Циклы Авторы Сортировка

17 дәріс. 54-57 нақыл сөздер

2 151
25 ноября, 15
54. Үнемі салауат оқудың рухани жемістерінің бірі - бұл Сүннетке шынайы берілгендік.

Барлық тарикаттардың вирдында Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оқылатын салауат әрқашан ерекше орын алатын, өйткені оны оқу  - бұл Алла Тағаланың әмірін орындау:
 
إِنَّ اللَّـهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ ۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا
 
Расында Алла, Пайғамбарға рахым ететеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат айтыңдар және ықыласпен сәлем келтіріңдер. (Құран 33:56)

55. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін ұстану нәтижесі – оның шапағаты (қолдауы).

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін ұстанубұл оған деген айқын сүйіспеншіліктің салдары, ал ұстанудан бас тарту оған деген адал да терең сүйіспеншіліктің жоқтығын көрсетеді.

Бұл Сүннет жолындағы имамдардың түсініктеріндегі иман тəрізді, олардың пікірінше амал жасамаған адам діннен шығады, өйткені кім Аллаға шынайы иман келтіріп, Оның ашуынан қорықса, Оның әмірлерін орындамауы мүмкін емес.
 
56. Хидаят қазынасы сахабаларға деген сүйіспеншілік арқылы қол жетімді болады.

Сахабалар – бұл Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан адамдар: «Біз саған яһудилердің Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын):  "Соғысу керек болса, сен Құдайың екеуің соғыса беріңдер...» деп айтқанын айтпаймыз". Олар - Исламмен өмір сүрген ұрпақ және олар туралы Алла Тағала былай деген:

رَّضِيَ اللَّـهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ

Алла олардан разы, олар Алладан разы. (Құран 98:8)

Сондықтан да, салик көп уақытын сахабалардың өмірін оқып үйренуге жұмсап әрі осы тақырыпта кітаптар оқуы керек.  Бұл туралы ең жақсы кітаптардың бірі - «Хаят ас-Сахаба».

57. Алла әулиелеріне деген сүйіспеншілік -  Алла сүйіспеншілігіне жету тәсілдерінің бірі.

Шынайы тақуалар  – біздің жүректерімізді жігерлендіріп әрі Аллаға құлшылық жолындағы талпынысымызды нығайтатын дініміздің шынайы тəжірибесі.

Білмейтін нəрсені жақсы көрумүмкін емес, сол себепті де салик үшін тақуалардың өмірбаянын зерделеу маңызды. Бірақ оқырмандарымызды тақуа сопылардың өмірін әңгімелейтін кейінгі уақытта жарық көрген кітаптарды оқудан сақтандыруды жөн көріп отырмыз, өйткені онда көптеген таңқалдырар оқиғалар келтірілген, ал олар болса тақуаның өмірі мен оның Аллаға жақындауының жолдарын көрсетудің орнына ғылыми-фантастикалық кітаптар секілді, көкке ұшу, тағы да басқа таңғажайыптарды баяндайды.
 
Бір шейхтың немесе ұстаздың бітпейтін караматтары жайлы әңгімелерге толы сопылық тақырыбындағы кейінгі кітаптар іс жүзінде оқырмандарға еш қандай тәжірибелік пайда әкелмейді және бұның бәрі әншейін уақытты бос өткізу.

Ең дұрысы - «Рисаля аль-Кушайрийя» сияқты немесе имам əз-Захаби сынды ұлы мухаддистер жазған бұрынғы кітаптарға сүйенген жөн. Ол кітаптарда әлдебір әулиенің жаны аспан төрінде Алламен бірге ұшып жүрді деген сынды оқиғалар жоқ.
 
Алла бізді күпірліктен сақтасын!
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков