Циклы Авторы Сортировка

16-шы насихат. Рационалды ғылымдар (1-ші бөлім)

2 633
12 августа, 15
Рационалды ғылымдар (1-ші бөлім)
 
Біздің жіктеуіміз (классификация) бойынша шариғат ғылымдарының келесі бір тобы - «рационалды ғылымдар» деп аталады. Негізі, орыс тілінде мұндай термин жоқ та шығар. Бұл араб тіліндегі «العلوم العقلية» сөз тіркесінің дәл аудармасы. Дегенмен, аталмыш термин мағынаны дәл ашқан сияқты. Шариғи ғылымдар өзінің түпкі негізі, яғни, ілімнің қайнар көзіне  байланысты екі түрлі үлкен топқа бөлінеді:
 
- уахи мәтініне негізделген ғылымдар (оның ішінде Құран, хадис, фикх ілімі және т.б.)

- адамның өз ақыл-ойы арқылы қол жетілгенге негізделген ғылымдар. Біз мұны «рационалды ғылым» деп атадық. Бір айта кетерлігі, ақида ілімі бұл ғылымның қатарына кірмейді, себебі, онда рационалды құрылымнан өзге - шариғи мәтін – Құран мен хадистер  қолданылады.
 
Ғалымдар рационалды ғылымдарды екі топқа бөліп қараған:
 
1. Негізгі. Бұған Ислам дінін шындап үйренемін деуші әрбір адамға қажетті шариғи ғылымдар жатады, олар үшеу:

· Мантық (логика)
 
· Әл-бахсуәл-муназара ілімі (пікірталас жүргізу өнері)
 
· Усуль әл-фикх
 
2. Қосымша.Бұлар өздігінен шариғи ғылымға жатпайды, алайда, жеке элементтері мен бөлімдері шариғи ғылымдарды терең зерттеп-үйренушілерге қажетті болып табылады. Атап айтсақ, математика, география, физика, астрономия және басқа да ғылымдар.
 
Мұсылман адам жан-жақты болуға тырысуы керек: адам миы ойлап тауып жатқан барлық жақсы нәрсеге қызыққаны абзал, өйткені, бүкіл мына әлемді Алла Тағала ең алдымен біздерге - мұсылмандарға пайдалану үшін берді емес пе? Ондағы айтқым келетіні, шариғатты үйреніп жүрген студент оқуын тастай сала, математика немесе физика факультетіне оқуға барсын деу емес, әрине. Білім алуда ең маңызды болған мақсатты басқасынан артық қоя білу жайында бұған дейін бірнеше мәрте айтқан едік. Кез-келген студенттің бос уақытында әртүрлі ғылым саласындағы танымал ғылыми кітаптарды оқып, әлемнің жаратылысы жайлы қызығушылық танытуына немесе қазіргі кезде ғаламтордағы көптеген білім беретін тегін дәрістерді көруіне ешкім кедергі келтірмесі анық. Студенттің бір-екі ғана шариғи ғылымды үйреніп,  тар көлемді маман болғанынан гөрі, жан-жақты білімді болғаны әлдеқайда жақсы, сонда оның адамдарға айтар уағызы мен берер дәрісінің де сапасы  арта түспек.
 
Әрі қарай негізгі рационалды ғылымдарға тоқталар болсақ:
 
1. Мантық (علم المنطق)
 
Мантық ғылымының араб тіліндегі өзге ғылымдардан айырмашылығы – оған орыс тілінде дәл келетін ұқсас аналогтың болуы, ол – логика. Шариғаттағы бұл мантық ғылымы мен батыстық логика бір негізден тарағанымен, алайда, олар сәтті түрде бөлініп кеткен еді. Сонда да, мантық пен логика мысалы, сарф пен морфологияға қарағанда бір-біріне жақын ғылым.
 
Әдеттегі логика секілді мантық та дұрыс ойлау мен қате ойлауды ажырату мақсатында адамның ойлау қызметі заңдарын зерттейді. Бұл ғылымды үйренудің пайдасы зор: өздігімізше дұрыс ойлауды үйреніп және өзгелердің пікіріндегі логикалық қателіктерді де байқай алатын боламыз. Бұл әсіресе, қазіргі айналамызды адасушы ағымдар жайлап, өздерінің қате ғылыми дәлел сымақтарымен сананы улап, мұсылмандарды Әхлю-с-сунна жолынан тайдармақшы болған қауіпті кезеңде аса маңызды болып отыр. Мантықты үйрену - ақида мен усуль әл-фикхті тереңірек меңгеруді қалайтындар үшін де өте қажетті. Ал, мантықтың негіздерін білу- әрбір шариғатты оқып-үйренушіге маңызды, өйткені, тәжірибе жөнінде барлық ғылым саласы кітаптарында мантықтың терминдерін кезіктіруге болады.
 
Мантық ғылымының негізінде Аристотель тұжырымдаған көне грек логикасы жатыр. Бірақ, осы ғылыммен айналысқан Ислам ғұламалары, имамдар, оны ислами емес философиялық қоспалардан тазартып, шариғатқа қайшы келетін тұсының бәрін жойып, рұқсат етілген, пайдалысын ғана қалдырған. Сондықтан, «Шархас-Суллям»-да айтылғандай, логикамен айналысу туралы ғалымдар арасындағы келіспеушіліктер бары белгілі, бірақ, логиканың бұл тұсы талай заманнан бергі сүннет ғұламаларының  тазартуынан өтпей қалған түрлеріне қатысты.
 
Ал, мантық ғылымы бойынша біздің заманымыздың ғалымдарының соңғы жарық көрген кітаптарына келер болсақ, олардың рұқсат етілгендігінде ешқандай күмән жоқ. Адастырушы ағым өкілдері әртүрлі жалған сөздер айтып, мұсылмандарды мантық ғылымын зерттеуден шеттеткілері келеді, өйткені олардың көздегені біреу ғана – біздерді берік рационалды негізден ажыратып, өздері шындыққа балаған логикасыз дәлелдеріне сенетін тыңдаушыларына айналдыру.
 
Студенттерге пайдалы болуы үшін, мантық ғылымын оқып-үйренуге арналған мына бағдарламаны ұсынамыз:
 
1. Назм «Суллям әл-мунаурак» имам әл-Ахдаридікі және имам ад-Даманхуридің оған жазған «Идах аль-мубхам» атты түсіндірмесі;

2. Имам Закария әл-Ансаридің түсіндірмесімен жазылған Матн «Исагуджи»;

3. «Тахзиб аль-мантык» имам ат-Тафтазани және имам әл-Хабисидің оған түсіндірмесі;

4. «Шамсийя» имам әл-Кизвини және имам Кутбуддин ар-Разидің оған түсіндірмесі.
 
Тағы бір қоса кететінім, шейхтерден бірнеше рет естігенім бар еді, шариғи кітаптарды, соның қатарында ақидаға қатысты кітаптарды түсіну үшін, жоғарыда айтылған кітаптардың біріншісін жақсылап меңгеріп алу жеткілікті, әрі бүгінде ғаламдық желіде оған қатысты құнды дәрістер де аз емес және пайдалы ескертпелерімен жарық көріп жатқан көптеген басылымдары да баршылық.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков