Циклы Авторы Сортировка

2 бөлім. Иманның белгісі. Тағы мысалдар. Алғышарт.

4 279
2 марта, 16
Иманның белгісі
 
Не де болса, мен әлгі әйелге мынадай сұрақ қойдым:
 
– Сіз Ислам дінін тастап, енді көз алдыңызға келетін пұттарға табынасыз деген оймен келісесіз бе?
 
– Жоқ. Менің әбден мазам қашты. Мен – мұсылманмын. Және өмірімнің аяғына дейін мұсылман болып қалғым келеді, –  деп жауап берді.
 
– Бұл – иманның белгісі, –  дедім мен. –  Егер сізде иман болмағанда, сізге келетін мұндай ойларға Сіз қуанушы едіңіз.
 
Егер адам христиан, яһуди, иудаист немесе атеист болса, ол өзінің сенімі нені талап етсе, соған жайбарақат сеніп, ол үшін абыржымайды. Сол өзінің идеологиясына оның жаман қатынасы болмайды.
Егер христиан біреуден былай деп сұрасаңыз:
 
– Иисус Христос – Құдай, Құдайдың ұлы екеніне және Үшқұдайшылыққа (Құдай, Құдайдың ұлы және Қасиетті рух) қарсы бір ойың бар ма?
 
–  Жоқ, –   деп ол жауап беруші еді. – Бұл менің сенімім,әрі мен оған өте жақсы көзқарастамын. Оның үстіне, егер сіз де менің дінімді қабылдасаңыз, мен қуанар едім.
 
Ал мұсылмандар болса, өздеріне пұттар елестеп, осындай ойлар келіп, шайтанның сыбыры болса, әрине оған түбегейлі разы болмай, мазасы кетеді.
 
Тағы мысалдар
 
Нағыз баскеспе күнәһарлар мен заңға бағынбайтындардың қасында шайтан жүретіні секілді діндар кісілер де шайтанның арбауының құрбаны болып қалатынын біліп қоюымыз керек.
 
Бір кісі өзіне әрдайым Құран қазіргі заманғы мәселелерді шеше алмайтын көне кітап деген ой келе беретінін айтты. (Мұндай пайымдаулардан Алла бізді сақтасын).
 
Бұл адам тіпті Қасиетті Құранды "өзгерткісі" келетін модернді жақтаушылардың қатарында да емес. Ол дінді ұстанып жүрген жас жігіт еді, өзіне мынадай жаман ойлар үнемі келе беретінін айтады:

– Сен сеніп жүрген Қасиетті Құран қазіргі заманауи мәселелерді шешуге дәрменсіз.
 
Бірақ оның айтуынша, ол Құран ілімі барлық замандағы бүкіл мәселелерді шешеді дегенмен толықтай келіседі әрі сенеді.
 
Ал тағы бір кісіні жәннат, тозақ, о дүние, т.б.тек барып тұрған ертегі, ал шын мәнінде жәннат пен тозақ жоқ деген ой мазалап жүр екен. Алайда ол о дүниенің бар екеніне, Қиямет күнінің болатынына, жәннат пен тозақтың барына нық сенеді.

Мен оларға осындай жаман ойлардың келгеніне абыржып, онымен келіскісі келмегендері – иманның нышаны екендігін айттым. Сол үшін қатты уайымға салынып, абыржудың қажеті жоқ.
 
Алғышарт
 
Ібіліс адамды дұрыс жолдан тайдырғысы келеді. Ол Алла Тағаладан осы үшін Қиямет күніне дейін рұқсат алған. Ібілістің оқиғасы жайлы Құран Кәрімде баяндалған. Ібіліс тәрк етілген кезде ол былай деді:
 
"Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрса бер". (Құран, 38:79)

Қиямет күніне дейінгі өмір сүруіне мұрса алған ол бүкіл адамзатқа қастандығын жария етті:
 
"Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын. Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады." (Құран, 38:82-83)
 
"Әл-Аъраф" сүресінде Алла Тағала бізге былайша ескертіп, сақтандыруда:
 
"...расында, Ібіліс – сендерге нағыз дұшпан"
 
35-ші сүреде де біз тағы да Алланың ескертуін көреміз:
 
"Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар"
 
Ібіліс бізге нағыз қас дұшпан болса, демек ол өзінің айтқандарын орындап жүр. Оның берген уәдесі қандай еді?
 
(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді. «Сонан соң оларға алды-артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» деді. (Құран, 7:16-17)
 
Алла Тағала оған жауап ретінде былай деген:
 
“Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады”. (Құран, 15:42)
 
Алла Тағала тағы былай дейді:
 
"Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды". (Құран, 16:99)
 
Осылайша, шәксіз әрі шын ықыласыман Алла Тағалаға иман етіп, Оған толықтай сенген адамдарға Ібілістің ықпалы да, билігі де жүрмейді, өзінің үстемдігін жүргізе алмайды.
 
Шайтан тек оны өзіне дос тұтқан, соған ерген әрі бағынатын адамдарға ғана өз ықпалын жасап, жеңе алады. Егер де біз Ібіліспен дос болсақ, ол бізді міндетті түрде тура жолдан тайдырар еді, ал оның азғырып сыбырлауларының салдарынан әдепсіз, кесірлі және зиянды нәрселерге душар болар едік.
 
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай дейді:
 
"Шынында оның үстемдігі, оны дос тұтып Аллаға серік қатушыларға ғана жүреді". (Құран, 16:100)
АВТОР ЦИКЛА
Шайтани азғыруларды жеңу
Юнус Патель
Автор:
ЮНУС ПАТЕЛЬ
Мүфти
Список уроков