Циклы Авторы Сортировка

17-ші насихат: Рационалды ғылымдар (2-ші бөлім)

2 928
19 августа, 15
Рационалды ғылымдар (2-ші бөлім)
 
Бұған дейін айтып өткеніміздей, рационалды категорияға мына үш ғылымды жатқызамыз:

1. Мантық (логика);
 
2. Адаб әл-бахс уәл-муназара (пікірталас жүргізу өнері);
 
3. Усуль әл-фиқх.
 
Өткен мақалада осының алғашқысына тоқталғанбыз.
 
2. Адаб әл-бахс уәл-муназара ілімі (آدب البحث والمناظرة)
 
Бұл ғылым біршама кешірек, хижри бойынша шамамен 7-8-ші ғасырларда қалыптасты. Оның пайда болуына түрткі болған себеп: мұсылман әрі мұсылман емес адамдармен пікірталас жүргізу қағидаларын реттеу қажеттігі болды, бұл оларды көркем түрде Исламға шақыру үшін де қажет еді. Бұл ғылымның түпкі тамыры мантыққа (логика) барып тіреледі, өйткені, пікірталас жүргізу қағидалары - ең алдымен логикалық дұрыс дәлелдердің құрылымы мен қарсыластың логикалық қателігін анықтаудан тұрады.
 
Ғылымның негізін салған Самарқандтан шыққан имам Рукнуддин әл-‘Амиди әл-Ханафи (хижри бойынша 615 ж. өмірден озған) болып саналады. Классикалық кітаптардан имам әл-Иджи және Сейид Шариф әл-Джурджанидің еңбектерін (екеуінің де атауы «Адаб әл-бахс» деп аталады) айтуға болады. Ал, соңғы кезде шыққан еңбектерден белгілісі - шейх Мухаммад Мухиддин Абдуль-Хамидтің кітабы болса керек.
 
3.Усуль әл-фиқх (علم اصول الفقه)
 
Бұл ақида мен фиқхтың арасын жалғайтын көпір іспетті қызмет атқаратын маңызды шариғат ғылымдарының бірі. Ол фиқхтың жалпы түрдегі дәлелдері мен шариғат негізінен алынған шешім шығару жолдарын зерттейді. Мысалы, усуль – діндегі парыз етілген, тыйым салынған сол сияқты басқа да үкімдерді жалпы түрде қарастырады, бірақ, фиқх ғылымы сияқты үкім шығаруда кез - келген құбылысты оның болмысына қарай жеке зерттемейді (намаз парыз, ішімдік қолдану харам т.б.с.).
 
Усуль әл-фиқх - мужтахид үшін аса қажетті құрал, бірақ біз, қазіргі кездің мұсылмандары бұл ғылымды өз бетімізше ижтихадпен айналысу үшін емес, шариғат логикасын ұғыну, жалпы ережелерден фиқхтың нақты үкімі қалай шығарылатынын түсіну үшін үйренеміз. Бұл түсінік арқылы имам-мужтахидтеріміздің данышпандылығына тәнті боламыз, олардың ізіне еруге деген сеніміміз артады, сондай-ақ, мәзһабсыздық вирусына қарсы иммунитетімізге «екпе жасғанмен» бірдей.
 
Тарихта усуль әл-фиқх бойынша алғашқы еңбекті құрастырған ұлы имам Әбу Ханифаның шәкірті имам Әбу Юсуф болатын. Алайда, оның кітабы бізге жете қоймады. Сол үшін де, бұл ғылымның негізін салушы имам аш-Шафии болып саналады, оның «Рисаля» атты кітабы сақталып, басылған.  Алла барша ғұламаларымызға разы болсын!
 
Имам аш-Шафииден соң, бұл ғылым негізгі екі мектептің шеңберінде дами бастады, мысалы, ақидадағы екі мектеп – әшғари мен матуриди (екеуі де дұрыс) секілді. Усуль әл-фиқхтың екі жолы бар – мутакаллимдердің жолы және факихтердің жолы.
 
Мутакаллимдердің усуль мектебі - «усуль әл-джумхур»  деген атпен де белгілі (джумхур, яғни «көпшілігі» дегенді білдіреді). Мутакаллимдер деп –кәламмен (рационалды әдіспен сенім мәселелерін дәлелдеу) айналысатын ғұламаларды айтады. Усульдің бұл әдісін фиқхтағы үш мәзһаб, яғни, ханафилерден басқасы, қабылдаған болатын. Әрине, әр мәзһаб ғұламаларының усульге қатысты өз кітаптары бар, олардың айырмашылығы -фиқхтағы нақты мысалдарында  ғана болмаса, түпкі негізі бір.
 
Факихтер мектебі - немесе ханафи мәзһабының усулі - усуль әл-фиқхқа қатысты өзге тәсіл – жекеден жалпыға әдісіне негізделген. Ханафи мәзһабы усулінің қағидаттары мәзһаб негізін салған имамдар пәтуасының талдауына негізделеді. Бұл мектептің кітаптарында фиқхтың нақты дәлелдері көбірек келген әрі ережелерінің өзі де басқаша.
 
Ханафи усулінің ерте кездегі кітаптары - имам әл-Матуриди, әл-Джассаса және ас-Сарахсидің еңбектері болып табылады. Ең танымал болған кітаптың бірі - Фахруль-Ислям әл-Баздауидің «Усуль» кітабы. Ханафилік әдістің негізі болып саналатыны - «Кашф аль-асрар» шархымен бірге Аляуддин әл-Бухаридің кітабы, сол секілді ар-Рази және әл-Амидидің кітаптары мутакаллимдер әдісінің негізі саналады. Сондай – ақ, имам Абуль-Баракат ан-Насафидің «Әл-Манар әл-Әнуар» кітабы да белгілі кітаптың бірі, оған арнап әр түрлі түсіндірмелер жазылған.
 
Соңғы кездің ілім иелері кейінірек осы екі әдісті біріктіре бастады. Біріктіруді алғаш бастаған шейх ас-Са’ати әл-Ханафи болды, ол «Бади’ ан-Низам» кітабына «Әл-Ихкам» әл-Амиди және «Усуль» әл-Баздауидің екі кітабын біріктірген болатын. Сонымен бірге, имам Садру Шари’аның «Танких әл-усуль» атты кітабы да танымал болды, ол бұл кітабына өзі арнап «Таудых ‘алә Танких» шархын жазып шықты. Ал, имам С’адуддин ат-Тафтазани оған арнап хашия (түсіндірмеге арнап түсіндірме) жазды.
 
Аталған екі әдіс біріккен барынша танымал кітап - имам ас-Субкидің «Джам’ әл-Джавами’» еңбегі. Ол бұл еңбекті жазбас бұрын бірнеше жүздеген кітаппен жұмыс істеп, ізденген еді.«Джам’ әл-Джавами’» -дің көптеген шархы бар, олардың ең белгілісі – имам әл-Махалли аш-Шафиидің шархы. Алла бұл ғалымдарымыздан разы болсын!
 
Әдетімізше, аса маңызды ғылымдарды оқып-үйрену үшін үлгі ретінде мынадай кітаптар тізімін ұсынамыз.
 
Усуль әл-фиқх әл-джумхур (көпшілік) үшін үлгі ретіндегі бағдарлама:
 
1. «Әл-Уаракат» имам әл-Джувейни, оған имам әл-Махаллидің жазған шархы;

2. «Люма’» имам аш-Ширази;

3. «Минхадж әл-усуль» имам әл-Байдауи;

4. «Джам’ әл-джауами’» имам ас-Субки,оған имам әл-Махаллидің жазған шархы.

Ханафилік усуль әл-фиқх үшін үлгі ретіндегі бағдарлама:
 
1. «Усуль аш-Шаши» немесе «Мухтасар әл-Манар» «Хуляса әл-афкар» шархымен;

2. «Матн әл-Манар» имам ан-Насафи. Оған имам Ибн Маляк жазған шархнемесе «Нур әл-ануар»;

3. «Тальуих, шарх ат-Таудых» имамат-Тафтазани.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков