Циклы Авторы Сортировка

15-ші насихат. Араб тілін зерттейтін ғылымдар (3-ші бөлім)

3 160
5 августа, 15
Араб тілін зерттейтін ғылымдар (3-ші бөлім)
 
Араб тіліне қатысты ғылымдар жайлы әңгімемізді әрі қарай жалғастырамыз. Өткен мақалада сөз тіркесінің құрамдас бөліктері, сөйлемді зерттейтін ғылымдарға тоқталғанбыз. Оның ішіндегі алғашқысы «наху» - синтаксис ғылымын сипаттап өттік. Ал, бүгін үш түрлі ғылым саласы, әдетте оларды бір атаумен «баляға» деп атайды - стилистика немесе риторика саласы жайлы сөз етпекпіз. Бұл ғылымдарды оқып-үйренудің пайдасы орасан зор, өйткені, онсыз Қасиетті Құран тілінің ұқсасы жоқ, кереметтілігін ұғына алмас едік.
 
2. Әл-ма’ани ілімі (علم المعاني)
 
Біз тоқталатын үш түрлі ғылым да араб тілінің көркемдік жағын зерттейді, бірақ әрқайсысы әр тұсынан. Әл-ма’ани - сөйлеу стилінің талабына сай, тілді көркемдету үшін әртүрлі құралдар таңдау қағидаларын зерттейді. Бұл ғылымның қарастыратын тақырыптары:

· сөйлемдерді хабарлы сөйлем және т.б. (сұраулы, қозғаушы т.б. – араб тілінде бұларды бір сөзбен «иншаъ» дейді) түрге бөлу;

· шектеу (каср) – мағынасы бар бір сөзді белгілі бір сөздердің тәртібімен ерекшелеу;

· бір мағынаны білдірерде аз (иджаз) және көп (итнаб) сөздерді қолдану.

Және т.б.
 
3. Әл-баян ілімі (علم البيان)
 
Бұл ғылым да тілдің стилі мен тілдік құралдарды таңдау қағидаларын қарастырады, бірақ, өзге тұсынан -  сөздің тура және ауыспалы мағынасын қолдана отырып, бір мағынаны әртүрлі әдіс-тәсілдермен жеткізуді зерттейді. Зерттеу тақырыптары:
 
· Салыстыру (ташбих);

· Метафора (исти’ара);

· және сөз мағынасының өзге де ауыспалы түрлері.
 
«Баляға»-ны өз алдына жеке ғылым етіп ерекшелеуде имам Абдуль-Кахир әл-Джурджанидің (хижри б.ша 471 ж. өмірден озған) еңбегі зор. Оның «Асрар әл-баляға» және  «Даляиль әл-и’джаз» атты кітаптары біз айтып өткен екі ғылымның негізін салуға үлкен септігін тигізді.

4. Әл-бади’ ілімі (علم البديع)
 
Әл-бади’ - араб тіліндегі стилистикага қатысты үш ғылымның ішіндегі ең қиыны болып саналады. Бұл сала сөзді көркемдеу тәсілдерін, белгілі бір ойды жеткізерде риторикалық және өзге де әдістерді пайдаланып, барынша әдемі жеткізе білу жолдарын қарастырады. Ол әдіс-тәсілдерге тоқталмасақ та болады, себебі, олар тек араб тіліне тән дүние болғандықтан, оқырманға түсінікті ету, оларға лайықты аналог келтірудің өзі оңай емес.
 
Бұл ғылымның негізін қалаушы Аббасидтер әулетінен шыққан халиф пен жазушы Абдуллах ибн әл-Му’таз (хижри б.ша 296 ж. өмірден озған) ол өзінің «Әл-бади’» кітабында араб тілінің көркем сөз мәнерінің әдістерін келтірген.
 
Араб тіліндегі «баляға» -дан өзге тағы үш ғылым бар, енді соларға тоқталсақ.

5. Әл-‘аруд ілімі (علم العروض)

6. Әл-кафийя ілімі (علم القافية)
 
Бұл екеуі де поэзияны зерттейтін ғылым. Біріншісі - өлеңнің көлемін қарастырса, екіншісі - өлең жолдарының ұйқасын қарастырады. Поэзия өнері арабтар үшін Ислам дәуіріне дейін де, Ислам орнағаннан кейін де аса маңызды болды. Тіл үйренуде терең білімге қол жеткізу үшін - көркем әдебиет пен поэзия үлкен рөл атқарады. Ал, поэзияны оқи алу үшін, сәл де болса өлеңнің құрылысы, оның прозадан ерекшелігі және бір өлеңнің басқа өлеңнен айырмашылығы жайында білген жөн. Міне, сол үшін де, бұл екі ғылымды үйрену маңызын жоғалтқан емес.

7. Әл-хатт ілімі (علم الخط)
 
Әл-хатт – араб әріптерінің жазылуын зерттейді. Ғылым негізін қалаған Басра мен Куфаның грамматика саласын меңгерген ғалымдары болып саналады. Әрбір әріптің қаріпіне байланысты (хатта) өзіндік бекітілген каноникалық жазылуы болады. Ілім иелерінің айтуынша, әріптерді өз ережесіне сай жазбау – білімсіздіктен. Сондықтан, әріптердің жазылу ережесі де білімді қажет етеді, сол үшін араб жазба тілін қателер мен бұрмалаудан сақтайтын арнайы ғылым қызмет етеді.
 
Біздің ортамызда, яғни, араб емес, басқа халықтардың арасында бұл ғылымға аса мән бермейтіндігі жиі кездеседі, себебі, адамдар әдемі жазылған арабша жазуларды -  өрнектеліп, көзге әдемі көрінетін, дөңгеленген әріптер ғана деп ойлайды. Ал, негізінде, әл-хатт – өзіндік қағида, тәртібі бар жеке ғылым екенін ұмытып жатады, егер, оның ережелері бұзылса, адам дұрыс жазудан қалады. Сол үшін, жазу стилін (хатты) меңгеру де маңызды.
 
Ал, жалпы, қазіргі кезде шейхтердің пікірінше, әл-хатты толық меңгеруді емес, тек арабша дұрыс жаза білуді ғана мақсат еткен қарапайым студентке екі қаріп - насх пен рук’а- ны үйренсе де жеткілікті дейді. Біріншісі, көбінесе тақырыптарды жазғанда және анығырақ жазу қажет болғанда (мысалы, ұстаз тақтаға жазғанда) қолданылады. Ал, екіншісі, шапшаң жазуларда қолданылады, бірақ, кейде әріптердің бұл қаріппен жазылу ережесін білмейтіндер оны оқуда қиналып жатады.
 
Осымен, араб тілін зерттейтін ғылымдарға берген қысқаша сипаттамамызды аяқтап, ал, әрі қарай ин ша Аллах, рационалды ғылымдар туралы сөз етеміз.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков