Циклы Авторы Сортировка

19 дәріс. Оныншы кіші белгісі. Түркілермен шайқас

4 236
4 мая, 15
Муслим Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын), Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Мұсылмандар түрлері соғылған қалқан секілді, аяқтарына теріден аяқ киім киетін халық- түркілермен соғыспайынша Қиямет орнамайды». 
 
 
 
Амр ибн Талха, Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай естігенін жеткізеді: «Қиямет қайымның белгісіне жалпақ бетті халықпен шайқасу жатады. Олардың жүздері соғылған қалқан секілді болады» (Бұхари)
 
«Сендер қысық көзді, қызыл жүзді, жалпақ мұрын түркілермен шайқаспайынша ол Сағат болмайды, олардың жүздері соғылған қалқан секілді. Теріден аяқ киім киетін халықпен шайқаспайынша ол Сағат соқпайды». (Бұхари).
 
Мұсылмандар алғаш түркі халқымен шайқасқа Муғауияның (оған Алла разы болсын) билігі кезінде шығады.
 
Муғауия ибн Хужейж Муғауия ибн Әбу Суфианның қасында болған кезінде оған хат келеді, ол хатта түркілермен шайқасып, жеңіске жеткендері айтылады: көптеген түркілер өлтіріліп, көптеген олжа түскені жазылады. Муғауия қатты ашуланып, былай деп жауап жазуға бұйырады: "Мен сенің жазғаныңды, кімді өлтіргеніңді және қандай олжаға қол жеткізгеніңді де білемін. Менің бұйрығым жетпейінше олармен шайқасуға рұқсат бермеймін». Осы кезде мен былай деп сұрадым: «Неге олай дедің, мүміндердің әміршісі?» Ол былай деп жауап берді: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Расында, түркілер арабтарды қамыс пен қайсума (قيصومة) өсіп тұрған жерде жеңеді. Сондықтан да мен олармен соғысқым келмейді». Сол себепті де сахабалар: «Түркілерді жайына қалдырыңдар»,- деп жиі айтатын» (Әбу Дәуд).
 
Ибн Хажар әл-Әсқаләни былай деген:
 
«Мұсылмандар мен түркілер арасында әртүрлі жерлер бар еді, алайда басқыншылықтың нәтижесінде көптеген түркілер тұтқынға түскендіктен, әскер басшыларының арасында әскерлерінің қатарына көбірек түркілерді алу үшін  бәсеке басталды. Осылайша түркілер әл-Мутасимнің әскерінің басым бөлігін құрады. Ақырында түркілер оның ұлы әл-Муәккилді балаларымен өлтіріп, билікті басып алды.
 
Осыдан соң олар Сабтикиндер тұқымы деген атаумен өзге де араб емес жерлерді және селжұқтар деген атаумен Ирак, Шам және Анадолыға дейінгі жерлерді бағындырды. Олардың Шамда қалғандарын Занқтардың ұрпағы, ал олардың жақтастарын Аюбтың отауы деп білеміз. Түркілер көбейе бастады және Мысырды, Шамды, Хижазды биледі».
 
Алайда, мұсылмандардың әлеміне нағыз бәле болып тиген моңғолдардың шапқыншылығы, мұсылмандардың тарих кітаптарында оларды «әт-татар» деп атайды.
 
Олардың шапқыншылығы хижра бойынша алтыншы ғасырда басталды. Моңғолдар барлық шығыстағы мұсылмандарды қиратты. Олар Бағдатта, Дамашқта және өзге де үлкен сауда орталықтарындағы кітапханалардағы қолжазбаларды өртеп кетті.
 
Моңғолдардың шапқыншылығы имам ән- Науауидің өмір сүрген кезеңімен (631-672), тұспа-тұс келеді. Ол бұл шапқыншылық жайлы былай деген: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткен түркілермен шайқас болды: қысық көзді, қызыл жүзді, танаулары жалпақ жүздері соғылған қалқан тәрізділер, аяқтарында теріден аяқ киім киген. Осы сипаттар оларға біздің заманымызда да тән. Мұсылмандар олармен өте ұзақ уақыт шайқасты әрі шайқасу жалғасын табуда».
 
Көптеген түркілер Исламды қабылдаған, олар мұсылмандарға көптеген жеңіс пен жақсылықтар алып келген.
 
Олардың ұлы жеңістерінің бірі ретінде Фатих Сұлтанның замандағы Византия империясының астанасы болып тұрған Константинопольдің азат етілуін айтса болады. Османдықтардың жүргізген билігінің арқасынджа көптеген халықтар Исламды қабылдаған.
 
Бұған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі дәлел болады: «Адамдардың ең жақсылары – Исламды қабылдамас бұрын оны жек көрген адамдар екенін түсінесіңдер. Расында адамдар кеніш секілді. Надандық кездегі жақсы болғандар – Исламда да жақсылар» (Бұхари).

 

 

АВТОР ЦИКЛА
Қиямет күнінің белгілері
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Список уроков