Циклы Авторы Сортировка

16 дәріс. Жетінші кіші белгісі. Жалған пайғамбарлардың шығуы

5 553
13 апреля, 15
Қиямет күнінің жақын қалғанының бір белгісі – өздерін пайғамбармын деп жариялайтын өтірікшілердің, алаяқтар мен есінен ауысқандардың көбеюлері. Олардың біразы сахабалар заманында шыққан боласа да әлі күнге дейін жалғасын табуда.
 
 
 
Бұхари мен Муслимде Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте былай келеді: «Өтірікші дәжжәлдардың саны отыз адамға жетпейінше, Қиямет басталмайды. Олардың әрқайсысы өздерін Алланың елшісімін деп жариялайтын болады».
 
Сәубаннан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбармыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені айтылады: «Менің үмметімнің бір тобы пұтқа табынушыларға қосылып, мүсіндерге табынуды бастамайынша Қиямет орнамайды. Менің үмметімнен отыз өтірікші өздерін пайғамбармын деп жариялап шығады. Ал мен пайғамбарлардың мөрімін, менен соң ешқандай пайғамбар келмейді» (Әбу Дәуд, Тирмизи)
 
Сондай өтірікшілердің бірі – Суләйма әл-Кәззәб, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игіліг мен сәлемі болсын) өмірінің соңында өзін пайғамбармын деп жариялайды, оны Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "кәззәб" деп атады (яғни, "өтірікші"). Оның ізбасарлары көбейіп, мұсылмандарға ауыр жүк болып, бұл мәселе Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) халифалығы кезінде әл-Йәмәма шайқасында шешілді.
 
Йеменде әл-Әсуад әл-Әнаси деген адам өзін пайғамбармын деп жариялаған болатын. Бірақ ол Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде сахабалардың қолынан қаза тапқан.

Өзін "пайғамбармын" деп жариялағандардың біразы кейіннен тәубелеріне келіп, Исламды қабылдаған.
 
Мысалы, Саджах өзін пайғамбар деп жариялап, Мусәйләмә әл-Кәззәб оған үйленген болатын. Ал Мусәйләмә қаза тапқан соң ол әйел тәубе етіп, Исламға қайтып келеді. Тулейха ибн Хуайлид әл-Асадта өзін алғашында пайғамбар деп жариялап, кейін тәубе етіп, Исламды қабылдаған.
 
Тарихта Әл-Мұхтар ибн Әбби Убейд әс-Сақафидің оқиғасы бар, ол Әһлүл бәйтке деген махаббатын көрсетіп, Хусейннің (оған Алла разы болсын) қаны үшін кек алынуын талап етеді. Ол көптеген ізбасарларын жинап, Абдуллах ибн Зубейрдің (оған Алла разы болсын) басшылығының басында Куфаны басып алады. Осыдан соң оны шайтан азғырып, өзін "Мен пайғамбармын, маған Жебірейіл келді"  деп жариялай бастады. Бұхари мен Муслимде былай келеді: "Ибрахим ән-Нахаи (Алла ол кісіге рақым етсін) Убейд әс-Салманидан: «Мухтардан дәжжәлдікті көрдің бе?»,- деп сұрағанда ол былай деп жауап береді: «Ол олардың қолбасшыларынан».
 
Әл-Харис әл-Кәззәб деген болған. Ол да өзін Абдул Мәлік Мәруананың билігі кезінде пайғамбар деп жариялап, ақыры ол да өлтірілді. Аббасидтіктердің кезінде де осындай адамдар шыққан.
Біздің заманымызда Үндістанда Мырза Ахмед әл-Қадиани деген пайда болды. Ол өзін барлық адамзат күтіп жүрген Исамын деп жариялап, бұл ағымның ізбасарлары "қадианилер" деген атпен танымал болып, олардың саны күннен күнге артуда.
 
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы жалған пайғамбарлардың төртеуі әйелдерден болады деп айтып кеткен.
 
Имам Ахмадтың «Муснадында» Хузейфадан (оған Алла разы болсын) жеткен Пайғамбарымыздың (оған Алланың иглілігі мен сәлемі болсын) мына хадисі келеді: «Менің  үмметімнен жиырма жеті дәжжал мен өтірікші шығады, олардың төртеуі - әйелдер. Алайда мен пайғамбарлардың мөрімін, менен кейін ешқандай пайғамбар болмайды».
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков