Циклы Авторы Сортировка

18 дәріс. 58-61 нақыл сөздер

2 480
2 декабря, 15
58. Тақуалар жамағатына жақын болу – бұл Аллаға жақын болу.

Алла Тағала бейнесіз әрі мекенсіз, сондықтан да Оған дене-бітіммен жақындау мүмкін емес, ал рухани жақындық тақуаларға жақын болу арқылы жүзеге асады.
 
Сондай-ақ, оқыту үдерісінде құдайдан қорқатын ұстазбен жеке байланыс өте маңызды, ол біліммен бірге таным нұры мен Алладан қорқуды да бере алады.
 
Және академиялық дарын мен сіңірген еңбек - ұстаздарды таңдаудағы жалғыз мөлшер болмауы керек.
 
59. Разы болу (рада) – Алланың тағдырына жүрегінің түбіне дейін разы болуды білдіреді.
 
Алланың саған жазғанын өзің таңдап алғаннан да артық көру.
 
«Соңында бәрі Алла Тағаланың қалауы болатын болса, бұның бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?» деп сұрақ қойса да болады. 
 
Ия, бірақ сен ол жерден қандай рухани тәжірибемен шығасың? Сенің жаның не табады?

Сондықтан да, салик үшін Алладан неде пайда болса, соны сұрау әрі неде зиян болса, содан сақтауды сұрау кәдімгі нәрсе болу керек.
 
60. Аллаға сену (тафуид) - бұл өз менмендігін жою әрі Алла әрекетінде таңғажайып кемеңгерліктің барлығына кәміл сену.
 
Бұл хәлдің белгілеріне қорқыныш пен келешекке деген мазасыздықтың болмауы, экономикалық дағдарыстар мен саяси қиындықтар салик жүрегіне қорқыныш ұялата алмауы жатады, өйткені Алла тағдырына шынайы сенгендік жүрекке бұл қорқыныштың ұялауына жол бермейді.
 
Бұл таухид тәжірибесінің маңызды сатыларының бірі болып табылады, әрі ақида сабақтарының қаншалықты меңгерілгендігі мен оқылған мәтіндер мен тыңдалған сабақтардың мидан жүрекке қаншалықты жеткендігін көрсетеді.
 
Бұл мәселеде әрбір адам өз жағдайын, өз қорқыныштарын және Аллаға тәуекелінің дәрежесін өзі біледі.
 
61. Зікірдің көп болуы – бұл нәпсімен күрес тәсілі.

Зікір – бұл өз кемшіліктеріңмен күресудің жан-жақты тәсілі әрі бұл қарудың қалай қолданылатындығын рухани тәлімгерлер үйретеді.
 
Сондай-ақ, зікірді дұрыс айту қажеттігін білу маңызды. Көптеген адамдар зікір мен вирдте ұқыпсыз, жиі зікірді тез оқығандықтан «Аллаһ» есімін соңындағы «һ» дыбысынсыз  «Алла» деп айтады және олардың зікірі «Алла, Алла» деп басталып, содан соң «Ала, ала, ала» болып кетеді.

Бұл зікір емес, Алланы еске алу емес! Онымен қоймай, Алла есімін бұрмалау – бұл күнә, саликке тек зиянды ықпал етеді.
 
Сондай-ақ, өкінішке орай, өздерін сопыларға жатқызатын көптеген адамдар, Алланы өздері ойлап тапқан есімдермен әрі зікірлермен еске алады, мысалы:  «Ах, Ах, Ах» не «Ох, Ох» немесе басқа да әңгүдік сөздерді айтады.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков