Циклы Авторы Сортировка

16 дәріс. 49-53 нақыл сөздер

2 007
18 ноября, 15
49. Сақтану шүкіршілікпен болады. 
 
Шүкіршілік – Таухидтің іс жүзіне іске асуының  бір түрі, себебі Алла Тағалаға деген шүкіршілік, Оның бізге деген нығыметтерінің барлығы жігеріміздің салдары немесе ақыл-парасатымыздың, біліміміздің және басқа да өзіміздегі жағымды деп санайтын аспектілердің арқасында «сіңірген еңбегіміз» емес, Оның бізге деген мейірімділігі екенін мойындауды білдіреді.

Таухидтің осы қағидатын өз бойыдна іске асыру, адамды тәкаппарлық пен қызғаныштан сақтайды.
 
50. Шүкіршілікті іске асырған адам әрқашан қарапайым болады.
 
Қарапайымдылық – барлық игілік оның ынталығының нәтижесі емес екендігін түсінудің қорытындысы болып табылады да, тәкаппарлық пен көкірекшілдікке себеп бола алмайды.
 
Әңгіме әрине, «мен ең инабатсызбын» деген сияқты басқа да жария айталатын сөздерде емес, қарапайымдылықтың терең шынайылығы жайында болып тұр.  

Көп жағдайларда осы сияқты өзін-өзі жария етіп кемсіту нәпсіге өте жағымды болады да, адамның өз басы мен тақуалығына қатысты жоғары пікірін нығайта түседі.

Ал бұл мәселеде тақуалық көптірмеліліктен, даңғазалық пен шалқымалықтан арылған да, тақуалар болса – өте қарапайым адамдар, қарапайымдылық олардың тақуалықты іздеп табу жолындағы рухани олжасы болып табылады.
 
51. Сабыр иесі - Аллаға шынайы ықыласпен тәуекел етуші.
 
Мұнда шынайы сабырдың терең мәні бар. Бұл жай ғана өз ашуыңды немесе ызаның қайнауын тежеу емес, өз жоспарларында, бастамаларында және талпыныстарында ұдайы Аллаға  тәуекел ету. 
 
52. Аскет (захид) әрқашан бәріне разы.
 
Исламдағы аскетизімнің тұжырымдамасы басқа діндердегі аскетизмнен өзгеше. Ол - дүниенің қызықтарынан қашып, монастырьге қамалып алып, машайық болуда немесе ыстық шоқтардың үстімен жүріп, инелерге отыра білуде емес. Ислам аскетизмінің мақсаты – дүниенің дәл ортасында бола тұра, Алланың жақындығын сезіне тұра дүниеге деген махаббатты жүректен шығарып тастауға талпынуда. Ал бұлай жасау, теңдессіз, қиынға соғатыны анық.
 
53. Кәміл иманның белгісі кемелденген тақуалықта.
 
Өкінішке орай, жастардың кейбіреулерінде Таухидті жетілдіру пікірталас арқылы іске асады, ал иманның кемелдігі қанша мәрте «уах, басын қатырдың» дегенмен өлшенеді, деген қате тұжырым қалыптасқан.    

Бұл – көрекм мінездің, тәуекелі мен сабырлықтың дәрежесінен адамның кәміл Таухидін көрген Сүннет имамдарының түсінігіндегі иманнан түбегейлі ерекшеленеді.

Ия, таухидтың теориялық мәселелері маңызды әрі оның өзінің мағыналы орны бар, бірақ бұл  адамды кәпір емес, мұсылман деп санау үшін қажет болған негіз бен бастама. Таухидтың шынайы кемелдігі кемістіктермен күресте жатыр, өйткені әрбір кемістік, қалай болғанда да, біздің жүрегімізді Таухид тазалығынан шеттетеді, сондықтан да Тасаууф жолы  –  бұл Таухид жолының іс жүзінде жүзеге асуы.
 
Өкінішке орай, бүгінде кейбір ашғарилердің өзара не жазып, қалай араласатындарын оқи отыра, адамдардың қарапайым тәрбиеліктен қалай алыстап кеткендіктерін үрейсіз атап өту мүмкін емес, олай болса көркем мінез жайлы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков