Циклы Авторы Сортировка

17 бөлім. Сира. Ашық үндеу (жалғасы)

2 496
11 марта, 16
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туыстарын шақырып алып, оларға былай айтады:
 
- Шындығында, барлаушы өзінің жақындарына өтірік айтпайды! Алламен ант етемін, тіпті егер мен барлық адамдарға өтірік айтсам да сендерге өтірік айтпас едім. Егер барлық адамдарды алдасам да сендерді алдамас едім. Одан басқа құлшылық етуге лайық ешкім де, ешнәрсе де жоқ Алламен ант етемін, расында, мен Алланың сендерге, сонымен қатар, тұтас алғанда, барлық  адамдарға жіберілген елшісімін! Алламен ант етемін, сендер міндетті түрде ұйықтағандай болып өлесіңдер, міндетті түрде оянғандай болып тірілесіңдер және сендер міндетті түрде жасағандарың үшін есепке тартыласыңдар, шындығында, сендер игіліктерің үшін игілікке кеңелесіндер, ал жамандықтарың үшін азапталасыңдар! Содан кейін сендер мәңгілікке не Жұмаққа, не Тозаққа барасыңдар![1]
 
Пайғамбарымызбен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, барлық туыстары жайлап сөйлескен, тек ағасы Әбу Ләхаб қана қас жауы болып кетеді. Ол былай  айтқан:

- Бүкіл арабтарды өзіне қарсы қоймай тұрғанда оны тоқтатыңдар. Барлық елді өзіне қарсы қойып алғаннан соң оны оларға берсеңдер, бұл сендер үшін масқара болады, ал егер қорғандарыңа алсаңдар, олар сендердің барлығыңды өлтіреді.

Оған Әбу Тәліб былай жауап береді:

- Тірі тұрғанда біз оны қорғаймыз.

Осыдан кейін бәрі тарқап кетеді.

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ашық шақыруын бастағанда, құрайыштар оны мұқатып, келемеждей бастайды. Пұтқа табынушылардың қасынан өткенде, олар былай айтатын:

- Әне Әбу Кабшаның ұлы келе жатыр, ол көкпен сөйлеседі[2].

Немесе былай айтатын болған:

- Бұл Абдул-Мүтәлібтің ұлы, ол көкпен сөйлеседі.

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, олардың пұттарын беттеріне басатын және олардың ақылдарының аздығын айтатын:

- Алламен ант етемін, әй, адамдар, сендер өздеріңнің бабаларың Ибраһимнің сеніміне қарсы келесіңдер!

Бұл өздерінің бабалары сыйынатын Құдайлары үшін құрайыш басшыларының ашу, ренішін тудырады. Олар Пайғамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өз қамқорына алған бану Хашім басшысы, оның ағасы Әбу Тәлібке барып, оны оларға беруін талап еткен. Бірақ Әбу Тәліб сыпайы да табанды түрде талаптарын қабылдаудан  бас тартады, сөйтіп, олар құр қол кетеді[3].

Осылайша, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің шақыруын жүргізе берді, оған ештеме де кедергі келтіре алмады. Құрайыштар жасырын түрде бір-бірлерінің зұлымдықтарын қоздырып, Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, деген ашу мен қастықтарын жинай берді.

Содан кейін олар қайтадан Әбу Тәлібке келіп, оған былай айтады:

- Шындығында, сен егде тартқан, бізге сыйлы адамсың. Біз сенен немере ініңді беруіңді сұрағанбыз, бірақ сен оны бізге бермедің. Бірақ, Алламен ант етеміз, біздің құдайларымызға тіл тигізіп, бізді ақымақ санағанына шыдай алар емеспіз.

Расында, олардың ата-бабалары пұтқа табыну себебінен, олар ақиқатты ұстанбаған,  Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, олардың дәлелдеріне  Алланың берген ақылын пайдаланудан бас тартқандықтарын беттеріне басқан[4].
 
[1] Бұл туралы хадисті Бұхари мен Мүслім жеткізген.
 
[2] Әбу Кабша – Мұхаммедтің сүт анасы, Халима ас-Садидің күйеуі. Пайғамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құрайыштар келеке етіп оның ұлы деп атаған.
 
[3] Ибн Хишаманың «Сирасында» бұл оқиға былай келтірілген: Құрайыштардың айтулылары Әбу Тәлібке барып, былай айтқан: «Уа, Әбу Тәліб, ақиқатында, сенің ағаңның ұлы біздің тәңірлерімізді балағаттады, біздің дінімізге тіл тигізді, біздің өзімізді ақымақ деп жариялады, ал ата-бабамызды адасқандар деп айтты, сен оны не тоқтатуың керек, не оны өзіміздің қолымызға беруің керек, өйткені сен де біз сияқты онымен келіспейсің, біз сені одан құтқарамыз!»
Оларды тыңдап болып, Әбу Тәліб олармен жайлап сөйлеседі де олар кетіп қалады, ал Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Алла дінін ашық уағыздап, басқаларды оған шақырып, өз ісін жалғастыра береді.
 
[4] «Шарх әл-Мукаддиматта» имам ас-Сануси былай жазады:
«Бұл көп құдайға табынушылық түрінің себебі (ата-бабаларының соңынан соқыр түрде еру шіркі) болып адамдардың әртүрлі құмарлықтар мен ақылсыздықтарға бой алдыруы, нәтижесінде бұл тіршілік өмірі мен мәңгілік дүниеде оларға тек қана зиян келтірген әке, аталарының жалған сенімдеріне қасарып ерулері болды. Алла Тағала олардың ата-бабаларының санасыздықтары оларды адасу мен мәңгілік апатқа әкеліп соқтыратынын жеткізген шыншыл пайғамбарды жіберіп, оларға қайырымдылық көрсеткен. Ол мұны оларға  айқын жеткізгендігі сондай, оның түсіндіргенінен кейін ешбір күмән мен түсінбестік қалмайтын.  Бірақ олар оны тыңдамады, оның сөздерін ой елегінен өткізбеді, дегенмен бұл адам өз араларында әрқашан тек өзінің шыншылдығымен, адалдығымен және саналығымен танымал болғандығын білгендіктен, оны ешбір жамандықтан күмәндануға болмайтын. Оны бұған (Исламға шақыруға) пайдакүнемдік дүниелік мақсаттардың келтірмегендіктерін олар түсінген, ол оларды тек ақиқат жолға түсіріп, олардың әкелері мен аталары көрген азаптан құтқарғысы ғана келген. Бірақ олар  адасқандардың соңдарынан ергендерін жалғастыра берді де еш ойланбады».
Бергі жәхилият пұтқа табынушылығы туралы толығырақ қараңыз: http://www.azan.kz/article/show/id/9422.html
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков