Циклы Авторы Сортировка

16 бөлім. Ашық үндеу (басталуы)

2 129
4 марта, 16
Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құрайыштарды Исламға ашық шақырмағанына бірнеше жыл өтеді. Мұсылмандар құрайыштардың қасарушылығынан қауіптеніп, өздерінің құлшылықтарын көрсетпеуге тырысатын. Намаз оқу үшін олар Меккенің маңындағы тауларға барып, жасырын  құлшылық ететін.
 
Мұсылмандардың саны отыз адамнан асқанда, оларға жиналатын және Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, білім мен ақыл-кеңесалатын орын керек болды. Сондай үй болып, Әл-Аркам ибн Әбу әл-Аркамның үйі таңдалынған еді. Біз оны Исламды қабылдаған алғашқы мұсылмандардың қатарында атап өткенбіз.
 
Осылайша, Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Хижр» сүресінің мына аяты түспегенше, ол адамдарды Исламға жасырын шақырған:
 
فَاصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ وَأَعْرِضْ عَنِ الْمُشْرِكِينَ

Мағынасы: «Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да серік қатушылардан бет бұр»[1].
 
Осыдан кейін Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Жаратушының бұйрығына бойсұнып, әрі Оның жәрдеміне сүйене отырып, ашық шақыруға бастады.
 
Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сафа төбесіне шығып, айғайлап шақыра бастайды: «Уа, бану Фихр! Уа, бану ꞌАди!». Құрайыштар жиналып қалады, келе алмағандары не болып жатқанын біліп келу үшін хабаршыларын жібереді. Олармен бірге Әбу Ләхаб ибн Абдул-Мүтәліб те келеді.
 
Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жұрттан сұрайды:
 
- Айтыңыздаршы, егер мен сіздерге мына төбенің ар жағында шабуыл жасайын деп тұрған атты әскер бар десем, маған сенер ме едіңіздер?
 
Құрайыштар:
 
- Әрине!Өйткені біз ешқашан сенен бір ауыз жалған сөз естімеген едік! –деп жауап қатады. Сонда ол айтады:
 
- Мен сіздерді ескертемін: ауыр азап жақын!
 
Сол кезде Әбу Ләхаб:
 
- Күнің қараң болсын! Бізді осы үшін жинап па едің?! – дейді.
 
Сонда Алла Тағала ол туралы мынандай аяттарды түсіреді:
 
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ
مَا أَغْنَىٰ عَنْهُ مَالُهُ وَمَا كَسَبَ
 
سَيَصْلَىٰ نَارًا ذَاتَ لَهَبٍ
وَامْرَأَتُهُ حَمَّالَةَ الْحَطَبِ
فِي جِيدِهَا حَبْلٌ مِنْ مَسَدٍ
 
Мағынасы: «Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын! Құрыды да. Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. Ол, жалындаған отқа кіреді. Әйелі, отын көтеріп кіреді. Оның мойнында есілген арқан болады» (111:1–5).
 
Оның әйелінің «отын көтеріп» деп аталуының себебі, ол әйелдердің арасында өсек таратып, соның арасындаПайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы да көптеп өтірік сөздер тарататын еді[2].
 
Кейін Алла Тағала «Шуꞌара» сүресінің аяттарын түсіреді[3]:
 
وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ

Мағынасы: «Жақын ағайындарыңа ескерт!».
 
Бұл аятта «жақын ағайындар» деп Бану Хашім, бану әл-Мүтәліб, бану Науфал және бану Абду-Шамс, Абду-Манаф әулеттері айтылып отыр.
 
وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ

Мағынасы: «Мүміндерден саған ергендерге қанатыңды жай».
 
فَإِنْ عَصَوْكَ فَقُلْ إِنِّي بَرِيءٌ مِّمَّا تَعْمَلُونَ

Мағынасы: «Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: “Сендердің істегендеріңнен бездім” де».
 
[1] 94 аят.
 
[2] Бұл сөйлемнің мағынасы туралы Құранға түсінік берушілерде бірнеше пікір бар. Біріншісі: Оның сыбыстар мен өсектер таратқанын  білдіретін астарлы сөз. Екіншісі: Тозақта ол күйеуі жанып жатқан отқа бір арқа отын әкелетін болады. Үшіншісі: Осылай аталған себебі, ол Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүретін жолына тікенектер тастап отыратын болған. Төртіншісі:  Тозақта оның күнәсі пальма талшығынан есілген арқанмен байланған бір арқа отын сияқты болады және бұл ауыртпалықты ол ұдайы арқалайтын болады (Әл-Куртуб тәпсірі,   имам ар-Разидің «Әл-қабір» тәпсірі).
 
[3] 214 – 216 аяттар.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков