Циклы Авторы Сортировка

18 бөлім. Ашық үндеу (соңы)

2 457
15 марта, 16
Алла Тағала «Бақара» сүресінде былай айтқан:
 
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللّهُ قَالُواْ بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ آبَاءنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لاَ يَعْقِلُونَ شَيْئاً وَلاَ يَهْتَدُونَ

Мағынасы: «(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бойсұныңдар делінсе, олар: «Жоқ, біз ата-бабаларымыз ұстанған жолда боламыз» дейді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?» (2:170)

Сондай-ақ, Алла Тағала «Мәида» сүресінде былай айтады:
 
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْاْ إِلَى مَا أَنزَلَ اللّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ قَالُواْ حَسْبُنَا مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لاَ يَعْلَمُونَ شَيْئًا وَلاَ يَهْتَدُونَ

Мағынасы: «Қашан оларға: “Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер” делінсе, олар: “Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді” дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» (5:104).
 
Алла Тағала «Луқман» сүресінде былай айтқан:
 
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللَّهُ قَالُوا بَلْ نَتَّبِعُ مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءنَا أَوَلَوْ كَانَ الشَّيْطَانُ يَدْعُوهُمْ إِلَى عَذَابِ السَّعِيرِ

Мағынасы: «Қашан оларға: “Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер” делінсе, олар: “Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз” дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма?[1]» (31: 21).
 
Алла Тағала олардың қабыл алынбаған дәлелдерін келтіре отырып, «Зухруф» сүресінде былай айтқан:
 
 قَالَ مُتْرَفُوهَا إِنَّا وَجَدْنَا آبَاءنَا عَلَى أُمَّةٍ وَإِنَّا عَلَى آثَارِهِم مُّقْتَدُونَ

Мағынасы: «Осылайша (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ, олардың беделділері: “Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз” деді» (43:23).
 
Кейін, олардың соқыр да фанатиктік қарым-қатынасын алдыңғы қауымның бір беткейлігіне ұқсатып, Алла Тағала былай айтады:
 
قَالَ أَوَلَوْ جِئْتُكُم بِأَهْدَى مِمَّا وَجَدتُّمْ عَلَيْهِ آبَاءكُمْ قَالُوا إِنَّا بِمَا أُرْسِلْتُم بِهِ كَافِرُونَ

Мағынасы: «(Әй, Пайғамбар): “Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: “Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді» (43:24).

Олар (құрайыштар) әрдайым өздерінің ата-бабаларының сенімін ұстанатындықтарын желеуреткен, сондықтан да Жаратушымыз олардың ақыл-естен айырылып, ақиқат жолды ұстанбағандарын айтқан.

Олардың ұрпақтары ыза болып, Әбу Тәлібке былай айтады :

- Сен оны бізге бересің, әйтпесе бір жақ толықтай жойылмағанша, біз онымен де, сенімен де күресетін боламыз.

Өзінің халқынан алшақтау Әбу Тәлібке ауыр соққан еді, бірақ ол өз жиенін сатып кете алмады.

Оған ол былай дейді:

- Уа, жиенім, адамдар келіп оны-мұны айтып кетті. Өзіңді аяшы, мен көтере алмайтын нәрселерді бастан кешіруге мені мәжбүрлемеші.  

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ағасы ендігәрі оны қорғамайтын болды деп шешіп, оған былай айтады:

- Алламен ант етемін, аға, өз ісімді тоқтату шартымен тіпті менің оң қолыма күнді, ал сол қолыма айды берсе де, Алла маған жеңіс бермегенше немесе мен қаза таппағанша, ісімді тоқтатпаймын.

Сосын Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мүбәрәк көздеріне жас алып, бұрылып, кетпек болады.

Бірақ оны Әбу Тәліб:

- Тоқтай тұр, жиенім, - деп тоқтатады.

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған бұрылып қарайды.  Сонда Әбу Тәліб былай айтады:

- Бар да қалағаныңды айт! Алламен ант етемін, мен сені ешбір жазықсыз ұстап бермеймін!
 
[1] Бұл жерде мынау айтылып отыр: олар таңдап алған шірк пен адасу жолы, олардың бабаларынан жеткен, бұл шайтанның жолы, оның мақсаты – оларды Тозаққа түсіру.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков