Циклы Авторы Сортировка

2 бөлім

5 343
1 сентября, 14
Тақлидты түсіну

1. Тақлид термині не мағына береді және муқаллид деген кім?

Тақлид термині мужтахидтің пікірін Ислам құқығына қатысты (фиқһ) сұрақта ешқандай дәлел іздеместен сол мужтахидтің сөздері шариғат заңдарына негізделген деп күмәнсіз қабылдау.

Муқаллид – ол, ижтихад жасауға шамасы мен білімі жетпегендіктен мужтахидке тақлид жасаушы.  

2. Ижтихад деген не және мужтахид деген кім?

Ижтихад – бұл шариғаттың төрт негізінен: Құран, Сүннет, ижмаъ (ғалымдардың бірауыздан келісуі) және қияс (Құран мен Сүннеттің айқын дәлеліне сүйене отырып шешім қабылдау)шешім шығару. 

Мужтахид – бұл ижтихад тәсілдерін пайдалана алатын білімі бар ғалым. 

3. Тақлидты тәжірибедегі мысалмен түсіндіріп беріңіздерші?

Әрбір ғылым саласында тақлид шарты жатыр, яғни беделді қызметкердің пікірін шүбә келтірместен қабылдау. Мысалға, медицинаны меңгеріп жатқан адам өзінің білім дәрежесі жоғары деңгейге көтерілгенше ешбір маманның ойына қарсы келместен барлығын қабылдайды. Бұл салада білімі жоқ адам немесе әлі білімі жетілмеген адам медицина саласында ешқандай да шешім қабылдай алмайды. Тіпті заңгерлік білімі бар болса да. Сондықтан да білікті заңгер болсын, мықты инженер болсын барлығы да медицина саласында тек қарапайым муқаллид бола алады.
 
4. Ғалымның мужтахид дәрежесіне жеткенін қалай анықтайды?
 
Ғалым Шариғаттың төрт негізін: Құран, Сүннет, Ижмаъ және қиясты түсінуде ең жоғары дәрежеге қол жеткізген кезде, сондай- ақ өзге де қосымша рухани жетілу жолындағы ғылым саласын меңгерген кезде ғана ол ғалымды мужтахид деп атауға болады. Бұл ғалымдардың мына сөздерімен қуатталады:

a) Имам әш-Шафиғи (ол кісіге Алла разы болсын) былай дейді: «Исламда Алланың кітабын білетін, күші жойылған, қайсысы жоюшы (насых және мансух) аяттарды білетін, мағынасы ашық және жабық (мухкам және муташабих) аттарды білетін, олардың тәпсірін білетін, қай аят Мәдинада, қай аят Меккеде түскенін білетін және олардың түсу себебін білетін адамнан басқа адамның пәтуа беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар, ол адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін білуі керек. Қай хадистердің күші жойылған, ал қайсысы жоюшы деген секілді Құран аяттарын білгендей Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін де жақсы білуі тиіс. Сондай- ақ ол адам араб тіліне қатысты әртүрлі ғылым саласын, араб поэзиясын және өзге де Шариғат пен Құранға қатысты ғылым салаларын білуі тиіс. Сонымен бірге, ол шыншыл, әділ және аз сөйлейтін әрі ортаға қойылған таластан хабары бар және де дарынды әрі қабілетті болуы шарт. Егер адамның бойында осы қасиеттер болса, ол адам ненің харам, ненің халал екендігін анықтап пәтуа бере алады. Ал кімнің бойында мұндай қасиеттер табылмаса, оның пәтуа беруге құқығы жоқ».2

Хафыз Ибн Әбдил Барримам Шафиғидың осы сөздерін жазып алып, бұл сөздер өзге де ғалымдардың сөздерімен қуатталған соң мужтахидке мынандай талаптар қосқан:

1) Мұнымен қоса ол ғалым Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолын жақсы білуі қажет.

2) Ғалым Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дін түсінігін жеткізген сахабалардың да өмірлерін мурсәл 3 және муттасыл 4 хадистерді ажырата алатындай білуі қажет. Және де ол сахабалардың өмір жолы мен олардың адамгершілік қасиеттері жайлы деректерден де хабары болуы тиіс.  

3) Ғалым кісі сахабалар, одан кейін келгендер секілді хадис жеткізушілердің өмірін оқытатын ғылым саласын сенімді рауидан күмәнді рауиды ажырата алатын дәрежеде жақсы меңгерген болуы тиіс.5

Ескерту :

Имам Жәләлуддин әс- Суюти (4/185) өзінің Құран ілімі  жайлы жазған «Әл- Итқан» еңбегінде жоғары дәрежедегі Құран тәпсіршісі болу үшін қойылатын талаптарды келтірген. Бұл еңбекте мыналар келтіріледі:

«…Ғалымдар былай деген: Құранды тәпсірлеу – тәпсірге  қажет өзге ғылымдарды жақсы меңгерген адамдарға ғана рұқсат. Ол ғылымдар он бес түрлі:

1) Араб тілін білу. Имам Муджахид былай деген: «Аллаға және Қиямет күніне иман етпеген жанға егер ол арабтардың сөздерін жоғары дәрежеде талдай алмайтын болса, Құранға қатысты мәселеде пікір айтуға рұқсат жоқ». Ол адам тек бірнешеуін ғана біліп қоюы жеткіліксіз. Себебі, ол сөздің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Егер ол бірнеше мағынасын білетін болса, өзге мағыналары тұспалданады.

2) Синтаксис… 

3) Морфология… 

4) Этимология…

5,6,7) Семантика ғылымы, стилистика, поэтика – риторикамен тығыз байланысты, метафораны қолдануды талап ететін үш ғылым. Ғылымның бұл үш түрі Құран тәпсіршісіне өте қажетті өнер түрі- шешендік өнердің бөлімдері болып табылады. Себебі кез келген сөз әдеби тілмен жетер боса ұғынықты болары сөзсіз. Синтаксисті, тілді және Ислам құқығын (фиқһты) меңгерген кез келген адам Құранды тәпсірлей алмайтынын да ұмытпаған жөн…

8) Қырағат – Құранды әр түрлі мақамда оқу тәсілі... оның көмегімен көп мағыналы сөздер мен тіркестерден бір ғана мағына шығаруға болады.

9) Ақида – сенім негізі жайлы ғылым...

10) Усул фиқһ – Ислам құқығының негіздері  …

11) Құран аяттарының түсу себебі...

12) Күші жойылған және жоюшы аяттар...

13) Ислам құқығы (фиқһ)

14) Қысқа және мағынасы көмес аяттарды түсіндіруші хадистер.

15) Алла берген ілім. Бұл Алла Тағаланың білгенімен амал еткен адамға беретін ілімі…».

б) Тағы да бір оқиға имам Ахмад ибн Ханбалдың басынан өткен. Ол мужтахид атану үшін хадис ілімі саласында жоғары білімді екенін көрсете білді:

Бірде бір адам имам Ахмадтан сұрайды: «Егер адам 100 000 хадисті жатқа білетін болса, ол адамды Фақиһ деуге бола ма?» Имам Ахмад: «Жоқ»,- деп жауап береді. Әлгі адам тағы: «Ал егер 200 000 хадис білсе ше?» Имам тағы да: «Жоқ»,- дейді. Әлгі адам: «Ал егер 300 000 хадис білсе?» Имам тағы да: «Жоқ»,- дейді. Әлгі адам тағы да: «Ал егер 400 000 хадис білген болса ше?»,- деген кезде имам қолымен ымдап, бәлкім осы кезде ғана ол адамды фақиһ деуге болады және де ол өз бетінше пәтуа бере алуы мүмкін дегенді көрсетті. 6

Ескерту

Осы оқиғаны еске алған соң шейх Ибн Таймия мен Ибн әл- Қайим ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Шакилиәнің сөзін келтіреді:

«Жәми әл- Мансур мешітінің мүфтиі болып тағайындалған кезімде имам Ахмадпен болған осы оқиғаны айтып бердім. Сол кезде бір кісі маған: «Сен осындай лауазымда отырып алып, пәтуа беру үшін соншалықты хадисті де білейсің!»,- деп айқайлады. Мен оған: «Талап етілген хадистің санын білмесем де, мен осы орында отырып, 400 000 хадистен де көп хадис білген имам Ахмадтың мәзһабына сәйкес пәтуа шығарып бере аламын»,- деп жауап бердім.

Ибн Таймийә бұған былай деп пікір қалдырған: «Мүфти өзінің имам- мужтахидының пікіріне негіздей отырып пәтуа шығарған кезде, оның сенімді ілімге сүйенгені талас тудырмайды. Шын мәнінде ол имамнан жеткен пәтуаны беріп отыр, сондықтан да ақиқи ілімнен оны алып тастауға болмайды».7

в) Ижтихад жасау үшін қойылған талаптар жайлы көптеген үлкен ғалымдардың сөздері келтірілгеннен соң шейх Мұхаммад Әууәмә былай деп қосады:

«…осылардан тыс мына нәрселер талап етіледі: жақсы амалдар, құлшылықтағы табандылық, тақуалық, пайдасыз нәрселермен айналыспау, дүниені тәрк ету, жан дүниенің тазалығы және бойынан Исламның жақсы қасиеттері табылу 8. Нағыз имам осындай болуы қажет».9 

Мұны нақтылау үшін шейх өзге ғалмдардан дәйексөздер мен бірнеше мысалдар келтіреді:

«Имам Мәлік былай деген: Мен Меккеге екі рет қажылыққа барғанымда Аюб әс- Сахтиәниді көрдім, алайда ол адамнан ешқандай хадис жазып алмадым. Үшінші рет қажылық сапарына барғанымда мен ол кісіні Зәм- зәм бұлағының жанында отырғанын көрдім. О кісі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) атын естісе болды жылай берді. Мен оның халін жүрегіммен сезіндім. Оның осы бір Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген орасан зор махаббатын көргеннен соң барып қана, ол кісіден хадис алдым.10
 
5. Мужтахид немен айналысады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін шейх Мұхаммад Әууәмнің «Әдәбул Ихлитәф» еңбегінен үзінді келтіреміз. (44-46 б.):

«… бұл сұрақ бойынша усул (ислам құқығы негіздері) және фақиһ ғалымдар талас тудырмайтын сұрақтарға ғана ихжтихад жасалады деп бір ауыздан келіскен».

«Сондай-ақ дәлелдер 4 санатқа бөлінетіні баршаға белгілі, олар:

1. Сенімділігі және мазмұны талас тудырмайтын

2. Сенімділігі мен мазмұны күмәнді

3. Сенімділігіне талас жоқ, бірақ мазмұны күмәнді

4. Мазмұнында талас жоқ, сенімділігі күмәнді дәлелдер

Осыдан біз ижтихад соңғы үш санатқа жасалады деген шешім шығарамыз. Дәлелдер сенімділігі мен мазмұны жағынан да талас тудырмайтын 1- санатына келер болсақ, ол заңды түрде ижтихадтың айналасына кірмейді. Себебі ол жерде талассыз дәлелдерге сүйену барысында ешқандай пікірлердің таласы жоқ. Ибн Абидин айтқандай: «Талассыз дәлелдің сенімділігі мен мазмұнына қарама- қайшылық – күнә ғана емес, күпірлік болып табылады»

Шейх Мұхаммед Әууәма хафыз Ибн Таймия мыналарды қосқан деп айтады: «... бұған (ижтихадтты қажет етпейтін сұрақтар) Үмметтің алғашқы буындары келіскен мәселелер де кіреді. Бұл бізге ғалымдардың бір ауыздан келісуі,яғни ижмаъ ретінде белгілі. Ғалымдар ижмаътың талас тудырмайтын әрі оған қарсы шығуға болмайтын дәлелдер екендігіне бір ауыздан келіскен».
 
6. Мужтахидтер тек қана төртеу ме?

Жоқ, Исламның алғашқы ғасырында жүздеген мужтахидтер болған.
 
7. Солардың танымалдарын атап беріңізші?


Ең әйгілі мужтахидтер – Ибрахим Нахаи, Суфиян Сәури, әл-Аузаи, Әбу Саур, Исхақ ибн Рахауәйһ, Уәки ибн Жаррах, Ләйс ибн Саад және басқалар.

 

1. Пәтуа – Ислам шариғатына негізделіп шығарылған шешім. Пәтуа берумен белгілі ілім дәрежесі және діни түсінігі бар арнайы маман айналысады.
 
2. Шейх Мұхаммед Әууәмнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз. 178 бет
 
3. Мурсәл– Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тізбектегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдындағы жеткізушісі аталмастан табиғиндер жеткізген хадисі.
 
4. Муттасыл – тізбегінде үзіліс болмай жеткен хадис түрі.
 
5. Шейх Мұхаммад Аууәмәбұл шарттарға пікір білдіреді: «Бұл мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1) Рижәл (жеткізушілер); 2) Жарх уәтәдлил– жеткізушілерді қабылдау және тәрк ету ілімі. Бұл екі ғылымды меңгеру шариғат ілімін үйреніп жүрген жанның біраз уақытын алуы мүмкін. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 178 бет.
 
6. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 72 бет.
 
7. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 72 бет.
 
8. Алла Тағала Лұқман сүресінің 15 аятында былай дейді: «...Маған құштар адамдардың жолына түс...» («Рух әл-Маани»)
 
9. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 179 бет.
 
10. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 179 бет.
АВТОР ЦИКЛА
Мәзһаб ұстану не үшін қажет
Әбу Усама Айюб ибн Мауләна Мұхаммед
Автор:
ӘБУ УСАМА АЙЮБ ИБН МАУЛӘНА МҰХАММЕД
Мауләна
Список уроков