Циклы Авторы Сортировка

19 насихат: Қасиетті Құранға қатысты ғылымдар (2-ші бөлім); Хадистерге қатысты ғылымдар

3 149
2 сентября, 15
Қасиетті Құранға қатысты ғылымдар (2-ші бөлім)
 
4. Усул әт-тәфсир (اصول التفسير)
 
Фиқхты үйренемін деген адам оны усуль әл-фиқхсыз үйрене алмайтыны секілді, усуль әт-тәфсир ғылымы да Құранды тәпсірлеушілер үшін аса қажетті құрал болып табылады. Классикалық дәуірдің ілім иелері Қасиетті Құранға түсіндірме жазуда ескеретін белгілі бір ережелер мен заңдылықтарды орнатып кеткен, оны қазіргі заманның ғалымдары ескерулері міндетті. Аталмыш ережелер алғашында ұлы муфассирлердің  (Құранды тәпсірлеушілер) ойында қалыптаса бастады, кейін олар ережелерді өздерінің тәпсірлерінің алғы сөзіне жазатын болды, оған имам әл-Куртуби, әт-Табари, Ибн Касир және басқалардың (Алла оларды мейіріміне бөлесін) тәпсірлерін мысал етуге болады. Сондай-ақ, ол ережелердің қайнар көзі - имамас-Суютидің«әл-Иткан»кітабысекілді‘улюм әл-Қуран (бұл ғылым жайлы да айтатын боламыз), бойынша жазылған классикалық кітаптар болып саналады.
 
Өткен ғасырлардағы ғұламалардың усуль әт-тәфсирге арнап жазған кітаптарынан Ибн Таймияның (хижри б/ша 728 ж. өмірден озған) «Муқаддима фи усуль әт-тәфсир», Шах Уәлиуллах ад-Дахляуидің (хижри б/ша 1176 ж. өмірден озған) «Әл-фауз әл-кәбир фи усуль әт-тәфсир» кітаптарын ерекше атауға болады. Бұл екі кітап та бүгінгі таңда баспалардан жарық көріп, оларға түсіндірмелер жазылуда. Қазіргі кездің ғалымдары жазып жатқан кітаптар да өте көп, олардың тіпті санына жету қиын.
 
Әт-тәфсир ғылымын оқып-зерттеу – тәпсірмен айналысатын адамға жеке міндет, яғни ол үшін фард ‘айн болады.
 
5. ‘Улюм әл-Қуран (علوم القرآن)
 
Бұл атауының сөзбе-сөз аудармасы - «Құран ғылымдары» дегенді білдіретін Құранға қатысты ортақ ғылым. ‘Улюм әл-Қуран Қасиетті Құранды толығымен зерттейді: оның түсу тарихын, жазылуын, жинақталуын, оқылуы мен тәпсірін т.б. Мүфти Мухаммад Такы Усманидің (Алла оны панасына алсын) «Корановедение» атты тамаша кітабы орыс тіліне аударылды. Бұл кітапты azan.kz. сайтынан көшіріп алуға болады. Оны оқыған оқырман ‘улюм әл-Қуран ғылымы бойынша түсінігін кеңейтері анық әрі кітап шариғатты үйренуші студенттерге, сондай-ақ, қарапайым мұсылмандар үшін де өте пайдалы.
 
Кітаптың алғашқы бөлімі Құран тарихына, қайтарылған және қайтарушы аяттарға арналған және онда Құранның дәлдігі мен өзгермейтіндігін жоққа шығарушыларға қарсы жауап та бар.
 
Бұл бөлімнің соңғы тарауы Құранның қамтыған негізгі тақырыптарын қарастырады:
 
- сенім (ақида),
 
- бұйрықтар мен тыйымдар (шариғат үкімдері),
 
-өткен қауымдардың тарихы,
 
-мысалдар мен аллегориялар (тұспалдау).
 
Ал, кітаптың екінші бөлімінде Құранға түсіндірме жазу жайлы, жарық көрген тәпсірлер, түсіндірме жазудағы ескеретін ережелер туралы айтылған. Бұл екінші бөлім сондай-ақ, усуль әт –тәфсир ғылымына қажетті кіріспе секілді жазылған десе болады.
 
Хадистерге қатысты ғылымдар
 
Келесі ғылымдар тобы Ислам шариғатының екінші қайнар көзі саналатын – Сүннетті зерттеуге бағытталған.  Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадистерін ғалымдар екі тұсынан келіп қарастырады:
 
1. «Риуаятан», яғни, Алла Елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сөздері, іс-әрекеттері мен қасиеттерінің бізге қандай сөздер арқылы, қалай жеткендігі т.б. жағынан алып қарастырады. Сонымен бірге, хадистің мәтінін түсіну, оны талдау мен одан шариғи шешімдер шығару жағы да зерттеледі.
 
«Риуаятанды» хадистерді оқу, жаттау және хадистер жинағына түсіндірме беру арқылы оқып-үйренеді.
 
«Риуаятанды» оқып-үйренудің шамамен алғандағы реті:
 
1. «Арба’ин» имамән-Науауи,
 
2.«‘Умда әл-әхкам»имам Абдуль-Ғаниәл-Макдиси,
 
3.«Булюғ әл-Марам»имам ИбнХажар әл-Әсқалани,
 
4.«Рияд ас-Солихин»имам ән-Науауи,
 
5.«Мухтасар Сахихәл-Бұхари»имам аз-Забиди,
 
6.«Мухтасар СахихМуслим»имам әл-Мунзири.
 
Сондай-ақ, хадистану бағытының бұл тармағына ғалымдар кейде «сираны», яғни, Алла Елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өмір жолын үйренуді де қосып жатады.
 
2. «Дираятан», мұнда хадис жеткізушілерге («джарх уа ат-та’диль») қатысты ережелер мен қойылатын шарттар, хадистер терминологиясы (мусталах): олардың түрлері және т.б. зерттеледі.
 
«Мусталах әл-хадисті» оқып-үйрену бағдарламасы шамамен мынадай:
 
1. «Әл-Байкунийя» имам аз-Зуркани әлде шейх Абдуллах Сираджуддиннің түсіндірмесімен,
 
2. «Нухба әл-фикар» «Нузха ан-назар» түсіндірмесімен – екі кітаптың да авторы - имам Ибн Хажар әл-Әсқалани,
 
3.«Мукаддима» имамИбн ас-Салях,
 
4.«Тадриб ар-Рауи»имам ас-Суюти,
 
5.«Альфия»хафизәл-Иракы, имам ас-Сахауидің «Фатх әл-муғыс» түсіндірмесімен.
АВТОР ЦИКЛА
Ислами ілімнің маңызы мен ілім алудың әдістері жайлы насихаттар.
Ахмад Абу Яхья әл‑Ханафи
Автор:
АХМАД АБУ ЯХЬЯ ӘЛ‑ХАНАФИ
Ұстаз
Мұхаммад Аууама
Автор:
МҰХАММАД АУУАМА
Список уроков