Циклы Авторы Сортировка

19 бөлім. Мұсылмандардың қудалануы (1 бөлім)

2 265
1 апреля, 16
Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, пұтқа табынушылардан өте көп зиян көріп, жапа шеккен, әсіресе Қағбаға намаз оқуға келген кездерінде.
 
Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, зиян көрсетуде «қорлаушылар» деген атаққа ие болған пұтқа табынушылар тобы бәрінен де көп күш салған.
 
Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көп және қатты қорлық көрсеткен Әбу Жәһіл Амр ибн Хашім ибн әл-Муғира әл-Мазхум әл-Құрайыш. Бірде ол былай айтқан:
 
- Уа, құрайыштар! Барлықтарың білесіңдер, Мұхаммед сендердің құдайларыңды сөгіп, қорлайды, сендерді ақымақ санап әрі сендердің бабаларыңды балағаттайды. Алламен ант етемін, ертең өзім көтере алатын бір тасты әкеліп, ол өзінің намазын оқып, сәждеге барғанда, сол таспен басын мылжалап тастаймын! Содан кейін сендер мені қорғайсыңдар ма, әлде ұстап бересіндер ме, маған бәрібір. Бану Абду Манаф маған не қаласа, соны жасасын!
 
Таң атқанда Әбу Жәһіл тасын дайындап қойып, Пайғамбарымызды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, күтіп отырады. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әдеттегідей намаз оқуға келеді. Ал, сол кезде Әбу Жәһил не жасар екен деп бақыламақ болып, құрайыштар жиналып қалады. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәждеге бара бергенде, оған қарай жақындай бастаған Әбу Жәһіл, кері қарай қаша түседі. Шошынғаны соншалық, өңі бұзылып, қолындағы тасын түсіріп алады. Қайран қалған құрайыштар одан:
 
- Не болды саған, Абул-Хакам? – деп сұрады. Әбу Жәһіл:
 
- Сендерге айтқанымды жасайын деп оған қарай бет алдым. Бірақ оған жақындай бергенде, кенет, жерден шыққандай болып, тап алдымда түйе пайда бола кетті! Алламен ант етемін, мен ешқашан ондайды көрген емеспін! Ол мені жалмап алғысы келді!
 
Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осыны айтқанда, ол былай деген екен:
 
-  Ол Жәбрейіл болған. Егер анау одан да жақындағанда, ол оны бас салар еді![1]
 
Әбу Жәһіл Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Қағбаның маңында намаз оқуға қатты кедергі келтіретін.  Бір күні оның намаз оқып жатқанын көріп, Әбу Жәһіл былай айтады:

- Мен саған мұны жасауға тыйым салмап па едім?!
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған қоқан-лоқы көрсете, дөрекі жауап береді. Әбу Жәһіл былай айтады:
 
- Сен маған, бұл алқаптағы ең көп туғаны мен жақтастары бар адамға сес көрсетемісің?!
 
Осыдан кейін Алла Тағала тарапынан оның өзіне қатаң ескертулер түседі:
 
أَرَأَيْتَ الَّذِي يَنْهَى
عَبْدًا إِذَا صَلَّى
أَرَأَيْتَ إِن كَانَ عَلَى الْهُدَى
أَوْ أَمَرَ بِالتَّقْوَى
أَرَأَيْتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّى
أَلَمْ يَعْلَمْ بِأَنَّ اللَّهَ يَرَى
 كَلَّا لَئِن لَّمْ يَنتَهِ لَنَسْفَعًا بِالنَّاصِيَةِ 
 نَاصِيَةٍ كَاذِبَةٍ خَاطِئَةٍ
 فَلْيَدْعُ نَادِيَه 
 سَنَدْعُ الزَّبَانِيَةَ

Мағынасы: «Көрдің бе, сондай тыйым салғанды; Бір құл намаз оқыған сәтте. Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед Ғ.С.) тура жолда болса да, Немесе тақуалықты бұйырған болса да. Көрдің бе, егер ол (адам хақты) өтіріксініп, бет бұрған болса? Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме? Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз; Өтірікші, күнәкардың кекілінен. Сонда ол, сыбайлаcтарын шақырсын. Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз» (96:9–18).
 
[1] Бұл туралы хадисті имам Мүслім жеткізген.
АВТОР ЦИКЛА
Сира «Нұр әл-яқин» Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад әл‑Худари
Автор:
МҰХАММАД ӘЛ‑ХУДАРИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков