушылықта  тым шектен шықты: зинақорды таспен атуды алып тастады, ұрлық жасағаны үшін қолтығына дейін кесіп тастауды шығарды, етеккір кезінде әйелдерге намаз оқуды міндеттеді, зұлымдықты тиып, парызды орындауды бұйырғандарды имансыздықта айыптады. Күнәһарларды олар имансыз деп атай бастады, зыммиларға (халифат ішіндегі кәпірлдер) тиіспеді әрі оларға ешқандай қауіп төндірмеді» (Фатх).
 
Харижилер Дәжжәлді шықпайынша жойылмайды

Ибн Омар Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенін жеткізеді: «Құран оқитын бір топ шығады, алайда оқыған Құрандары кеңірдектерінен ары қарай өтпейді және де бұл мүйіз қай жерде пайда болса да кесіліп тасталады». Ибн Омар былай дейді: «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Бұл мүйіз шыққан сайын кесіліп тасталады (отыз мәртеден аса) ақыр соңында олардың арасынан Дәжжәл шығады»» (Әбу Дауд)

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков