Циклы Авторы Сортировка

2 бөлім Мауләнә Ахмад Халиль Сахаранпури,

4 817
2 июля, 15
11. Әзірет әдетте тәхәджудта екі пара оқитын. Уақытына байланысты, кейде одан да көп, кейде сәл азырақ оқитын.

Ол «Бәзәл әл-мәджхудты» (бұл – Әбу Даудтың «Сунанына» шарх. Оны мәуләнә Ахмад Халил Сахаранпури жазған. Мәуләнә Зәкәрия ұстазына сол кітапты жазуға көмектескен) жазу кезінде Құрандағы аяттар басқаша ретпен келген хадиске жеткенде маған былай деді: «Осы аяттарды жазып ал. Бүгін тәхәджудта осы аяттарды осындай реттілікпен оқымақпын».

Мен шейхуль-Хинд Мәуләнә Махмуд әл-Хасанның үтірден кейін екі рәкағат нәпіл намазды отырып оқығандығын естідім. Біреу одан: «Әзірет, намазды отырып оқығанның сауабы екі есе кемімей ме?» − деп сұраған. Сонда ол: «Иә, бауырым. Бірақ, сол амалдың сауабы екі есе кем болса да, менің жүрегім Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңынан ілесуге асық», − деп жауап берген екен.

Менің ойымша (бұл − шейх Зәкәрияның сөздері), қағидаға сәйкес, нәпіл намазды отырып оқығанға жарты сауап қана берілетіндігіне қарамастан, егер ол Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген асқақ махаббатпен әрі барлық нәрседе оған ілесуге деген шын ықыласпен оқылса, онда оның сауабы тұрып оқылған нәпіл намаздың да сауабынан артық болады.

12. Әзірет жыл мезгіліне байланысты таң атардан екі немесе үш сағат бұрын тұруға тырысатын. Сәресін таң атпастан шамамен жарты сағат бұрын ішіп бастайтын. Сөйтіп, 15-20 минут аралығында ішіп болатын. Әдетте ол сәресін ішуді таң намаздан 15 минут бұрын аяқтайтын.

13. Әзірет сәресіне немесе ауызашарға белгілі бір тағам түрін жемейтін. Кейде сәресіне палау берілетін, бірақ, ауызашарға ешқашан палау берілген емес.

Авторға келер болсақ, мен денсаулығым көтерген кезде палау жеуге тырысатынмын. Соңғы он жылда қонақтардың саны артқандықтан, ауызашарға палау мен басқа да тағамдар берілетін болды.

Әзіреттің үйінде қашанда жаңа піскен нан болатын. Оған қоса, әзіреттің үйінде шай ішу дәстүрі болды. Автордың өзі сәресіне шай ішпейтін, өйткені, таң намазынан кейін ұйықтайтын.

14. Рамазанда әзірет таң намазын Рамазаннан тысқары уақыттан 10-12 минут ертерек оқитын.

15. Әзірет бір жыл бойы барлық уирдтерін таң намазын оқи салысымен жасайтын. Қыстың қақаған суық күндерінде бөлмесінде жасайтын. Жаздың аптап ыстық күндері уирдтерін медреседе жасайтын. Сонымен қатар, сол уақытта муракабамен айналысатын.

Ол күн шыққаннан кейін «Сахих әл-Бұхари» мен «Сунан әт-Тирмизи» бойынша сабақтарымен айналысатын. Хижра бойынша 1335 жылдан кейін сол уақытта түскі 11 немесе 12-ге дейін «Бәзәл әл-Мәджхуд» кітабын жазуға ден қоятын болды.

Әзірет Рамазан кезінде ишрақ намазын оқыған соң бір сағатқа жуық уақыт тынығатын. Ол «Бәзәл әл-Мәджхуд» бойынша ыстық күндері бір сағатқа шамалас, суық күндері 12 сағатқа жуық уақыт сабақ жүргізетін. Ал, бесіннен кейін дем алатын.

16. Рамазанда әзірет тарауық намазын өзі өткізетін. Қайтыс боларына шамамен екі жыл қалғанда өткізбейтін болды. Бесіннен кейін тарауықта оқылатын параны хафиз Мухаммад Хусейннің алдында қайталайтын. Хафиз Мухаммад Хусейн сол үшін арнайылап Сахаранпурға келетін. Егер хафиз әлдеқандай себеппен келе алмаса, әзірет ол параны менің алдымда оқитын. Мен қажылықтан оралғаннан кейін және «Бәзәл әл-Мәджхудке» қатысты жұмыс аяқталғаннан кейін әзірет әйеліне бір параны оқып беретін болды. Содан соң сол параны әууәбин мен тарауық намаздарында оқитын.

17.Мен әзіреттің Құранды кітапқа қарап оқығанын көп көрген жоқпын. Әдетте ол үнемі жатқа оқитын.

18. Әзіреттің сырқаттан әлсіреп, дәрмені тайған өмірінің соңғы екі жылын қоспағанда, Рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кірмеген кезін көрген емеспін.

Әзірет иғтикаф кезінде де «Бәзәл әл-Мәджхуд» кітабын жазуын тоқтатпайтын. Мешітте әзіретке арнап бір жер бөлінетін, сол жерге оның зерттеулеріне қажетті кітаптарды әкеліп беретін. Әзірет кітаптардан қажетті мағлұматтарды алып болғаннан кейін оларды кітапханаға қайтып апарып қою менің міндетім болатын.

Әзіреттің Рамазанның соңғы 10 күнінен басқа уақытта иғтикафқа кіргенін көрген емеспін.

19. Мен әзіреттің Рамазанның соңғы 10 күніндегі құлшылығы мен айдың қалған күндері жасаған ғибадатының арасындағы айырмашылықты көрмедім. Тек сәл өзгешелігі, соңғы он күнде ол сәл ертерек тұратын. Сонымен қатар, мен әзірет Сахаранпури мен Әшраф Әли Сәнуидің өмірлерінің арасында ешқандай айырмашылық болмағандығын «Рамазанның құндылықтарында» айтып кеткен болатынмын. Шейхуль-Хинд мәуләнә Махмуд әл-Хасан мен мәуләнә Әбдул-Қадир Райпуридің құлшылықтарының арасында таң қаларлық айырмашылық бар болатын. Олар Рамазанда анағұрлым көбірек ынта танытатын.

20. Әзірет Рамазанда газет оқуды тоқтататын. Ол өмірінің соңғы жылдарында бос уақытын не менің әкемнің алдында Құран оқумен, не Алланы зікір етумен өткізді.

Егер мүридтерінің бірі сұрақ қойғысы келсе, оған жауап беріп, уақытын бөлуге әрдайым дайын тұратын.

Біздің үйге бесіннен кейін анамның алдында Құран оқу үшін әйелдер жиналатын. «Пард» (ерлер мен әйелдердің араласпауы) мәселесінің қатаң болғаны соншалық, мен сол уақытта үйіме кіре алмайтынмын. Жоғарғы қабатты түгелдей әйелдер алып отыратын, ал, төменгі қабатта ас үй бар болатын, ол жерде үнемі тамақ пісіріліп жататын.

Оның соңғы Рамазаны есіме келді... Ол бір шыны шай мен кішкентай ғана нан тілімін жейтін. Әлсіздігіне қарамастан, оның бүкіл күні Құранға арналатын.

Сол соңғы жылда ол таң намазынан кейін бір пара оқып отырды. Содан кейін ақшам намазынан соң әууәбин намазында бір пара оқитын. Харамда тарауықты Саййид Ахмад Сахибтің медресесінде қари Мухаммад Тауфиққа ұйып оқыды. Бұл қари Мәдинада тәжуидтен ұстаз еді. Ол тарауықта екі параны өте баяу оқып шығатын. Шаршағандығына қарамастан, тарауықты асықпай, баппен оқитын.
АВТОР ЦИКЛА
Ғалымдар Рамазан айын қалай өткізген
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков