Циклы Авторы Сортировка

17 дәріс. Сегізінші кіші белгісі. Қауіпсіздіктің орнауы

10 651
17 апреля, 15
Көптеген адамдар Қияметтің белгісі дегенде жамандық пен табиғи сүргін жайлы ғана ойлайды, бірақ олай емес.
 
 
 
Қияметтің жақындауының бір белгісі – адамдардың өміріне ешқандай қауіп келмейтін қауіпсіздіктің орнауы.
 
Әбу Хурайрадан (оларға Алла разы болсын) былай деп жетеді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ирактан Меккеге шыққан жолаушы жолдан адасып қалудан басқа еш нәрседен қорықпайтын заман тумайынша Қиямет орнамайды» (Ахмад).
 
Мұндай қауіпсіздік сахабалар заманында орнаған. Сол кездегі әділ билік адамдарға қауіпсіз өмір орната алды. Олар сол халифаттың аймағында өзі үшін де, дүниесі үшін де алаңдамастан еркін көшіп жүретін болды.
 
Бұл Әлиден жеткен келесі хадиспен дәлелденеді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан былай деп сұрады: «Ей, Әли. Сен Хираны (Куфаның батысындағы ескі қала) көрдің бе?» Мен оған: «Көрмедім. Бірақ маған ол туралы айтып берген»,- деп жауап бердім. Сонда ол былай деді: «Егер саған ұзақ ғұмыр берілер болса,  Хирадан зембілдің Қағбаны тәуап ету үшін сапарға шыққанын көресің. Және ол Алладан өзге ешкімнен қорықпайтын болады».
 
Кейбір модернизмді жақтаушылар бұл хадисті алып, әйелдерге махрамсыз жол жүруге болмайды деген хадиске шектеу қойды. Олар тиым салудың себебі, әйелдерді тонап, я болмаса зорлап кетуден қауіптенгендіктен заңдастырылған, ал мына хадисте сапарға шығу қауіпсіз болатын заман жетеді деп тұр, сондықтан да бұл хадис жолдағы төнетін қауіппен ғана байланысты болған дейді.
 
Шариғаттың себебін (иллә шаръия) және шариғаттың мақсатын (мақсад шаръи) басқа да Шариғи укімдердің аясында бір-бірімен шатастыру, бугінгі күні Шариғат мәтіндерін қате түсінудің әдетті қателігіне айналып кеткен. 
 
Мысалы:
 
Шарапқа тыйым салынған, әрі барлық мұсылмандар мұны мойындайды. Алайда тыйым салудың шариғи себебі неде? Ал мақсаты ше?
 
Шарапқа тыйым салудың себебі – бұл мастық, сондықтан да мас қылатын нәрсенің барлығын қолдануға тиым салынған, ал бұл тиымның астында жасырын жатқан шариғи мақсаты – ішкіліктің салдарынан болатын жамандық атаулыдан қоғамды сақтандыру.
 
Енді міне, маңызды ереже: егер нақты бір адамға шариғи мақсаттың маңызы жоқ болғанымен,  себеп орын ала берсе, тыйым өз күшінде қалады.   Мысалы, егер бір адам ешкімді мазалмай, артық ішпей, қан айналымын жақсарту үшін кешке ғана бір тостақ шарап ішетін болса, , онда біз оған рұқсат деп айта аламыз ба?! Жоқ.
 
Сондықтан да егер шариғат заңының артында тұрған қандай да бір мақсат белгілі бір жағдайда маңызды болмаса да, тиымның себебі күшін жоймайды. Мейлі ол ішімдік болсын, мейлі әйелдің махрамсыз сапарға шығуы болсын тиым өз күшін жоймайды.
АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков