ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
18 дәріс. Тоғызыншы кіші белгісі. Хижаздағы өрт
Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Хижаз жерінен өрт шықпайынша және Бусрадағы түйелердің мойнын нұрландырмайынша Қиямет болмайды» (Бұхари).
Ибн Хажар «Бусрадағы түйелердің мойнын нұрландырмайынша» деген сөзді: «Осы өрттің жалыны Бусрадағы түйелерге жетпейінше» деп түсіндіреді. (Бусра – Шам аймағындағы қала).
Бұл өрт хижра жыл санауы бойынша жетінші ғасырдың екінші жартысында, 654 жылы болған. Бұл алып өртті сол заманның ғалымдары сипаттаған.
Имам ән-Науауи былай деген: «Біздің кезімізде, 634 жылы Мәдинада өрт болды. Бұл өрт қаланың батыс бөлігінде басталды. Өрттің хабары бүкіл Шам өлкесіне және өзге де аймақтарға тарады. Маған барлығын өз көзімен көрген адам айтып берді» (Шарх Сахих Муслим).
Ибн Касир Бусрадағы бәдәуилер түн ішінде өз түйелерін Хижаздағы өрттің алауы арқылы көретін болған, деп айтады.
Әл- Қуртуби бұл өртті «Әт-Тәзкир» еңбегінде сипаттайды: «Аталған өрттің жалынын Мекке мен Бусраның тауларынан көруге болатын еді»,- деп жазады ол. Алайда, бұл адамдар тірілетін, соңғы уақытта болатын от емес. Ол от Қиямет күнінің үлкен белгісіне жатады.
Ибн Хажар «Әл- Фатхта» былай деп жазады: «Бір өрт Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзіне сәйкес барлық оқиғалардың алдында болады, яғни Қияметке дейін, ал екіншісі Қиямет күнінің сәл ғана алдында болады».
Предыдущий урок
17 дәріс. Сегізінші кіші белгісі. Қауіпсіздіктің орнауы
Следующий урок
19 дәріс. Оныншы кіші белгісі. Түркілермен шайқас
Комментарии: 0
Правила форума