Циклы Авторы Сортировка

18 насихат: Қасиеттті Құранға қатысты ғылымдар

3 225
26 августа, 15
Қасиеттті Құранға қатысты ғылымдар
 
Атауынан-ақ белгілі болып тұрғандай, шариғи ғылымдардың бұл тобы мұсылмандардың Қасиетті Кітабын жан-жақты зерттейді.
 
Құранға қатысты ғылымдарды былайша бөліп қарауға болады:
 
1. Құранды формалық жағынан зерттейтін ғылымдар: тәжуид, қырағат ілімі;

2. Мазмұнына қарай зерттейтіндер: тәпсір, усуль әт-тәфсир;

3. Құранды толығымен қарастыратын тұтас бір ғылым: оның түсу тарихын, жазылуын, тұтас жинақталуын, теңдесі жоқтығын т.б. зерттейді.  Бұл ғылым ‘улюмәл-Қурандеп аталады.
 
Енді әрбір ғылымды жеке қарастырып, оларға қысқаша тоқталып өтейік.
 
1. Әт-тәжуид ілімі (علم التجويد)
 
Бұл ғылым Құранды дұрыс оқу тәсілдерін: ең алдымен - араб тілі әріптерінің дыбыс артикуляциясы дұрыс болуын (махраж) және сол дыбыстарды оқу кезіндегі олардың үйлесу ережесін зерттейді.

Тәжуид – Құран оқуы міндетті болған әрбір мұсылман үшін парыз (фардәл-‘айн)  болып саналатын ғылым. Былайша айтқанда, намазда Құраннан сүре оқып жүргендер тәжуид ілімін білуі міндетті саналады.
 
Әдетте, Ислам дінін қабылдағандар немесе дін ұстануды жаңадан қолға ала бастағандар алдымен намаз оқып үйренетіні белгілі, әрі қарай сүре, дұғаларды есту арқылы немесе транскрипция бойынша жаттайды, ал, транскрипциямен оқу – ең аз дегендегі болмаса, толық дұрыс оқу мүмкіндігін бермейді. Сол үшін бірінші әдіс дұрыс әрі сенімдірек. Алайда, олай да шектелуге болмайды. Намаз үйренген соң, жүйелі түрде тәжуидті де оқып-үйрене бастау керек, бағымызға қарай, қазіргі таңда әрбір мешітте Құран оқуға үйретеді (қалай үйрететіні жайлы білгіңіз келсе, ол өзге сұрақ). Онда араб әріптерін, оның ерекшеліктері мен дыбысталу жолдарын, тәжуид қағидаларын т.б. үйреніп шығуға болады. Әрі Қасиетті Құран сүрелерін де жаттап шығасыз. Бір себептермен Құранды толық үйрене алмаймын дейтіндер болса,оларға айтарымыз, тым болмаса, Құранның соңғы 30-шы бөлігін («джуз‘амма») білгені дұрыс болмақ.
 
2. Әл-кырағат ілімі (علم القراءات)
 
Бұл Құран оқу тәсілдерінің ерекшелігін зерттейтін күрделі ғылым болып табылады.  Құран оқудың да фиқхтағы секілді өзіндік мәзһабтары бар. Олардың өзара айырмашылығы да айтарлықтай мықты. Көпшілік мақұлдаған (мутауатир) әдісі бар, ол сегіз немесе оннан тұрады. Сирек кездесетін, тіпті, рұқсат етілгеннен ауытқығандары (шазз) да бар. Олардың арасындағы Құран оқудағы айырмашылық әртүрлі араб тайпаларының жергілікті диалектісіне қатысты болып келеді.
 
Қырағат ілімін Қасетті Құранды жаттауды бітірген соң үйренеді. Бұл ғылым барлығымызға дерлік арналмаған, дегенмен, мұсылман үмметі арасында қырағат ілімін сақтап-үйренушілер болуы тиіс.
 
3. Әт-тәфсир ілімі (علم التفسير)
 
Қасиетті Құранды сөзбе-сөз аудармасынан емес, түсіндірмесімен (тәпсір) оқудың маңызы жайлы көптеп айтылып та, жазылып та жүр. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі жаппай діни білімсіздік жайлаған кезеңде дінімізде сөзбе-сөз әрі өрескел қателерден тұратын аудармалар тараған еді, ал, оның салдары – мұсылмандардың адасуы, уаххабизм, экстремизмнің пайда болуына әкеліп соқты.

Міне, осы секілді мәселелер бар болғанымен, әліге дейін қолжетімді, кең көлемді аудиторияға арналған орыс тіліндегі сүннет тәпсірлері бүгінде жоқтың қасы. «Әл-Мунтахаб» тәпсірін айтуға болар еді, бірақ, оны да мінсіз дей алмаймыз. «Джалялейн»секілді классикалық дәуірдің бір томдық тәпсірлерінің аудармасын алсақ, ол да өте қысқа және синонимдері арқылы тек жеке сөздерді ғана түсіндіреді әрі орыс тілді аудиторияға араб грамматикасы мен қырағат ерекшеліктері жайлы пайдалы мәлімет бере алады деу қиын. Осы және осыған ұқсас кітаптарды аудару – біз үшін шығатын жол емес.

Дегенмен, Аллаға шүкір етеміз, орыс тілінде де, қазіргі оқырман үшін бейімделіп жасалған тәпсірлер жарық көретін күн де алыс емес. Ол тәпсірлер Қасиетті Кітабымыздың аудармасы үшін түсіндірме қажеттілігін толтырады деген үміт бар.

Ал, араб тіліндегі сүннет ғұламалары жазған тәпсірлер өте көп – бір томдықтан бастап, көптомдыға дейін жалғасады. Олардың арасында кейбір аяттарды түсіндіруде Құранның келесі бір аяттарын қолдану басымдығы қойылғандары (мысалы,«Адвуаъәл-баян»шейхаш-Шанқыти) жәнеаяттарды хадистермен және саляф-ғұламалардан жеткен хабарлармен түсіндіргендері де бар (Тафсират-Табари, ИбнКасир, әл-Бағауижәнебасқалары). Оған қоса Құранның қайталанбастығы мен көркемдік формаларын аша білгені (мысалы, «Кашшаф» аз-Замахшаридің) немесе фиқх шешімдеріне қатысты келген аяттардың жиынтығы жазылғандары да кезігеді («аят әл-ахакам», мысалы, Әбу Бакр әл-Джассас немесе имам әш-Шафиидікі).
 
Қазіргі таңның ең елеулі ғалымдарының бірі мүфти Мухаммад Такы әл –Усмани (Алла оны панасына алсын), көптеген тәпсірлер ішінен мына бес тәпсірді ерекше атаған болатын:
 
1. Ибн Касир тәпсірі
 
2. «Тафсир аль-Кабир» имам Фахруддин ар-Рази
 
3. Абу Су’уд тәпсірі
 
4. Әл-Куртуби тәпсірі
 
5. «Рух әл-ма’ни» имам әл-Алюси
 
Ал, Шейх Мухаммад Юсуф әл-Бинори (Алла оны мейіріміне бөлесін), төрт түрлі тәпсірді жеткілікті деп санаған, олар: әл-Куртубидікінен басқа жоғарыда айтылған тәпсірлер.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков