Циклы Авторы Сортировка

19 дәріс. 62 нақыл сөз

2 552
9 декабря, 15
62. Дұшпанға бағытталған ашу  – мақтарлық қасиет.
 
Бұл - тасаууф және оның ізбасарлары жөнінде көптеп таралған таптаурындарды жоққа шығаратын өте терең ой.

Мұсылмандардың көбі әлі күнге дейін сопыларды әлдебір «рухани хиппи» деп қате қабылдайды. Олардың ойынша, сопылар «барлық жамандыққа қарсы әрі жақсылық үшін», бүкіл әлемдегі мәңгілік бейбітшілікті және әлемдегі бар нәрсеге деген шүбәсіз махаббатты белсенді жақтайды, ал ашу мен өшпенділікті жағымсыз қасиет деп біліп, олармен күресуге шақырады.
  
Негізінде бұндай тәсілдеме Ислам түсінігіндегі адам және оның табиғатына қарсы келеді, өйткені Ислам адамдық болмысының элементі ретінде басынан бар қасиеттерден адамды құтылуға шақырмайды. Мысал ретінде, жыныстық құштарлықты алайық. Ислам адамнан оны құртуға шақыра ма? Ол өздігінен кесірлі әрі жағымсыз бол ала ма? Жоқ, егер бұл құштарлық Шариғат шегінде ғана болар болса.
 
Өшпенділікпен де тура осындай. Егер Алланың әлдебір жаратылысына деген өшпенділіктің пайда болуының себебі нәпсі, дүниеге қызығушылықта болса, онда бұл өшпенділік – күнәлі, сол себепті де жазғыруға тұрарлық болады.  Бірақ бұл сезімнің түп-тегі басқа әрі Алланың жауларына, мысалы, Ібіліске немесе құдайсыздарға бағытталған болса, онда жазғыруға тиісті қасиеттен сауапты қасиетке айналады. 
 
Немесе басқа мысал – сараңдық. Егер сараңдық объектісі дүние нығыметтері болса, онда бұл кемшілік болады, ал егер сараңдық объектісі ақырет, Жұмақ болса,  әрі адам марапат жинаудағы мүмкіндігін ешкімге бергісі келмесе, әлдебір сүннетті жандандыруда бірінші болғысы келіп, сол үшін кәлимә куәлігінің сауабындай сауап алғысы келсе, онда бұл сараңдық түрі үшін ол сыйға кенеледі.
 
Ашу да дәл сондай, ол –  адам бойындағы өте күшті сезім әрі егер адам осы сезімінің қуатын нәпсісі, Ібліс немесе құдайсыздар сияқты жауларына бағыттаса, онда оның олжаға кенелгені.

Сондықтан да, мынаны ұғынып алған жөн: нақты құбылыстар, сезімдер, эмоциялар және т.б. өздігінен жақсы немесе жаман болмайды. Олар бұндай қасиеттерге осы іс-әрекеттерің Шариғаттағы сипаттарына қарай мукалляф жасаған таңдауының салдарынан ие болады.  

Зор өкінішке орай, бүгінде көптеген мұсылмандар «жалпыадамдық құндылықтар» насихатына ілініп жатады, ал ол болса мұсылмандардың Шариғат тұрғысынан ой жүгірту мен діннің нақты аспектілерін түсіну қабілеттерін шайып кетуде.  
 
Сондықтан, олар біздің дініміздің кейбір ережелерінің «әлемдік адемгершілік стандарттарына» сай келмейтінін байқаған кездерінде, шариғаттың бұл үкімдерін әр түрлі жолдармен бұрмалауға әрекеттенеді: оларға басқа мазмұн беруге немесе оларды нақты уақытпен және жағдайлармен шектеуге тырысады.  

Егер ой жүгіртсек, бұндай насихаттың құрбандары болған мұсылмандардың риддамен жүкті болғандайын көреміз. Ридда (діннен шығу) оларда вирус ретінде өмір сүреді, ол туралы тіпті адамдар сезіктенбейді де, бірақ діннің кезекті үкімімен кездескенде оларды иландырған ұғымнан әзер шығып, өзінің бар екенін білдіреді. Олар қалай әрекет етеді? Олар: «Бұл менің дінімнің жағдайы әрі мен оны қабылдаймын», деп айта ала ма?

Әлде олар оны байқамауға, ол туралы ойламауға, аллегориялық түсіндірме арқылы оны жоққа шығаруға тырысып немесе бұл жайттың ортағасырлық мәнмәтініне нұсқай ма?
 
Бұл өте қорқынышты әрі апатты жағдай: мұсылмандар, шын мәнінде, өз дінінен қорқатын болды.

Осы себепті әртүрлі тұжырымдар, ойлар, идеологиялар біздің ақида, фикх, ислам адамгершілігі мен Әхлі-сүннет манхадж призмасынан терең талдаудан өтулері  аса маңызды .
 
Шейхуль-Ислам Мустафа Сабри, рахимахуллах,  біздің үмбетіміздің бұрыңғы ұлы ойшылдарының қатарындағы озық үлгілердің бірі болған еді. Осман халифаты құлап, мұсылман жерлерін батыс құндылықтары жаулай бастаған кезде, ол өмірінің соңғы сәтіне дейін қайта отарлау мен ассимиляцияға тапжылмай қарсы тұрды.
АВТОР ЦИКЛА
«Малфузат» Әзреті Мухаммед Масихулла әл-Джаләлабадидің (рахимахулла) нақыл сөздеріне түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков