Циклы Авторы Сортировка

2 бөлім. Истихараны дұрыс түсіну. Истихараны қалай орындау керек. Неке қияр алдындағы истихара

5 357
30 января, 16
Истихараны дұрыс түсіну
 
Мавляна Бадр-е-ʼалям Миртхи (оған  Алланың рақымы болсын), Дабхелдегі (Үндістан) жаңарған әл-улюмының бұрынғы әл-хадис шейхы, истихараны дұрыс түсіну жайында ескертуінде, аллям Анвар Шах Кашмиридің (оған Алланың рақымы болсын) «Сахих» Бухариге жазған «Файд әл-Бари» атты танымал түсініктемесіне былай жазған:
 
«…басқаша айтсақ, адамдар жиі оқымыстылардың сөздерін дұрыс түсінбейді, истихара туралы хадистерде уәде бар деп шешіп, истихараны орындаған адамның жүрегі әлдебір шешімге бейімделеді, бірақ истихараны орындаған адам жиі өз жүрегінен ештеме де таппайды. Ендеше хадистер нені білдіреді? Бұл түсініксіз, мен де лайықты түсіндірме таба алмадым...»
 
Мавляна жалғастырады:
 
«… ұлы муфассир және мухаддис аллям Шаббир Ахмед Усманидің жамағатына кезікпегенімше. Оның айналасына жиналған шәкірттеріне мұхиттай білім беріп жатқанын көрдім. Әр жұма сайын жұма намазынан кейін осылай болатын. Бір күні ол бұл тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сол кезде мен шөлімді қандырып, ауыруымның емі табылып, жүрегім жазылды.
 
Истихара туралы хадисте жүректегі бейімділік немесе жүрек қанағаттанушылығы жөнінде ештеме айтылмағандығын түсіндіріп берді. Егер сөз осы жөнінде болса, онда Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бізді Алла Тағаладан жүрегімізді лайық шешімге бұруға дұға жасауға үйретер еді. Бірақ хадисте бұл жөнінд ештеме жоқ.
 
Хадисте Аллаға зияннан қорғап, қандай да болмасын игілікті болжауға өтініш жайлы айтылады. «Мені одан ары қылшы» сөздері (дұғасы) адамның жүрегі оны қатты қалаған жағдайға қатысты (мынаны білдіреді, истихара жасалатын істі адам  қатты орындағысы келсе, онда Алла оның жүрегін бұдан ары қылып, бұл тілек пен бейімділікті жүрегінен алып тастасын). Ал «бұны менен ары қылшы» сөздері жүректе ондай қатты қалаудың болмаған жағдайына қатысты (онда Алла оны болдырмасын).
 
Осылайша, «қорғаныш»  та, «жазмыш» та Алла Тағаламен іске асады, өйткені бәрі де Жалғыз Оның қалауымен болады. Алланың құлы жөнінде айтар болсақ, онда оған дұға жасап, одан кейін ол үшін жақсы болатын өз таңдауын жасау керек. Бұл оған тек жақсы шешімге тауфиқ берілетінін және тек жақсы шешім ғана оған жеңіл болатынын білдіреді. Осылайша, истихара – адамға жақсыны анықтауға көмектесетін амал.
 
Негізіне келер болсақ, мустахир (истихараны орындайтын адам) өзін Алла Тағалаға сеніп тапсырған соң, өз амалын Оған береді, Одан көмек сұрайды, Оның таңдауына разы, Одан зұлымдық пен зияннан қорғап, игілік беруін сұрайды, Алла Тағала оны қабыл алып, оған игілік жазады, залалдан сақтап, оны қамқорына алады.  Осыдан кейін, адам қандай да таңдау жасамасын, оның игілігіне болады, тіпті адамның жүрегі оны қаламаса да». 
 
Алляма Мурада Забиди (оған Алланың рақымы болсын) «Ихья улюм ад-дин» түсініктемесіне былай жазады: «Аш-шейх әл-Акбар (куддиса сирруху) (яғни алляма Ибн аль-Араби) айтқан: «Сәлемнен кейін ол берілген дұғаны оқуы керек. Әр маңызды істің алдында осылай жасау керек. Одан кейін ғана ол іске кірісу керек. Егер ол істен адамға қайыр болатын болса, Алла оның орындалуын жеңілдеттіреді, іс жүзеге асады, қорытындысы күш жігерге сай болады. Егер адамның ойлағаны жүзеге аспай, ол өз мақсатына жете алмаса, онда Алланың оған деген таңдауы осы екенін түсініп, наразылық білдірмеу керек, өйткені нәтижесінде, ойға алған істің жүзеге асқан, аспағанына қарамастан қорытындысы жақсы болады».
 
Мухаддис Фадлюллах Хайдрабади (оған Алланың рақымы болсын) имам Бухаридің (оған Алланың рақымы болсын) «Әл-Әдеп әл-Муфрад» түсініктемесіне былай жазған: «Адам истихараның 2 рәкәтін орындаған соң, санасына не келсе соны жасауы керек, жүрегінің қалауы осы болса да болмаса да».
 
Шейх Хайдрабади жүректің қанағаттануы жөнінде осылай айтады: «Бұл Алланың Рақымымен болды,  қажет деп саналмайды әрі әрқашан іске аса бермейді. Истихара намазы қажет  (мустахабб), тіпті адам шешім қабылдап қойса да, өйткені айтылып өткендей, истихара намазы – бұл ғайыпты білу амалы емес, тек жасынды Білетінге және барлық биліктің Иесінен жақсысын берсін деп бой ұсына сұрау ғана».
 
Истихараны қалай орындау керек
 
Жәбір, оған Алла разы болсын, былай айтқан: «Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бізге Құран сүрелерін үйреткендей, барлық істер жөнінде истихара орындауды да үйретті. Ол айтқан: «Кімде-кім әлдебір іс жасамақ болса, оған екі рәкәғат нәпіл намаз орындау керек (яғни, истихараға ниет етілген 2 қажет (нәпіл) рәкәт). Одан кейін ол мына дұғаны айтуы керек:
 
اللهم إني أستخيرك بعلمك وأستقدرك بقدرتك وأسألك من فضلك العظيم فإنك تقدر ولا أقدر وتعلم ولا أعلم وأنت علام الغيوب
اللهم إن كنت تعلم أن هذا الأمر خير لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري
فاقدره لي ويسره لي ثم بارك لي فيه(أو عاجل أمري و اجله )
وإن كنت تعلم أن هذا الأمر شر لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري
(أو في عاجل أمري و اجله)
 فاصرفه عني واصرفني عنه واقدر لي الخير حيث كان ثم ارضني به
 
 
«Иә, Алла, Сенің Білімің арқылы Сенен өзіме қайырлысын/жақсысын іздеймін, Сенің Құдіретің арқылы Сенен қабілетілік  іздеймін, Сенен Сенің ұлы Жомарттығыңды сұраймын. Өйткені, расымен, Сенде Құдірет бар, менде жоқ; Сен бәрін Білесің, мен білмеймін  және Сен ғайыпты Білесің.
 
Иә, Алла! Егер, Сенің Құзырыңда, бұл іс менің өміріме, менің істерімнің нәтижесіне (жақын және келешектегі), менің дініме және мен үшін қайырлы болса - онда оны маған бұйыра гөр, оны маған жеңілдет әрі сол арқылы маған қайырым ет. Бірақ егер, Сенің Құзырыңда бұл іс - менің өміріме, менің істерімнің нәтижесіне (жақын және келешектегі), менің дініме және үшін қайырсыз болса, онда оны менен аулақ етіп әрі мені одан аулақ ет, қайда болмасын маған игілік беріп, мені оған разы болдыр!».
 
Ескертулер:
 
1. Мулла Әли Кари (оған Алланың рақымы болсын) хадистегі «Құрандағы сүрелерді үйреткеніндей» деген сөздер бұл дұғаның маңыздылығын көрсетеді деп атап айтқан. 

Алляма Ибн Хаджар әл-Аскаляни (оған Алланың рақымы болсын) бұл теңеудің мағынасы (истихараны Құранның сүресімен) сүреге де, истихараға да адам қатты зәру деп айтады. Намаз оқуға адамның сүрені жаттағаны сияқты, өзінің барлық істеріне бұл дұғаны жаттап алуы керек дегенді білдіреді.

2. Хафиз Ибн Хаджар хадистің соңғы «و يسمي حاجته» (ол өзінің қажеттілігін белгілеу керек) сөздеріне қатысты былай жазған, оның нағыз мағынасы — іс ауызша белгілену керек болған. Бұл жағдайда оны дұғадан кейін айту керек. Бірақ адам өз қажеттілігін есінде ұстап, дұға оқығанда ол туралы ойлап тұруы керек  дегенді де білдіруі мүмкін деп жазады ол. Мулла Әли Кари соңғы пікірін дұрыстау көрді, Алляма Бадруддин ʼАйни (оған Алланың рақымы болсын), керісінше, қажеттілік мына сөздерді «أن هذا الأمر»  оқығанда білдірілуі керек бірінші пікірге өзінен қоса отырып тоқтаған.
 
3. Кейбір риуаяттарда «و أرضني به» мына сөздердің орнында «و رضني به» мына сөздер тұрады. Еке түрі де дұрыс әрі мағынасы бір.
 
Неке қияр алдындағы истихара
 
Әбу Айюб Ансари Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай айтқан деп жеткізген:
«Ұсынысыңды жасырып, дәрет алып, содан кейін Алла Тағала саған қанша рәкәт жазса, сонша рәкәт орында. Рәкәттарыңды бітіріп, Жаратушыңды дәріптеп, мадақтап былай айт: 
 
اللهم إنك تقدر ولا أقدر وتعلم ولا أعلم وأنت علام الغيوب
فإن رأيت أن في (فلانة) خير لي في ديني و دنياي و آخرتي فاقدرها لي. و إن كان غيرها خيرا لي منها في ديني و دنياي و آخرتي فاقدرها لي.

«Иә Алла, шынында, Сенде Құдірет бар, ал менде жоқ; Сен бәрін білесің, ал мен білмеймін, әрі сен ғайыпты білесің. Егер Сенің Біліміңде менің дініме, менің  бұл дүниедегі және мәңгілік өмірдегі амалдарыма қайырлы болар іс  болса, онда оны маған бұйыра гөр».
 
Ескерту:
 
1. Жоғарыда келтірілген хадистегі  «ұсынысыңды жасырып» деген сөздер истихараны үйлену ұсынысының алдында орындау керек, шешім қабылданғанша оны басқаларға айтудың қажеті жоқ дегенді білдіруі мүмкін. Бұл қыздың арын қорғайды, сондай-ақ, қызғаныштан сақтайды және т.б.
 
Ер адамдарға әйелге ұсыныс жасамай тұрып истихара орындау керек. Әйелдерге де истихараны күйеу жігітті қабылдар алдында орындаулары керек. Тәжірибеде бұрыннан дәлелденген, егер истихара кездесуге дейін орындалса, онда адам басынан бастап өсиет алады. Ер адамдарда қабылданған әдет - үйленуге ұсыныс жасағандарынан соң ғана истихараны орындауы дұрыс емес. Нәтижесінде қажеттіліксіз ер адамдар көптеген қалыңдықтарды қарастырады. Бұл әйелдерді машақатқа түсіреді, олар көптеген күйеу жігіттерге беттерін ашады (бұл жерде никаб киетін әйелдер айтылып отыр), ал олар болса кейін үйленуден бас тартады, өздерін истихара шықпады деп ақтай сөйлеп.
 
2. Жақшаның  ішіндегі (فلانة) сөзді ойлаған қалыңдықтың есімімен алмастыру керек.
 
3. Егер истихараны әйел жасайтын болса, онда дұға былай айтылады:
 
اللهم إنك تقدر و لا أقدر و تعلم و لا أعلم و أنت علام الغيوب. فإن رأيت أن في (فلان) خيرا لي في ديني و دنياي و آخرتي فاقدره لي. و إن كان غيره خيرا لي منه في ديني و دنياي و آخرتي فاقدره لي
АВТОР ЦИКЛА
Сүннет аясындағы Истихара
Әбу Усама Айюб ибн Мауләна Мұхаммед
Автор:
ӘБУ УСАМА АЙЮБ ИБН МАУЛӘНА МҰХАММЕД
Мауләна
Список уроков